Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-09-161515454335 %65 %
2019-09-171646515737 %63 %
2019-09-18968352044 %56 %

Нұртас Оңдасынов туралы фильм көпшілікке жол тартты



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 18:24 - 2019/09/11


Нұртас Оңдасынов туралы фильм көпшілікке жол тартты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Youtube  желісінде Нұртас Оңдасынов туралы «Биліктен биік тұлға» деректі фильмі пайда болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Алыптар» сериясымен түсіріліп жатқан деректі фильмдер топтамасының бұл жолғы саны Нұртас Оңдасыновқа арналыпты. Фильмнің авторы - Назгүл Әбутұрапова. 2015 жылы түсіріліп бастаған туындының көпшілік назарына жол табуына Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы атсалысқан. Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары Зауытбек Тұрысбеков «Биліктен биік тұлға» фильмінің идеясын ұсынып, түсірілімге қолдау көрсеткен.

«ХХ ғасыр алыптарының ішінде Нұртас Оңдасыновтың өз орны бар. Фильмде тарихи тұлғаның қызмет жолы мен елдік жолындағы күресі  ерекше толғаныспен баяндалады», - дейді қауымдастықтың баспасөз хатшысы Сырымбек Төлеуұлы.


Оның айтуынша, «Алыптар» топтамасына «кісендеулі жолбарыс» атанған Жұмабек Тәшенов, Қаныш Сәтбаев, Шахмардан Есенов, сондай-ақ Оспан батыр Сіләмұлы сияқты тұлғалар туралы фильмдер енген.

Сонымен қатар, небәрі 29 жасында В.Ленинге дейін барып, 5,5 млн қазақ тұрып жатқан жер аумағын бекіттірген Әлімхан Ермеков пен Алаш көсемдері туралы фильм түсірілмек.



Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1046737
Пікірлер

Көрші сілтемелер