Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-09-171646515737 %63 %
2019-09-181453485241 %59 %
2019-09-1920955644 %56 %

Абай туралы телесериал түсіріледі - Astana Media Week



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Ұлыт торабы

Жолданған уақыты: 18:10 - 2019/09/11


Қазақтың бас ақыны Абай туралы телесериал түсіріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрағасы Ләззат Танысбай Astana Media Week апталығында мәлімдеді.

«Жақында ғана «Абай» сериалына конкурс жарияладық. Әлбетте, бұл өте зор жауапкершілік болғандықтан бұл сериалды түсіруден жасқаншақтап отырған жайымыз бар. Конкурсқа алты компания ғана өтініш білдірген. Оның тек біреуінде ғана тарихи сериал түсіру тәжірибесі бар екен. Бұл бәріміз үшін үлкен проблема. Бәріне яғни, тәжірибе керек», - деді телекорпорация басшысы «Қазақстандағы кино мен сериалды дамыту» панельдік сессиясында.

Оның айтуынша, сериал келесі жылдың соңына дейін эфирге шығуы тиіс.

«Сериалды кім түсіретіні әлі белгісіз. Бірақ, сценарийге тапсырыс бердік. Актерлер кастингі де үлкен жұмыс, тапсырыс берушіге яғни, телеарнаға бірнеше адамды ұсынады. Олардың арасынан сәйкес актер бекітіледі. «Абай» сериалында бірнеше бас кейіпкер болуы мүмкін, себебі Абайдың балалық, жастық және ересек шағын қамтуды жоспарлап отырмыз», - деді Л. Танысбай.

Бұған дейін Ләззат Танысбай отандық сериал өндірудегі басты мәселелерді атаған болатын.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=53&id=1046729
Пікірлер

Көрші сілтемелер