Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-09-161515454335 %65 %
2019-09-171646515737 %63 %
2019-09-18968352044 %56 %

Алматыда өзін полицеймін деп таныстырған алаяқ ұсталды



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 18:03 - 2019/09/11


АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда өзін ішкі істер органдарының қызметкерімін деп таныстырған, алаяқ ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Баласын ұрып талдырған әке сотталды Ақмолада жарылғыш зат саудалаған күдікті ұсталды Ақмолада мұнай өнімдерінің заңсыз айналымы анықталды

Өзін полиция қызметкері ретінде таныстырған алаяқ Алматының  33 жастағы жұмыссыз тұрғыны болып шықты. Ж. деген әйелден баласына қатысты сотқа дейінгі тергеуді тоқтату үшін 1 миллион теңге сұраған.

«Бұл әйелдің ұлына  күдікті ретінде қылмыстық іс қозағалып, тергеу жүріп жатыр. Бұл туралы алаяқ таныстары арқылы  білген. Ол біреудің басына түскен жағдайды өз пайдасына шешпек болған. Күдіктінің анасына қоңырау шалып, өзін полиция қызметкері ретінде таныстырған. Алаяқ әйелге баласын  қылымыстық жауапкершіліктен құтқаруға болатынын айтып сендірген. Бұл қызметі үшін ол әйелден қомақты қаржы талап еткен », - дейді  Алматы қалалық ПД Ішкі қауіпсіздік басқармасының бастығы Айдын Қабдулдинов.

Бейтаныс адамнан күдіктенген әйел дереу Алматы қалалық ПД ішкі қауіпсіздік басқармасына арыз түсірді. Ақпаратты тексергеннен кейін оның  ішкі істер органдарының қызметкері емес екені анықталды.

«Бұл факт сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде  ҚРҚК 190 бабы «алаяқ» бойынша тіркелді. Күдікті  Ж. қатысты полиция қызметкерлері жедел және арнайы іс-шаралар өткізді. Ақша алу фактісі қаладағы дәмханалардың бірінде тіркелді. 990 мың теңге көлемінде ақша алған күдікті қылмыс үстінде ұсталды», - деді Қабдулдинов.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1046727
Пікірлер

Көрші сілтемелер