Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-09-2010832600477 %23 %
2019-09-21812349637 %63 %
2019-09-22286107638 %62 %

Арыста әйел адам көршісінің атына 3 рет несие рәсімдеген - Қазақстан және әлемдегі соңғы жаңалықтар



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: 24.kz ақпарат

Жолданған уақыты: 16:20 - 2019/09/11






Арыс қаласының тұрғыны көршісін алдап, оның атына 3 рет несие рәсімдеген.

Осылайша күдікті әйел оған 700 мың теңгеден астам шығын келтірген. Бұл жайында Түркістан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлап отыр. Арыс аудандық ішкі істер бөліміне жергілікті тұрғындардың бірі келіп, банк карточкесіндегі қомақты қаржының жымқырылғандығы жайлы арызданған. Жедел жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде күдікті ұсталды. Анықталғандай, оның төленбеген несиесі болғандықтан банк карточкасындағы ақшасын пайдалана алмаған. Сондықтан арам ойын іске асыру үшін көрші әйелді пайдаланған. Яғни алаяқ келіншек көршісінің банк карточкасына танысы ақша салатынын, сосын өзі шешіп алатынын айтып өтінген. Осылайша жалған сылтаумен жәбірленушінің құпия кодын, деректерін біліп алып, 3 банктен 300 мыңнан астам теңгеге онлайн-несие рәсімдеген. Сондай-ақ, жәбірленушінің шотында тұрған жүктілік кезінде берілетін бір реттік жәрдемақысы, яғни 400-мыңнан астам ақшасын ұялы телефон арқылы басқарып, өз пайдасына жаратқан. 

Салтанат Қаракөзова, облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі:

- Қазіргі таңда күдікті азаматшаға байланысты ҚР ҚК 190-бабымен алаяқтық жасағаны үшін сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу барысында боған оқиғаның мән-жайы анықталады.

Қостанай облысында  жеңіл автокөлік өртенді. Машина отқа оранғанда ішінде  жалғыз кішкентай сәби болған. Автокөлік Затобол кентіндегі сауда орталығының  қасында тұрған. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер 20 минуттың ішіндеқызыл жалынды өшірді. Алайда екі жастағы бүлдіршін  қатты күйік алып үлгерген. Қазір ол облыстық балалар ауруханасында жатыр. Дәрігерлер оның жағдайын тұрақты ауыр деп бағалап отыр. 

Уәлихан Досанов, облыстық ТЖД бас маманы:

- Автокөлік жанып жатқанын бір куәгер көріп, бірден «101» қызметіне хабарлаған. Сол сәтінде баланың әкесі де жетіп, көлік ішінен сәбиді алып шығыпты. Өртті өшіруге 2 техника, 7 адам қатысты. Бастапқы болжам бойынша, оттың тұтануына электр сымдарының тұйықталуы себеп. 

Шымкетте оқушылар арасында болған төбелес кезінде жарақат алған 16 жастағы жасөспірімге алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, ол үйіне жіберілді. Жанжалда атыс болды деген ақпарат расталған жоқ. Бұл жайында қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлап отыр. 9 қыркүйек күні сағат 13:50 шамасында полицияға Теріскей шағын ауданында жастар арасында жанжал туындағаны туралы хабарлама келіп түскен. Бүгінгі күні аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 293-бабы 3-бөлігі бұзақылық бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Әсел Сәденова, қалалық ПД баспасөз хатшысы:

- Қылмыс жасады деген күдікпен екі кәмелетке толмаған жасөспірім уақытша ұстауа абақтысына қамауға алынып, олардан пышақ, шолақ мылтық және травматикалық тапанша тәркіленді. Сондай-ақ полиция басқармасына 17 кәмелетке толмаған жасөспірім жеткізіліп, олардың құқықбұзушылыққа қатысы бар-жоқтығы анықталуда. Жасөспірімдер арасындағы қақтығыс бір-бірін жақтыртпау салдарынан орын алғаны анықталды.  

Жамбыл облысының полицейлері құрамында алтыны бар кен тастарын заңсыз қазумен айналысқан қылмыстық топты  қолға түсірді. Алғашында үш адам, ал екіншісі топтың құрамында төрт азамат болған. Олар Ақбұлым ауылына жақын маңдағы Жамбыл ауданының таулы жерлерінде заңсыз кәсіптерін жүзеге асырған. Күдіктілердің үш бірдей автокөліктерін тінту барысында жұмысқа қажетті барлық құрал-саймандар мен алтыны бар кен тастары бар төрт қапты тәркіледі. Қазір аталған фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 334 –бабы, 1-бөлігі негізінде «Жер қойнауын өз бетімен пайдалану» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. 

Маңғыстауда тәртіп бұзған көлік иесі жол сақшыларын аяғынан тік тұрғызды.  «Шетпе – Сайөтес - Бейнеу» трассасында жол ережесін бұзған «Тойота Камри» автокөлігінің жүргізушісі, полицейлердің тоқта бұйрығын елемей қашып кетпек болған. Салдарынан тас жолда қуғын ұйымдастарылды. Соңында полицейлер тоқтатты. Заңбұзушыға қатысты екі бірдей әкімшілік хаттама толтырылды.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=38&id=1046661
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар


Мына суреттің тарихы 11 min
Осы араны басып көріңіз 16 min
Мәжіліс төрағасы қытайл 17 min
Осы араны басып көріңіз 26 min
Нұр-Сұлтан-2019: Қазақс 1 sagt
Поэзия мен музыканы жаң 1 sagt
Павлодардан елордаға ұш 1 sagt
Кәкімжан Қазыбаев жайл 1 sagt
Теріс діни сенімнің қоғ 1 sagt
Кәкімжан Қазыбаев жайл 1 sagt
Осы араны басып көріңіз 1 sagt
Есть старинный маленьки 1 sagt
Осы араны басып көріңіз 1 sagt
Петропавлда «сақалды» қ 1 sagt
Осы араны басып көріңіз 2 sagt
Актер «Батыр Баян»: Тал 2 sagt
Қызылордада «Қорқыт жән 2 sagt
Нұр-Сұлтан мен Алматыда 2 sagt
Арыс маңында 10 сапер ж 2 sagt
Алматыда «барахолка» та 2 sagt
Бекзат Нұрдәулетов төрт 2 sagt
Адамның жасын нейрон жү 2 sagt
Димаш Құдайберген Нұр-С 2 sagt
Қостанай облысында жемқ 3 sagt
Әуе билеттерінің қымбат 3 sagt
Тоқаев іссапармен Нью-Й 3 sagt
Қазақстанның кей өңірін 3 sagt
Жеңіс Қасымбек ҚР ІІМ-н 3 sagt
Мемлекет басшысы бірқат 3 sagt
Осы араны басып көріңіз 3 sagt