Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-09-14785288944 %56 %
2019-09-151110375335 %65 %
2019-09-1616752240 %60 %

Нұрлан Рамазанов: Әз-Наурыздың Исламмен жеті байланысы – Sunna.kz



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақстан сұннет

Жолданған уақыты: 12:00 - 2019/08/25


Нұрлан Рамазанов: Әз-Наурыздың Исламмен жеті байланысы – Sunna.kz

Нұрлан РАМАЗАНОВ

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің Бас имамы

Қыстың тоңы жібіп, қар көбесін сөгіп, қазақ даласына Әз-наурыз мейрамы да жетті. Күллі шығыс халықтарының жаңа жылы табалдырықтан аттағалы тұр. Келе жатқан мереке елімізге мол ырыс береке әкелсін!

Әрине әрбір мейрам, мереке келген сайын жамағат арасында дін мамандарынан сол мейрамдардың діндегі орыны және тойлауға бола ма я болмай ма деген толғандырған сұрақтартын қойып жатады. Бұл халқымыздың діни танымы, діни сауаты өсіп келе жатқандығының бір көрінісі. Кез келген құбылысыты дін мамандарымен ақылдасып істеу – қуантарлық жағдай, әлбетте.

Ғасырлар бойы мерекеленіп  келе жатқан шығыс халықтарының көктем мерекесі әз-наурыз мейрамының Исламдағы жеті ерекшелігіне қысқаша тоқталып өтейік.

  • Амандасу. Наурыз мейрамында халқымыз бір-бірімен амандасып, саулық сұраудан бастайды. Бұл – асыл дініміз Исламдағы ең қайырлы амалдардың бірі. Сәлемдесу садақа берумен тең. Ұлы Алланың 99 есімінің бірі – «Әс-Сәләм» – бұл амандық беруші, есен сақтаушы деген мағынадағы сөздерге жақын. Хадисте: «Жасы кіші жасы үлкенге сәлем береді», «бірінші болып сәлем беруші адамдардың арасындағы Аллаға ең жақыны»-делінген. 
  • Кешірісу. Наурыз айның 14-15 күндері Амал яки Көрісу күні деп мерекелеп келеміз. Бұл күнде көптен реніжіскен я өкпелетіп алған бауырларымызбен көрісіп, кешірім сұраумен ерекше. Кешірім сұрау, кешіру Ислам дінінде бұл да ігзі амалдардың бірі. Алланың 99 көркем сипатының бірі – Кешірімді. Бұл жайлы қазақтың біртуар тұлғаларының бірі Шәкәрім бабамыз былай дейді: 

Біреудің мінін кешірсең,
Құдай да сені кешеді.
Бірін де қылмай есірсең,
Төбеңді әлі-ақ теседі.

  • Мейрам. Наурыз негізінде мейрам. Мереке мен мейрам сөзідері синоним секілді көрінгенімен сәл өзгешелік бар. Мейрам жалпы халықтық. Мереке көбінде белгілі бір күндерді айтамыз. Ал мейрам сөзінің түбірі мейірім сөзінен тамыр алады. Ал мейірім – Ислам дінінің туы. Алланың бірі есімі «ар-Рахим» Мейірім.
  • Наурыз көже. Бұл тағам осы мерекенің көркі. Мұның исламмен байланысы бұл тағамның құрамында жеті түрлі қоспаның бәрі халал. Яғни харам араластырмайды. Бұл дін мен дәстүрдің біте қайнасуының бір көрінісі. 
  • Тәтті тағамдар. Хазіреті Әли және Муғауия сынды сахабалардың Наурыз мерекесіне қарсы болмағандығы тарих кітаптарынан мәлім. Тарихшы әл-Хатыб әл-Бағдадидің айтуынша, имам Әбу Ханифаның атасы Нұғман ибн Марзубан сахаба Әли ибн Әби Талибке (р.а.) наурыз күні «фәлузаж» деп аталатын бір тәтті тағам ұсынған. Хазіреті Әли (р.а.): «Бұл не?» – деп, сұрағанда Нұғман ибн Мәрзубан: «Наурыз күніне орай пісірілген тәтті тағам», – деп жауап берген. Сонда сахаба Әли (р.а.): «Бізге күніге осындай наурыз тағамын әкеліп тұрыңдар», – деген екен.
  • Ұлттық ойындар. Бұл мейрамның тағы бір көрігі – ұлттық ойындар. Ат өнерінің дінімізге еш қайшылығы жоқ. Алла елшісі Мұхаммед (с.ғ.с.): «Адам баласы атты соңғы күнге дейін тастамас, өйткені сол арқылы оның бұл дүниеде де олжасы бар, ақыретте де сыйлығы бар» деп айтқан екен (Әл-Бұхари; Имам Мүслім). Ал бұл мейрамда балуан жігіттер күш сынасып халыққа қызық көрсетеді. «Әлсіз мұсылманнан қуатты мұслман қайырлы» дейді дінімізде. Және ардақты Пайғамбарымызыдың ең сүйікті спорт түрі күресу. Пайғамбардың күресі жайлы деректер көп. Соның бірегейі Мекке тұрғыны, ешкімнен жеңіліп көрмеген кәсіби балуан Рукана ибн Әбд Язидпен болған күресі еді. Ибн Исхақ бұл оқиға туралы: «Бірде Пайғамбар (с.ғ.с.) Руканамен кездесіп қалып, былай деді: «Ей, Рукана, Алладан қорқасың ба әрі менімен жекпе-жекке шыққың келе ме? Егер мен жеңсем, Алланың бірлігі мен Пайғамбарын мойындайсың ба?» – деп сұрады. Рукана келісімін берді. Пайғамбар (с.ғ.с.) онымен күресіп, Рукананы жеңіп кетеді. Күреске тоймаған қарсыласы қайтадан жекпе-жекке шақырады. Сөйтіп олар үш рет күресіп, барлығында Алла Елшісі (с.ғ.с.) жеңіске жетеді. Жеңіліп көрмеген Рукана осы оқиғадан кейін Исламды қабылдаған. Кей деректер бойынша Мекке қаласы алынғаннан кейін Рукана да мұсылман атанған. (Әл-Хаким, Әбу Дәуд және әт-Тирмизи).
  • Жаңа ай. Наурыз мейрамы 21-22 күні тойлану себебін этногроф ғалымдар күн мен түннің теңелуімен байланыстырады. Яғни, жаңа ай туады. Шығыс халықтары (гигориан календарынан өзге) шығыс календары ислам жыл санауымен бірдей. Жаңа айдың туы мен және толуымен есептейді.

Ескерте кететін бір жайт, жоғардағы айтылмыш сөзге қарап, Наурыз діни мейрам деген түсінік тумауы керек. Наурыз діни мейрам емес, ұлттық мейрам. Еліміздегі озық салт-дәстүр және ұлттық құндылықтарымыз бен ислам дінінің сабақтастығының түп тамыры тереңде жатыр.

Бұл айда ысырапшылдыққа харамға бой алдырмай, мерамды көңілді өткізуді жассын, Алла! Ұлыс оң, ақ мол болсын! Әмин!

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=18&id=1038545
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар


Амандасу, сәлемдесу қал 11 min
Қазақстанның үш қаласын 26 min
Бас мүфти Жібек жолы ел 1 sagt
Оралда полиция қызметке 1 sagt
ҚР Президенті жолдауыны 2 sagt
Жастар жылы: Таразда «Б 2 sagt
МЕШІТ ӘДЕБІ – Sun 2 sagt
Египетте перғауындар дә 2 sagt
Осы араны басып көріңіз 3 sagt
Осы араны басып көріңіз 3 sagt
Алтын бұйырмады: Нұр-сұ 3 sagt
«Жолда қабылдау»: СҚО-д 3 sagt
ОРТАЛЫҚ АЗИЯНЫҢ ҒАЛЫМДА 4 sagt
Самбодан Азия чемпионат 4 sagt
БАС МҮФТИ ФРАНЦИЯ ЕЛШІС 4 sagt
Қоқандтағы қолөнер фест 4 sagt
Оралда қос автокөлік со 4 sagt
Кубада бензин тапшылығы 5 sagt
Пойыз бен автобус соқты 5 sagt
Менің жазғы демалысым 5 sagt
Оралда қос автокөлік тү 5 sagt
Шамалғандағы апат бойын 5 sagt
Осы араны басып көріңіз 5 sagt
Апаттан зардап шеккенде 5 sagt
Хабарландыру! – S 5 sagt
Пойыз бен автобус соқты 5 sagt
Туризм саласындағы Ұлтт 6 sagt
Футболдан кезекті қайыр 6 sagt
Шамалғандағы апат болға 6 sagt
ҚТЖ Шамалғандағы апатты 6 sagt