Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-09-151110375335 %65 %
2019-09-161515454335 %65 %
2019-09-171131356739 %61 %

Павлодар облысында  175,8 млн теңге жалақы қарызы өтелді



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 00:39 - 2019/08/23


Павлодар облысында  175,8 млн теңге жалақы қарызы өтелді

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облысында жыл басынан бері мемлекеттік инспекторлар қолға алған шаралардың нәтижесінде 141 кәсіпорында 175,8 млн теңге көлеміндегі жалақы бойынша қарыз өтелді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жиынында Павлодар облысының еңбек басқармасының басшысы Асқар Қапанов мәлім етті.

 «Еңбекақыны уақытында төлемеу оқиғалары мемлекеттік еңбек инспекторлары тарапынан шұғыл шешіледі, бұл мәселе тұрақты бақылауда», - деді Асқар Қапанов.

Жыл басынан бері 1388 жұмысшының құқықтары қорғалды. Кәсіпорындардың жетекшілеріне қатысты 19 ұйғарым шығарылып, 4,9 миллион теңгеге айыппұл салынды. Бүгінгі таңда жалақы бойынша қарыздар келесі кәсіпорындарда бар: «Қазақстан вагон құрылысы компаниясы» ЖШС – 508 жұмысшының алдындағы 117,6 миллион теңгенің қарызы, «Эк Алпар» ЖШС – 7 жұмысшының алдындағы 1,3 миллион теңге.

Еңбек басқармасы басшысының айтуынша, банкрот кәсіпорындар мен оңалу кезеңіндегі кәсіпорындардың қарызы 5 ұйымда бар. Олар 146 жұмысшыға 52,4 млн теңге берешек. «Жалақы бойынша қарызы бар, бірақ, жұмысын тоқтатқан кәсіпорындар: «МусаИмпекс» ЖШС - 10 адам - 0,5 млн теңге, «Нұр-Павлодар» ЖШС - 23 адам - 29 млн теңге, «Унистрой-ПВ» ЖШС - 76 адам - 10,4 млн теңге, «Green House-Павлодар» ЖШС - 32 адам - 2,5 млн теңге, «Food Center Astana» ЖШС - 5 адам - 10 млн теңге», - деп атап өтті Асқар Қапанов.

Жалақыны уақытында төлеу бойынша мәселелері бар және өндірістік жарақаттар оқиғаларының өсуіне жол берген кәсіпорындардың мәселесі әлеуметтік серіктестік, әлеуметтік, еңбек қарым-қатынастарды реттеу жөніндегі аймақтық комиссияның және проблемалы кәсіпорындар (дағдарысқа қарсы штаб) жөніндегі жұмыс тобының отырыстарында тыңдалады.

Айта кетейік, комиссиялар отырысы бекітілген график бойынша бір тоқсанда кем дегенде бір рет өткізіледі. Осы тектес жұмыс облыстың аудандарында оң жолға қойылған. Жыл басынан бері қалалар мен аудандардың үшжақты комиссияларының 14 отырысы өтті. Шараға 24 жұмыс беруші шақырылып, тыңдалды.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1037858
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар


Қасым-Жомарт Тоқаев «Ра 15 sek
Бас инспектор ақау шыққ 3 min
Павлодарда 22 жастағы ж 9 min
УЕФА Чемпиондар лигасын 9 min
Британ премьері Брекзит 9 min
Қасым-Жомарт Тоқаев «Ра 12 min
Ли жаншу әзербәйжән, қа 19 min
Боз кілемде балуан қызд 19 min
Білім және ғылым вице-м 19 min
Бас инспектор ақау шыққ 24 min
Бокстан әлем чемпионаты 29 min
Тоқаев: СҚО-ны газданды 29 min
Бас инспектор ақау шыққ 1 sagt
Ақтөбе мен Орынбор шека 1 sagt
Қазақстанның бірқатар а 1 sagt
ҚР Президенті отандық а 1 sagt
Жол апаты кезінде оқиға 1 sagt
Нұр-Сұлтанда Қазақстан- 1 sagt
Президенттік жастар кад 1 sagt
Шамалғандағы апат: Поли 1 sagt
Аз ұлттардың 11 – кезек 1 sagt
Қасым-Жомарт Тоқаев СҚО 1 sagt
Күрес түрлерінен әлем ч 1 sagt
Елордаға әлемдік діндер 1 sagt
Президенттің Петропавлғ 1 sagt
Әйелдер күресінен әлем 1 sagt
Қазақстан мен АҚШ байыт 1 sagt
Қазақстан құрамасының б 1 sagt
Жүңгөнің өз жолы жөнінд 1 sagt
KASE қорытындысы: $1 = 1 sagt