Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-09-191340442541 %59 %
2019-09-2010832600477 %23 %
2019-09-21667272339 %61 %

Атырауда өртенген театр екі ай бұрын күрделі жөндеуден өткізілген - Қазақстан және әлемдегі соңғы жа



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: 24.kz ақпарат

Жолданған уақыты: 23:30 - 2019/08/22






Атыраудағы Махамбет атындағы облыстық қазақ академиялық театры өртенді. Қосымша нысаннан шыққан от бас ғимаратқа көшіп, өнер ордасының шатыры түк қалмай жанып кеткен. 

Драма театрдағы өрт тал түсте басталды. Өрт сөндірушілер санаулы минуттарда-ақ келіп жеткенімен қызыл жалынды ауыздықтау қиынға соқты.    

Бекен Әлирахым, тілші:

- Театрдағы өрт мына менің артымда тұрған қосымша ғимараттан басталған. Онда актерлердің сахналық киімдері, тігін және басқа да шеберханалар мен цехтар орналасқан. Қазір өрт сөндірушілер негізгі ғимаратты сақтап қалу үшін жанын салып жатыр. Бірақ бұл әзірге мүмкін болмай тұр. Өйткені соңғы аптадан бері Атырауда 39-40 градус ыстық.  

Театр ғимараты биік болғандықтан өрт сөндірушілер қауіпті болса да  сатыға шығып су шашуға  мәжбүр болды. Мамандар өртті тек кешкі сағат 6-дан кейін ғана толық ауыздықтады. Ендігі мәселе арнайы комиссия мүшелерінің құзырында. 

Әлимұхаммед Құттымұратұлы, қала әкімі:

- Қазіргі таңда шығындар анықталып ремонттық жұмыстар жүргізілетін болады.  Комиссия анықтайды себебін анықталғанан кейін барып жұмыстар басталады. Әрине қалпына келтіреміз драма театрды.

Мамандардың алдын ала болжамы бойынша өрт электр желілері мен трасформатордан шығуы мүмкін. Жалпы ғимарат 1975 жылы салынған. Осыдан екі ай бұрын ғана күрделі жөндеуден өткізіліп, қолданысқа берілген болатын. Театр ғимаратының жалпы аумағы 1,5 мың шаршы метрді құрайды. 

Авторлары: Бекен Әлирахым, Темірлан Сұлтанғазы, Жандос Рахметуллин

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=38&id=1037846
Пікірлер

Көрші сілтемелер