Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2020-01-211438405941 %59 %
2020-01-221516443648 %52 %
2020-01-23356110664 %36 %

«Сарыарқа» газ құбыры елордаға қазан айына дейін тартылады - Қазақстан және әлемдегі соңғы жаңалықта



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: 24.kz ақпарат

Жолданған уақыты: 23:20 - 2019/08/22






Қазір құрылыс жұмыстарының 75 проценті аяқталған. Бұл туралы «Самұрық-Қазына» ұлттық әл ауқат қорының басқарма төрағасы Ахметжан Есімовтің Қарағанды облысына жұмыс сапары кезінде белгілі болды.

Құбыр тарту жұмыстары қазір Қарағанды мен Ақмола облыстарының аумағында жүріп жатыр. Ахметжан Есімов құрылыс барысын оң бағалап, барлық жұмысты уақытылы аяқтауды тапсырды. 

Сағидулла Мақашев, «АстанаГаз ҚМГ» АҚ Бас директоры:

- Осы жылдың 10 қазанына дейін желілік бөліктерде дәнекерлеу жұмыстарын аяқтауды жоспарлап отырмыз. Ал 31 желтоқсанға дейін «Сарыарқа» газ құбырын іске қосу үшін қажетті жұмыстардың барлығын бітіруіміз керек.  Содан соң осы құбырлар арқылы газ беруге дайын боламыз. Ал ішкі желілердің құрылысына біз жауапты емеспіз. Бұл жергілікті билік өкілдерінің міндеті. Яғни қаланың ішінде газ жүргізумен жергілікті әкімдік айналысады.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=38&id=1037843
Пікірлер

Көрші сілтемелер