Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-09-14785288944 %56 %
2019-09-151110375335 %65 %
2019-09-1616752240 %60 %

«Ағылшын тілін оқытуды 5-ші сыныптан бастау орынды әрі тиімді болады»



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Абай ақпарат

Жолданған уақыты: 13:40 - 2019/08/20



16 тамыз күні Нұр-Сұлтан қалсында «Bіlіm jáne Ǵylym!» атты тамыз конференциясы өтті. Жыл сайын өтетін дәстүрлі жиналыстың биылғы ерекшелігі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі келіп қатысты. 

Қазақстанның барлық өңірінен келген мұғалімдер, оқу орындарының оқытушылары, ғалымдар, қоғам қайраткерлері, мемлекеттік органдардың өкілдері қатысқан жиналыста ел президенті білім саласындағы бірқанша мәселені тілге тиек етті. Солардың бірі "үш тілдідік" мәселесі.

Елімізде балабақшадан бастап ағылшын тілін үйрету және мектерпте жаратылыстану пәндерін ағылшын тілінде оқыту мәселесі қоғамда көп талқыланды. Осыған байланысты Қасым-Жомарт Тоқаев Білім және ғылым министрлігіне үштілді оқыту жүйесін енгізу үдерісін қайта қарауды тапсырды.

Мемлекет басшысының айтуынша, аталған мәселе оқытушылар мен білім беру бағдарламаларының дайындығын ескере отырып, жан-жақты зерттеуді қажет етеді.

Жаратылыстану пәндерін ағылшын тілінде оқыту білім орталықтарының кадрлық мүмкіндігіне қарай, оқушылар мен ата-аналардың қалауы бойынша іске асуы тиіс. Сондықтан, ағылшын тілін оқытуды 2-3-ші сыныптан немесе ата-аналардың қалауына қарай 5-ші сыныптан бастау орынды әрі тиімді болады деп санаймын, – деді президент.

Мемлекет басшысының осы тапсырмасына орай белгілі ғалымдар мен ұстаздардың пікірін білген едік.

Айгүл Ісмақова, ғалым

Картинки по запросу Айгүл Ісмақова

- Жуырда өткен Тамыз конференциясында президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев көптен бері мұғалімдердің, ғалымдардың көкейінде жүрген мәселені айтты. Мемлекет басшысының әлемдік тәжірибеде жоқ бастаманы тоқтатып, мәселені оң бағытқа бұрғанына барша зиялы қауым мен ата-аналар бөркін аспанға атып қуанып жатыр.

Бәріміз білетіндей, Жапонияда, Еуропа елдерінде, тіпті бүкіл әлемде мектепте ең алдымен ана тілі оқытылады. Бала тоғыз жасқа дейін өз ана тілінде білім алуы керек. Тоғыз жастан кейін ғана шет тілдерді өз таңдауымен үйренеді. Баланың психологиясы 9 жасқа келгенде ғана басқа тілді меңгеруге толық қабілетті болады. Осыны қанша айтсақ та, бұрынғы Білім және ғылым министрлері құлаққа ілмей келген еді. Енді осы мәселеге Президенттің өзі нүкте қойып отыр.

Тамыз кеңесінде мемлекет басшысы өз ойын Білім және ғылым министріне шегелеп тұрып айтты. Министр де алдағы басты ұстанымымыз осы болатынын жеткізді. Ендігі мәселе, осы айтылған істердің жүзеге асуы болып отыр. Бірақ, ең маңыздысы бұл мәселеде тұңғыш рет заң жүзінде тұжырым орнықты.   

Екінші жақсы жаңалық, бірінші сыныптан бастап әліппе қайтарылатын болды. Министр Айтмағамбетовтың өзі "Ахмет Байтұрсынұлы бекіткен әліппе негізге алынады" деп сөз берді. 

Осы екі ұстаным іске асса, еліміздің білім саласы үшін үлкен жетістік болғалы тұр. Президент Тоқаевтың ұлттық білім беру жүйесін тура жолға салып, баяғыдан келе жатқан классикалық үлгіге көшіруді көздеген тұжырымы бекітіледі, іске асады деп сенеміз. 

Президент Тоқаев бұрыннан бері мектеп оқулықтарының, соның ішінде қазақ тілді оқулықтардың сынға ұшырап жатқанына байланысты пікір айтып жүреді. Білім беру жүйесіндегі кемшіліктердің бәрін біліп отыр деп ойлаймын. Сондықтан да, шет тілдерін оқытуда ата-аналардың өтінішін,тілегін ескере отырып, салмақты шешім шығару керек деп айтып отыр. 

Аягүл Миразова, ардагер ұстаз

Картинки по запросу Аягүл Миразова

- Ең алдымен Тамыз кеңесіне мемлекет басшысының қатысуын ұстаздарға деген, білім саласына деген құрметтің көрінісі деп қабылдадық. Жиналыста өте көп мәселе айтылды. Оның ішінде мұғалімнің біліктілігі мен білімнің сапалы болуы маңызды екені сөз болды. Бұдан бөлек, мектептердің ахуалы, мектептердегі үш ауысыммен оқу мәселесі жайлы тоқталып, арнайы тапсырмалар берді.

Президент айтқан маңызды мәселелердің бесіншісі - өте өзекті болып тұрған Үштілді білім беру жүйесі жайлы болды. Қазіргі таңда үш тілді білудің керек екенін бәріміз білеміз әрі қолдаймыз. Бірақ, бұл тілді қалай білу керек, қашаннан бастап үйрену керек деген мәселе бәрімізді алаңдатып жүрген.

Осыған байланысты, мемлекет басшысы ұлы тұлғаларымыздың сөзін мысалға келтіре отырып, жасөспірімдер үшін ең маңыздысы ана тілі екенін айтты. "Әрбір тәрбиеші баланы ұлт дәстүрімен тәрбиелеуге міндетті" деген Мағжан Жұмабаевтің сөзін, "әр халықтың ана тілі - білімнің кілті" деген Ахмет Жұбановтың сөзін айтты.  Сондықтан қазақ тілі ең алдыңғы қатарда тұру керек. Барлық білімді алдымен ана тілмізде беруіміз керек.

Ал қалған екі тілді білмеу керек демейміз. Оларды да білу керек. Себебі, қазақстандық жастар елде ғана емес, әлемдік деңгейде білім алып, өзгелердің озық жерлерін өз елімізде жүзеге асыруы керек. Сол үшін де әлемдік деңгейдегі шет тілдерін білу керек.

Бірақ, қазіргі таңда балабақшадан бастап ағылшын тілін үйретіп жүрміз. Жеткіншектеріміз балабақшадан бастап үш тілді қатар алып келе жатыр. Елу жыл мұғалім болған тәжірибеме сүйенсем, әсіресе үлкен қалаларымызда өз тілін толық меңгермеген балаға үш тілді қатар үйрету дұрыс емес екен. Ана тілі әлі толық шықпаған балалар бұндай жағдайда өз тілін емес, өзге тілді үйреніп кетеді. Сөйтіп, ана тілі ақсап жатады.

Осының бәрін ескере отырып, Президент бұл мәселені жан-жақты талдап, салмақты шешімге келу қажет екенін айтты. Бұнда оқушылар мен ата-аналардың қалауын ескеру керек екенін еске салды. Үш тілді қатар оқытуға шарт-жағдай жан-жақты пісіп-жетілмегендіктен, ағылшын тілін оқытуды 2-3-ші сыныптан немесе ата-аналардың қалауына қарай 5-ші сыныптан бастау орынды әрі тиімді болады деді.

Мен ұстаз ретінде осы пікірге қосыламын. Бірақ, менің байқағаным ауылды жерлердегі балалардың қазақ тілі жақсы, ал ағылшын тілі ойдағыдай емес. Сондықтан, ауылды жерлерде ағылшын тілін үйретуді екінші сыныптан бастаса деймін. Себебі, бесінші сынып сәл кештеу болатын секілді. Бала қанша жас болса, білімді сонша тез қабылдайды. Ал ата-аналар мен оқушылардың талабы солай болса бесінші сыныптан бастаса да кеш қалмайды. Бала үшін бірінші сыныптан бастап үш тілді қатар үйрету ауырлау болады.

Мемлекет басшысының баяндамасына сонда отырған қатысушылар да, өзге ұстаздар мен ата-аналар да разы болды деп ойлаймын. Ұстаздардың беделін қорғау, материалдық жақтан қолдау мәселелері жаңа жылға дейін заңға енетін болады. Бұның бәрі оң бастама екені сөзсіз. Президент "Елді түзетуді баланы оқыту ісін түзетуден бастауымыз керек" деген Ахмет Байтұрсынұлының сөзін айтты. Осыдан-ақ, ол кісінің білім беру саласына барынша көңіл бөліп отырғанын аңғаруға болады.

Abai.kz

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=51&id=1036524
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар


Бас мүфти Жібек жолы ел 1 min
Оралда полиция қызметке 1 sagt
ҚР Президенті жолдауыны 1 sagt
Жастар жылы: Таразда «Б 2 sagt
МЕШІТ ӘДЕБІ – Sun 2 sagt
Египетте перғауындар дә 2 sagt
Осы араны басып көріңіз 2 sagt
Осы араны басып көріңіз 2 sagt
Алтын бұйырмады: Нұр-сұ 2 sagt
«Жолда қабылдау»: СҚО-д 2 sagt
ОРТАЛЫҚ АЗИЯНЫҢ ҒАЛЫМДА 3 sagt
Самбодан Азия чемпионат 3 sagt
БАС МҮФТИ ФРАНЦИЯ ЕЛШІС 4 sagt
Қоқандтағы қолөнер фест 4 sagt
Оралда қос автокөлік со 4 sagt
Кубада бензин тапшылығы 4 sagt
Пойыз бен автобус соқты 4 sagt
Менің жазғы демалысым 4 sagt
Оралда қос автокөлік тү 4 sagt
Шамалғандағы апат бойын 4 sagt
Осы араны басып көріңіз 4 sagt
Апаттан зардап шеккенде 5 sagt
Хабарландыру! – S 5 sagt
Пойыз бен автобус соқты 5 sagt
Туризм саласындағы Ұлтт 5 sagt
Футболдан кезекті қайыр 5 sagt
Шамалғандағы апат болға 5 sagt
ҚТЖ Шамалғандағы апатты 5 sagt
Бас көлік прокуратурасы 5 sagt
Осы араны басып көріңіз 5 sagt