Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-08-21580410755 %45 %
2019-08-22656264749 %51 %
2019-08-233917960 %40 %

Ашаршылық және Жүсіп Әбдірахманов туралы ой-толғау



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Ұлыт торабы

Жолданған уақыты: 06:20 - 2019/08/15


Мамырдың 31-і – саяси қуғын-сүргіндер және ашаршылық құрбандарының еске алу күні. 1931 – 1933 жылдарының ашаршылығы – ұлы жұт, зұлмат, нәубет, халқымыздың қилы заманы болып саналады.

Төрт миллион қазақтың екі миллионы құрбан болса, миллионға жуық адам шекарадан асып кетсе – бұл жай ғана ашаршылық емес, ұлттық трагедия.

Қазақтың тең жартысы аштан қырылды деген сөз.

Малсыз қалған ел жанын сақтап аман қалу үшін туған аулдарынан темір жол бекеттеріне, көмір кендеріне, балықты көлдің жағасына қарай қашатын болды. Жүздеген мың қазақ босқын болып, сыртқа көшіп, Сібірде, Қиыр Шығыста, Орта Азияда пана тауып, шекарадан асып, Қытайға, Моңғолияға, Иранға, Ауғанға кететін болды. Отызыншы жылдарының басында миллионға жуық халық Қазақстаннан басқа жаққа кетіп қалса, соның 400 мыңы ашаршылық зұлматы біткен соң, еліне қайтты. Қалған жарты миллионнан астам халық Қазақстаннан тыс қалып қойды.

Кейбір ауылдарда, аудандарда, аймақтарда ашаршылықтан қаза тапқан адамдардың саны халықтың 90 пайызына шейін жетті.

Аяусыз ажалдан құтқарылып, Сарыарқамен қоштасқан талай жан Новосібір, Барнаул, Кемерово жақта жанын бақты. Қаншама халық Өзбекістанда, Түрікменстанда, Қарақалпақстанда аман қалды. Біраз ел Алатаудан асып Қырғызстанда пана тапты.

Бұл қиын-қыстау кезінде ашаршылықтан көз ашпаған қазақтарға жәрдем қолын ұшын берген азамат – сол кездегі қырғыз үкіметінің басшысы Жүсіп Әбдірахманов.

Жүсіп Әбдірахманов небәрі 26 жасында Қырғыз Республикасының үкіметінің басшысы болып тағайындалды. Жүсіп Әбдірахманов жүргізген саясатының ең маңызды жетістігі – елінде ашаршылық зұлматын алдын алып, халықтың аштан өлуіне жағдайды жеткізбегені.

Қазақстанда Голощекин бастаған жандайшаптар «кіші Қазан төңкерісін» жүргізіп, елдің соңғы қойын тартып алса, Әбдірахманов Сталинның, Мәскеудің саясатына жергілікті үкіметінің басшысы ретінде қанша менен көнсе-дағы, ең алды менен өз елінің, өз республикасының қамын ойлаған азамат еді.

Мысалы, бүкіл КСРОда шаруалардың қамбаларынан бидай соңғы қабына дейін емес, соңғы дәніне дейін сыпырылып тартылып алынса, Қырғызстанның Жалалабад, Науқат және Араван Бура аудандарында бидайдың еркін саудасы енгізілетін болды. Яғни, мысалы, Украинада жүргізілген саясаттың кесірінен халық бір тілім нанға зар болса, Қырғызстанның оңтүстігінде нан сату мен сатып алу саласында еркін нарықтың элементтері қолданылған. Сонымен қатар, жұмысынан, өмірінен айрылуынан қорықпай, Жүсіп Әбдірахманов астық дайындау жоспарын орындап шолақ белсенділігін көрсетпей, азық-түліктің бәрін орталыққа жібермей, өз елінде біраз азық-түлікті қалдырды. Осылайша, Қырғызстанда ашаршылық зұлматы, мыңдаған адамды құрбан қылған нәубет бошлған жоқ.

Әрине, ашаршылықтың жеке жағдайлары, сонымен қатар өлім жағдайлары Қырғызстанда да болған. Бірақ, жалпы айтқанда, Қырғызстан ұлы жұттан аман қалған. Мыңдаған қазақ та Алатаудың ар жағында пана тауып, Әбдірахманов көрсеткен жәрдемін, созған жәрдем қолының ұшын сезген.

Қазақстың көбісі, ашаршылық басылғаннан кейін еліне, жанына оттан да ыстық Отанына оралса, біразы болса –  әлі күнге дейін қырғыз жерінде өмір сүреді.

Олай болса, ашаршылық құрбандарының еске алу күнінде, Жүсіп Әбдірахмановтың кезінде ашаршылықтан зардап шеккендерге көрсетілген көмегін де, өз елін ашаршылыққа жеткізбегенін де еске алуымыз жөн көрініп тұр.

Қазақ-қырғыз ынтымақтастықтың аясында жақында Бішкекте Абайдың, ал еліміздің астанасында Шыңғыс Айтматовтың ескерткіштері ашылады.

Екі елдің достығы үшін өте қуанышты жаңалық. Бірақ, бір күні елімізде Жүсіп Әбдірахмановтың да ескерткіші тұрғызылса, жақсы болмақ деп санаймын.

Асқар ДАЙЫРБЕК 

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=53&id=1034566
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар


Атырау облысында жыл ба 18 min
Біржан Ахмер | Әдебиет 1 sagt
Тауға шыққан туристерге 1 sagt
Шымкентте үш ауысымды м 1 sagt
Гонконгта орта мектеп о 1 sagt
Павлодар облысында  175 1 sagt
Ақұштап Бақтыгереева | 1 sagt
23 тамыз, жұма күнге ар 2 sagt
Гонконгте ереуіл өтіп ж 2 sagt
Еуропа лигасы: «Астана» 2 sagt
22.08.2019 - Ақпарат - 2 sagt
Осы араны басып көріңіз 2 sagt
Елімізде химия өнеркәсі 2 sagt
Осы араны басып көріңіз 2 sagt
Жамбыл облысында ЖОО-да 2 sagt
Вакансиялар мен төлемде 2 sagt
Алматыда Орталық Азия ж 2 sagt
Атырауда өртенген театр 2 sagt
ҚР Кәсіподақтар федерац 2 sagt
Польшада жай түсіп, бір 2 sagt
«Сарыарқа» газ құбыры е 3 sagt
Сарапшы елорданың радиа 3 sagt
Бүгін Татарстан астанас 3 sagt
Еуропа лигасы. "Астана 3 sagt
Қосшы ауылында қыруар қ 3 sagt
Магистратура емтиханына 3 sagt
ТҮРКСОЙ Жастар камералы 3 sagt
Елорда іргесіндегі ауыл 3 sagt
120 үміткерден 131 теле 3 sagt
Магистратураға түсу емт 3 sagt