Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2020-01-151879473554 %46 %
2020-01-161760473058 %42 %
2020-01-171325475864 %36 %

Жанкент қалашығы туристік нысанға айналады



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 01:45 - 2019/08/15


Жанкент қалашығы туристік нысанға айналады

ҚАЗАЛЫ. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы Қазалы ауданы аумағында орын тепкен Жанкент қалашығын туристік нысанға айналдыру мақсатында ауқымды қазба жұмыстары жасалып келеді. Бұл бағытта жергілікті археологтар Германия және Ресей ғалымдарымен бірге жұмыс жасауда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жанкент қалашығы Қазалы ауданына қарасты Жанкент ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 500 метрде орын тепкен. Жанкент X-XI ғасырларда оғыздардың ордасы болған деген деректер айтылады. Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіш «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы аясында облыстың жалпыұлттық қасиетті нысандар тізіміне енгізілген. Биыл Жанкент қалашығында кешенді археологиялық және қайта жаңғырту шаралары атқарылуда.

Биылғы археологиялық жұмыстарды неміс және орыс ғалымдарымен бірге Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті жанындағы «Археология және этнография» ғылыми-зерттеу орталығы қолға алды. Оған орталық жетекшісі Әзілхан Тәжекеев басшылық жасайды.

Археологиялық шаралар облыс әкімдігі жанындағы Қызылорда облысының тарихи-мәдени мұраларын қорғау және пайдалану жөніндегі ғылыми-әдістемелік кеңестің шешімімен қолға алынған. Бұл шараларға облыстық бюджет есебінен қаржы бөлінді. Биыл қалашықты туристік нысанға айналдыру мақсатында ауқымды қазбалар шаралары жүзеге асты. Аршылған құрылыс нысандарын қалпына келтіру, сақтау жұмыстарына да көңіл бөлінді.

Биылғы жылдың тамыз-қыркүйек айлары аралығында Германияның Тюбенген университеті, Ресей Федерациясының Николай Миклухо-Маклай антропология институты ғалымдары археологиялық зерттеу шараларын жүргізіп келеді. Бұл мақсатта аталмыш зерттеу орындарымен Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті арасындағы меморандум жасалған. Нәтижесінде Жанкент қаласында геомарфология, геофизика, топырақтану бағыты бойынша маңызды жобалар жасалуда. Бұл бағытта неміс, орыс ғалымдары өз қорытындысын ұсынып, қызылордалық археологтармен бірге бірлескен археологиялық зерттеу шараларын жалғастырып келеді. Қазіргі күні неміс және орыс ғалымдары Генрих Харке, Ирина Аржанцева Жанкент қалашығында өз жұмыстарын атқарып келеді.

«Қазба жұмыстарымен қатар, қалашықтың шығыс қорғаныс қабырғасына ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тарапынан республикалық бюджет есебінен қайта жаңғырту шаралары да атқарылып келеді. Бұл бағытта «Қазреставрация» мекемесі қалашықтың шығыс қорғаныс қабырғасынының өзекті және құлау қаупінде тұрған жерлерін сақтау, бекіту, қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуде», - деді «Археология және этнография» ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі Әзілхан Тәжекеев.

Еске салсақ,  Жанкент қалашығы ЮНЕСКО-ның мәдени мұралар тізіміне енгізілетіндігі туралы хабарлаған болатынбыз.



Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1034554
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар


Қазақстанда 18 қаңтарда 1 min
«Әзірет Сұлтан» мешітін 9 min
Қауіпсіздік үшін қандай 10 min
Өмірзақ Шөкеев өз бизне 19 min
Елордада №304, 322 авто 19 min
Алматыда жаңа мешіт ашы 29 min
«Әзірет Сұлтан» мешітін 1 sagt
Абайдың қорық-музейі ақ 1 sagt
Алматылықтар жер сілкін 1 sagt
Су тасқынынан зардап ше 1 sagt
Алматыда жер сілкінді 1 sagt
Мәскеудегі «Шереметьево 1 sagt
ЕРКІНБЕК ШОҚАЙ: УАҺАБИЛ 1 sagt
СҚО-да ҰБТ-ның бірінші 1 sagt
Домбыра тартуға дініміз 1 sagt
Мәскеудегі «Шереметьево 1 sagt
МӘШҺҰР ЖҮСІП: АДАМ АЛЛА 1 sagt
Сирияда 5 миллион бала 1 sagt
БАС МҮФТИ АПАТТАН ҚАЗА 1 sagt
Аятолла жұма намазында 2 sagt
Алматыда митинг өткізу 2 sagt
ХАЛАЛ ДАМУ: 30 КОМПАНИЯ 2 sagt
Атырау қаласына жаңа әк 2 sagt
Болашақта Бурабай курор 2 sagt
ҚМДБ-ның EXPO-2017 халы 2 sagt
Мемлекеттік басқару сал 2 sagt
Мұз тым жұқа: СҚО-да Шо 2 sagt
Мешітте сенбілік өтті - 2 sagt
Жеті облыста 40-қа жуық 2 sagt
Атырау облысы әкімінің 2 sagt