Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-08-23535344954 %46 %
2019-08-24497243046 %54 %
2019-08-25379186252 %48 %

Дауыл, жауын, бұршақ – Бейсенбіге арналған ауа райы



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 00:54 - 2019/08/15


Дауыл, жауын, бұршақ – Бейсенбіге арналған ауа райы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК 15 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атмосфералық ауа ағындардың өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде құбылмалы ауарайы сақталады, жаңбыр жауады, кей жерлерде найзағай жарқылдайды.

Еліміздің кейбір бөлігінде жел күшейеді, шаңды дауыл соғып, бұршақ жаууы ықтимал. Республиканың солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде дауыл күтіледі, жел 15-20, күндіз екпіні 25 м/с күшейеді, бұршақ жаууы ықтимал, түнде және таңертең Ақмола облысының кей жерлерде тұман күтіледі.

Жамбыл облысында дауыл күтіледі, таңертең және күндіз жел 15-20, екпіні 23 м/с күшейеді, бұршақ жаууы ықтимал.

Түркістан облысының кей жерлерінде дауыл күтіледі, жел 15-20, күндіз екпіні 25 м/с шаңды дауылмен күшейеді.

Павлодар, Қостанай, Қарағанды облыстарында дауыл күтіледі, жел 15-20, екпіні 25 м/с күшейеді, күндіз кей жерлерде бұршақ жаууы ықтимал.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде түнде және таңертең желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Алматы облысының кей жерлерінде дауыл күтіледі, жел 18-23 м/с күшейеді.

Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде, Ақтөбе облысының оңтүстігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1034546
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар