Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-08-21580410755 %45 %
2019-08-22656264749 %51 %
2019-08-23503329856 %44 %

Халықаралық Әскери ойындарда қазақстандық сарбаздар үш "алтын" алды



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 21:54 - 2019/08/14


Халықаралық Әскери ойындарда қазақстандық сарбаздар үш

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан құрамасы Халықаралық Армия ойындары шеңберінде өткізілген «Артиллериялық атыс шеберлері», «Сұңқар салу» және «Сенімді қабылдау» сайыстарында жеңіс тұғырынан көрініп, алтынды қанжығаға байлады. Бұл туралыҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Қазақ сарбаздары «Артиллериялық атыс шеберлері» байқауында алғашқы алтынына қол жеткізді. Жеке жарыс, түнгі спринт және эстафета кезеңдерінен тұратын сайыс күндізгі және түнгі уақытта өтті. Жарысқа қатысушылар белгілі бір бағытты жүріп өтіп, пулемет, автомат және граната атқыштан, сондай-ақ миноатқыштан оқ атты. Түнгі уақытта нысананы көздеуге түнгі көру құралдары пайдаланылды. Ақтық эстафетада еліміздің мина ату бойынша көрсеткіштері жоғары бағаланып, Қазақстан құрамасына жеңіс әкелді.


Жеңіске жету туралы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының оқ ату бойынша орынбасары, команда жаттықтырушысы, полковник Дәурен Есқожин: «Жеңіске бірнеше ай бойы тынбай жүргізген дайындық, команданың үйлесімді жұмысы, мықты жауынгерлік рух, табандылық пен айқын мақсат жетеледі. Сондықтан бұл қазақстандық артиллеристердің еңбегінің жеңісі»,- дейді.

Үздік нәтиже көрсеткен келесі байқаудың бірі – «Сенімді қабылдау». Жарыста әскери байланыс қызметкерлері радиограмма арқылы байланысты ұстап, Морзе әліппесімен хабарламалар жіберіп, түнде жарық беру белгілерін қалта шамы арқылы көрсетті. Ал соңғы мәреде сайыскерлер кез келген тәсілмен байланысты орнатып, қажетті дабылды жіберуі тиіс. Бұл орайда біздің құрам бірінші кезеңде-ақ бірден басымдық танытып, сайыстың барлық кезеңдерінде үздік көрінді.


Елімізге тағы бір жеңісті сыйлаған – «Сұңқар салу» байқауы. Бұл үш кезеңнен тұратын сайыс. Бірінші кезең – ұшқышсыз ұшу апараттарының дайындығы және күндізгі әуе барлауы, екінші кезең – биіктеп ұшу, әуе барлауы және түнде артиллерия оқтарын қалыпқа келтіру деп аталады. Мұндағы шешуші кезеңде әр елден үш ұшқышсыз ұшу құрылғылары алма-кезек іздеу, анықтау және нысандардың координаттарын белгілеу тапсырмаларын орындады.


Айта кетерлігі, биыл елімізде өткен Халықаралық Армия ойындарына Ресей, Қытай, Беларусь, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзербайжан, Тәжікстан, Армения, Иран, Сирия, сонымен қатар Венесуэла және Зимбабве мемлекеттері Қарулы Күштерінің әскери шеберлері қатысты.

Аталған үш байқаудың жеңімпаздары мен сайыс жүлдегерлерін марапаттау 15 тамыз күні «Отар» әскери полигонында АрХО-2019 салтанатты жабылу рәсімі аясында өтеді.












Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1034499
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар


Тимур Хайдаров пен Мере 7 min
23.08.2019 - Ақпарат - 8 min
Осы араны басып көріңіз 8 min
Бурабайдың бұлты да жол 13 min
Осы араны басып көріңіз 18 min
Нұр-Сұлтанда жерлеу қыз 28 min
Қазақстандық триатлоншы 28 min
Еліміздегі ең үлкен жыл 1 sagt
Ерекше үй тапсырмалары 1 sagt
Браконьерлердің мүлкі т 1 sagt
«Елорда жастары сыйлығы 1 sagt
ШҚО-да мемлекеттік-жеке 1 sagt
Ұлытау ауданында халықа 1 sagt
«Қарапайым заттар эконо 1 sagt
Құмар Ақсақалов: Біздің 1 sagt
«Әл-Ғани» мешітінде «Ме 1 sagt
БІЛІМ ОШАҚТАРЫНЫҢ ӘЗІРЛ 1 sagt
Жіберіп хабаршыға үбкен 1 sagt
Елорда көшелерінде суағ 1 sagt
Аралда қанша су қалды 1 sagt
Ұлттық олимпиада комите 1 sagt
Татарстанның Қазан қала 1 sagt
Көшедегі мүсіндер ̵ 1 sagt
Арабтар еліміздің ауыл 1 sagt
Осы араны басып көріңіз 1 sagt
ҚОСЫМША ҚАРЖЫ ЖЫРТЫҚТЫ 1 sagt
Ши жинпиң жүңгө саяхат 1 sagt
Олимпиадалық комитет ци 1 sagt
«Атырау-Астрахань» тас 1 sagt
Осы араны басып көріңіз 2 sagt