Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-08-21580410755 %45 %
2019-08-22656264749 %51 %
2019-08-23503329856 %44 %

Алматыдағы сел қаупі сейілді - Қазақстан және әлемдегі соңғы жаңалықтар



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: 24.kz ақпарат

Жолданған уақыты: 21:50 - 2019/08/14






Бүгін таң алагеуімнен жұртты дүрліктірген Алматыдағы сел қаупі сейілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бір айдан бергі аптап ыстықтың салдарынан таудағы мұздықтар еріп, Қарғалы өзенінде су тасыған. Сел қаупі туралы шұғыл хабар таңғы сағат 06:00-де түскен.

Қарғалы өзеніндегі судың қарқын алуына себеп болған ең алдымен таудағы №1 көлдегі су деңгейінің 5 метрге төмендеуі. Таңертеңнен оқиға орнына қала әкімі Бақытжан Сағынтаев келіп, қажет жағдайда барлық шұғыл қызмет дайын тұрғанын айтты.

Сәбира Байбұлақова, қала тұрғыны:

- Бәрімізге «үйден шығыңыздар» деп хабарлады. Бәріміз далаға шығып, киім, құжаттарымызды алып жүгірдік. Одан кейін бәрі өтті енді. «Үйге қайтыңдар» деп жатыр. Үйге қайтып жатырмыз бәріміз.

Қарғалы өзенінің сағасы секундына 20 текше метр суды еркін жібере алады. Биыл жазда күн ыстық болғандықтан, мұздықтар еріп, су деңгейі көтерілген.

Алмас Садуақас, тілші:

- Осыдан 5 жыл бұрын дәл осы Қарғалы өзеніндегі су арнасынан тасып, тасқын болып, жүздеген үйдің ауласын су басқан еді. Ал бұл жолы ондай апаттың беті қайтқаны қуантады. Күндіз тасыған су бірте-бірте баяулап, саябырсып, су деңгейі 40-50 сантиметр төмендеді.

Дегенмен, сақтықта қорлық жоқ. Дабыл қағысымен төтеншеліктер дереу апаттың алдын алу жұмыстарына кірісті. Сел жүру қаупі бар деген ауылдарды газ, ауызсу мен электр жарығынан уақытша ажыратты. Үш эвакуациялық пункт белгіленді. Бірақ көп ұзамай ол пунктердің қажеті болмады. Өйткені көп ұзамай қалалық төтенше жағдай департаментінің өкілдері жағдайдың тұрақталғандығын хабарлады.

Ерлан Әлібеков, қалалық ТЖД бастығының орынбасары:

- Ешқандай қауіп жоқ. Судың шығыны қазіргі кезде 4,86 метр кубты құрап отыр. Бұл қазір Қарғалы платинасынан транзитті түрде өтіп жатыр. Сіздер білесіздер, 2015 жылы болған селдің себебі - Қарғалыдан төмен қарай өзеннің маңайы дұрыстап бекітілмеген болатын. Қазіргі кезде ол жұмыстар толығымен жасалды. Қарғалы платинасынан төмен қарай бетоннан арнайы канал салынған. Оның су өткізетін күштілігі 20 метр кубты құрайды.

Жалпы селдің алдын алу жұмыстары тоқтаусз жүргізіліп, таудағы көлдерде жиналған су уақытылы ағызылып тұрады. Ал №1 көлден бұған дейін 1,6 млн текше метр су шығарылған. Елдің қауіпсіздігі басты назарда. Сондықтан бұл аймақ қазір әуеден бақыланып, құтқарушылар, тәртіп сақшылары мен комуналдық қызмет өкілдері кезекшілік атқарады. Қажетті техника сақадай-сай. Ауласын су алып, зардап шеккен ешкім жоқ.

Авторлары: Алмас Садуақас, Сержан Жұмабаев, Эдуард Кон

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=38&id=1034498
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар


Шет жақ шет қалмайды &# 3 min
Аляска тұрғыны теңіз жа 8 min
24 тамыз, сенбі күнге а 8 min
Сотты сарсаңға салмайық 18 min
Запастағы офицерлер ело 18 min
Павлодар облысында ірі 18 min
Тимур Хайдаров пен Мере 27 min
23.08.2019 - Ақпарат - 28 min
Осы араны басып көріңіз 28 min
Бурабайдың бұлты да жол 1 sagt
Осы араны басып көріңіз 1 sagt
Нұр-Сұлтанда жерлеу қыз 1 sagt
Қазақстандық триатлоншы 1 sagt
Еліміздегі ең үлкен жыл 1 sagt
Ерекше үй тапсырмалары 1 sagt
Браконьерлердің мүлкі т 1 sagt
«Елорда жастары сыйлығы 1 sagt
ШҚО-да мемлекеттік-жеке 1 sagt
Ұлытау ауданында халықа 1 sagt
«Қарапайым заттар эконо 1 sagt
Құмар Ақсақалов: Біздің 1 sagt
«Әл-Ғани» мешітінде «Ме 1 sagt
БІЛІМ ОШАҚТАРЫНЫҢ ӘЗІРЛ 1 sagt
Жіберіп хабаршыға үбкен 1 sagt
Елорда көшелерінде суағ 1 sagt
Аралда қанша су қалды 1 sagt
Ұлттық олимпиада комите 1 sagt
Татарстанның Қазан қала 1 sagt
Көшедегі мүсіндер ̵ 2 sagt
Арабтар еліміздің ауыл 2 sagt