Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-08-16532315249 %51 %
2019-08-17559439538 %62 %
2019-08-18287144341 %59 %

Қарағанды облысында қуғын-сүргінге түскен литвалықтар туралы көрме ашылды



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Түрікстан торабы

Жолданған уақыты: 21:10 - 2019/08/14


Қарағанды облысында қуғын-сүргінге түскен литвалықтар туралы көрме ашылды

Қарағанды облысы Долинка кентіндегі саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу мұражайында «Литвалықтар Қазақстанда» атты көрме ашылды. Бұл  туралы ҚазАқпарат ХАА хабарлайды.

Сталиндік террордың қайғылы тарихы туралы баяндайтын экспозиция «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылды. Бұл туралы Қарағанды облысының әкімдігі хабарлады. «Біздің еліміз депортацияланған литвалықтардың өмірінде үлкен рөл атқарды.

Қазақстан Литваның қуғын-сүргінге ұшыраған тұрғындарының саны бойынша Ресейден кейін екінші орында тұр. Мұнда 50 мыңға жуық этникалық литвалықтар болған. Қазақ даласына өз еркінен тыс жер аударып келген адамдар жергілікті халықпен көрші болып өмір сүрді және бірге еңбек етті. Қазақтар оларға ауыр жағдайда көмектесіп, өмір қиындықтарына төтеп беруге жәрдемдесті. Ал литвалықтар өз кезегінде жақсы ұста болды, саздан жасалған ыдыс-аяқ және ағаштан жасалған бұйымдар жасай алды, сол арқылы халықтардың мәдениетін өзара байыта білді», - деп атап өтті мұражай қорының бас сақтаушысы Марина Клышникова.

Көрмеде 40-50 жылдардағы тарихи құжаттар, фотосуреттер, тұрмыстық заттар жинақталған. Экспозиция материалдарынан литвалықтар қандай лагерьлерде және қайда жұмыс істейтінін білуге болады. Қарағанды облысы бойынша ату жазасына қиылған литвалықтардың тізімі, мұрағаттық істердің көшірмелері, лагерьлердегі қамаудағылардың құрамы мен қозғалысы, арнайы қоныс аударушылардың саны және т. б. туралы анықтамалар ұсынылған. Сонымен қатар АЛЖИР лагерінде жазасын өтеген литва ұлтының өкілдеріне арналған стенд орнатылды. Қуғын-сүргін қасіреті нақты адамдардың тағдыры арқылы да берілді. Экспозицияда Теміртау лагерьлік бөлімінде жасалған Адамис Адамонистің өлімі туралы құжаттар, Спасск бөлімшесінің сотталушысы, әскери тұтқындалған Отто Спогаттың карточкалары бар. Мұражай қорынан арнайы қоныс аударушылардың чемодандары, католиктік Христос керілген крест, қамаудағылардың ыдыстары мен киімдері ұсынылған. Бүгінде Қазақстанда 7 мыңнан астам литвалықтар тұрады, оның 2 500-і Қарағанды облысында. «Қазақстандағы литвалықтар» көрмесі 2019 жылдың 19 тамызына дейін жалғасады.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=14&id=1034483
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар


Хорватияда ұшақ автобан 4 min
Бас шужи ши жинпиңның м 5 min
Кітапты мұқабасына қара 10 min
Ағабек ҚОНАРБАЙҰЛЫ: маң 15 min
Шинжяң жақсы жер-әғәжәй 25 min
«шинжяңның кәсіптік өне 25 min
Италия екі апта бойы те 1 sagt
Аляскада аптап ыстық са 1 sagt
Димаш Құдайберген Исла 1 sagt
Мемлекеттік саяси кеңес 1 sagt
Осы араны басып көріңіз 1 sagt
Алматы облысында жер с 1 sagt
Елордада спорт күніне а 1 sagt
Шяңгәң сақшылары қыр кө 1 sagt
Интернет арқылы алаяқ е 1 sagt
Шөл - жәзирәдәғі шекәрә 1 sagt
Мемлекет басшысы: Үкіме 1 sagt
Интернет арқылы алаяқ Н 1 sagt
Нью-Йоркте шағын ұшақ ү 1 sagt
4 ٴыры бұғалтырлар басқ 1 sagt
«Норвегияның Арктика жа 2 sagt
Осы араны басып көріңіз 2 sagt
Сүйіспеншілікті жалғады 2 sagt
Осы араны басып көріңіз 2 sagt
Шяңгәңнің финанс саласы 2 sagt
Осы араны басып көріңіз 2 sagt
Шеберлікке баулу жұмыст 2 sagt
Осы араны басып көріңіз 2 sagt
«Барыс» Швейцариядағы т 2 sagt
Алтай ауданында 2 жасар 2 sagt