Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-08-16532315249 %51 %
2019-08-17559439538 %62 %
2019-08-18287144341 %59 %

Ақмола облысындағы 600 киелі орынға QR-код орнатылады



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Ұлыт торабы

Жолданған уақыты: 21:10 - 2019/08/14


Ақмола облысындағы тарихи-мәдени жәдігерлерді цифрландыру мақсатында 600 киелі нысанға QR-код енгізу жұмыстары жалғасуда. Бұл шаралар 2020 жылға дейін толық жүзеге асады деп жоспарланған.

QR-кодтың басты артықшылығы – мобильді қосымша көмегімен шифрланған ақпаратты оқи алуында болып отыр. Оны кез келген адам қарапайым смартфонның көмегімен онлайн-режимде көре алады.

«Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында тарихи нысандарды жаппай цифрландыру жұмыстары қолға алынған болатын. Қазіргі таңда өңірдегі 43 табиғи және тарихи-мәдени орынға QR-код орнатылған. Атап айтқанда, олардың ішінде Бурабайдағы Абылай хан алаңы, Ерейментаудағы Бөгенбай батыр ескерткіші, Атбасар қаласындағы Ілияс Есенберлин ескерткіші, Көкшетау қаласындағы Абылай хан ескерткіші, Зеренді ауданындағы Уәли хан мазары бар. Осылайша, туристер, қонақтар және қала тұрғындары цифрлық технологиялар арқылы көне ескерткіштердің тарихы туралы танымдық ақпараттар ала алады. Бұған қоса, QR-код арқылы өнер саласына үлкен туынды әкелген тұлғалардың (Ақан сері, Біржан сал) тарихы мен екінші дүниежүзілік соғыс батырлары (Талғат Бигелдинов, Мәлік Ғабдуллин және т.б.) туралы тың ақпараттар оқуға болады.

Бүгінгі таңда Көкшетау-Нұр-Сұлтан автожолы бойында жаңадан орнатылған Ақан сері, Біржан сал, Балуан Шолақ, Үкілі Ыбырай, Кенесары хан ескерткіштеріне QR-кодтар қою жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, XIX-XX ғасырдағы сәулет-өнер ескерткіші саналатын «Көкшетау қаласының тарихы музей ғимаратына» және «Юность» кинотеатр ғимаратына QR-код орнатылды.

Айта кетейік, Ақмола облысында 4 республикалық ескерткіш, 1032 жергілікті ескерткіш және 757 нысан тіркелген. «Қасиетті Қазақстан» энциклопедиясының І томына Ақмола облысынан 200-ден астам тарихи-мәдени нысан еніп отыр. Аталған жұмыстар «Ескерткіштер сыр шертеді» жобасының аясында жүзеге асып жатыр.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=53&id=1034482
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар


Желіде ұшақтың автобанғ 4 min
Сайрамда саяхаттау-әғәж 6 min
Желіде ұшақтың автобанғ 10 min
Малайзя ٴмансаптылары « 16 min
Хорватияда ұшақ автобан 25 min
Бас шужи ши жинпиңның м 26 min
Кітапты мұқабасына қара 1 sagt
Ағабек ҚОНАРБАЙҰЛЫ: маң 1 sagt
Шинжяң жақсы жер-әғәжәй 1 sagt
«шинжяңның кәсіптік өне 1 sagt
Италия екі апта бойы те 1 sagt
Аляскада аптап ыстық са 1 sagt
Димаш Құдайберген Исла 1 sagt
Мемлекеттік саяси кеңес 1 sagt
Осы араны басып көріңіз 1 sagt
Алматы облысында жер с 1 sagt
Елордада спорт күніне а 1 sagt
Шяңгәң сақшылары қыр кө 1 sagt
Интернет арқылы алаяқ е 1 sagt
Шөл - жәзирәдәғі шекәрә 1 sagt
Мемлекет басшысы: Үкіме 1 sagt
Интернет арқылы алаяқ Н 2 sagt
Нью-Йоркте шағын ұшақ ү 2 sagt
4 ٴыры бұғалтырлар басқ 2 sagt
«Норвегияның Арктика жа 2 sagt
Осы араны басып көріңіз 2 sagt
Сүйіспеншілікті жалғады 2 sagt
Осы араны басып көріңіз 2 sagt
Шяңгәңнің финанс саласы 2 sagt
Осы араны басып көріңіз 2 sagt