Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-09-181453485241 %59 %
2019-09-191340442541 %59 %
2019-09-209612552278 %22 %

Қазақстандық боксшы WBA, WBO және IBF титулдары үшін жекпе-жекте жеңіске жетті - Қазақстан және әлем



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: 24.kz ақпарат

Жолданған уақыты: 19:00 - 2019/08/14



Қазақстандық боксшы WBA, WBO және IBF титулдары үшін жекпе-жекте жеңіске жетті


Жартылай орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық Нұрсұлтан Жаңабаев (7-0, 5 КО) австралиялық Стив Гагоны (11-0, 4 КО) жеңіп, WBA Inter-Continental, WBO Oriental және IBF Pan Pacific белбеулерін біріктірді, – деп хабарлайды Vesti.kz.

Он раундқа есептелген жекпе-жек 14 тамыз Австралия астанасы Сиднейдегі ICC Exhibition Centre аренасында өтті.

Осылайша, 26 жастағы қазақстандық боксшы сегіз жекпе-жегінің барлығында жеңіске жетті (бес нокаут). Айта кетейік, Жаңабаев Австралияда алғаш рет жұдырықтасып тұр – бұған дейін ол Қазақстан мен Қытайда екі реттен және Ресейде үш жекпе-жек өткізген. 

Жаңабаевтан кейін рингке тағы бір қазақстандық боксшы – Айдос Ербосынұлы (11-0, 8 КО) шығады. Оның қарсыласы австралиялық Рокки Джеркич (17-1, 13 КО). Он раундтан тұратын бұл жекпе-жекке екінші орта салмақтағы WBA International белбеу тігіледі.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=38&id=1034418
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар