Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-08-17559439538 %62 %
2019-08-18525278840 %60 %
2019-08-1910164238 %62 %

Энергетика министрі Мемлекет басшысына не жайында баяндады



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 18:27 - 2019/08/14


Энергетика министрі Мемлекет басшысына не жайында баяндады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Энергетика министрі Қанат Бозымбаевты қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Энергетика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қанат Бозымбаев Қазақстан Президентіне өткен жеті айдың қортындысын баяндап, энергетика саласының жоспарлы дамып жатқанын хабарлады. Баяндамаға сәйкес, мұнай өндіру көлемі 52,23 млн тоннаны құрап, биылғы жоспар 101,2 пайызға орындалған. Оның ішінде үш ірі жобаның үлесіне 31,6 млн тонна тиесілі. (Қашағанда - 7,2 мон тонна, Теңізде- 17,5, млн тонна Қарашығанақта - 6,9 млн тонна.)

«Шыны керек, осы жылдың маусым айында Қашағанда күрделі жөндеуден өтіп, өндіру көлемі тұрақты түрде тәулігіне 380 мың баррельге шықты. Ал, мұнай өндірудің ағымдағы қарқыны жылдық жоспарды 89 млн тонна көлемінде орындауға мүмкіндік береді», - деді министр.

Сонымен қатар, мұнай өнімдерін өңдеу саласында да оң динамика сақтаулы. Яғни өңдеу көлемі 9,58 млн тоннаға жетіп, былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда 3,1 пайыздық өсімді көрсетіп отыр. Бензин бойынша өңдеу 10,8 пайызға , дизель 7,8 пайызға , авиаотын 2,2 есеге өсіп отыр. Осының нәтижесінде жыл басынан бері нарықтағы бөлшек саудада баға төмендеген. Әсіресе бензиннің АИ-92 маркасы 6 пайызға арзандаған.

Айта кету керек, ағымдағы жылы Қазақстан ЕЭҚ-тан тыс жерлерге Аи-92 маркасын 70 мың тоннаға дейін, ай сайын Аи-95 маркасы бойынша 15 мың тоннаға дейін таза-экспорттаушы болып отыр.

Өткен жеті айда, газ өндіру көлемі 33,1 млрд текше метрді құрап, жоспар 101,8 пайызға, ал тауарлы газ өндірісі 19,6 млрд текше метрге жетіп, белгіленген жоспар 104,8 пайызға орындалды. Сондықтан ішкі нарықта тұрақтылық орнатылып, газ бағасын негізсіз өсуіне жол берілмей келе жатыр. Халықты газбен қамту 49,7 пайызға жеткен. Қазір 9 млн-ға жуық адам көгілдір отынға қол жеткізген.

Кездесу барысында министр мұнай химия саласына да тоқталып, бірқатар жүйелі жұмыстарды баяндады. Битум өндірісі 464 мың тоннаға жетіп, белгіленген жоспар 103 пайызға орындалған.

Отандық мұнай-газ химиясындағы осы жылдың маңызды оқиғасы - Атырау МӨЗ-де хош иісті көмірсутектердің (бензол, параксилол) өнеркәсіптік өндірісін бастауы. Бірінші жартыжылдықта 95 мың тонна хош иісті көмірсутектер өндіріліп, олар экспортқа (Ресей) жіберілді. 2019 жылға жоспар - 180 мың тонна.

Ал, электр энергиясын өндіру жалпы тұтынуға сәйкес 60,4 млрд кВтсағ құрап отыр.

Сондай-ақ, кездесуде министр Президентке энергетика саласына жасалып жатқан инвестициялар туралы да мәлімет берді.

Мұнай өндірісінде үш ірі жобаны іске асыруға құйылған инвестиция көлемі 44,5 млрд АҚШ долларын құрады. Бұл қаражат үш ірі жобаны іске асыруға - Теңізді болашақта кеңейту жобасы (38 млрд АҚШ доллары), Қарашығанақ өндіру деңгейін ұзарту жобаларына (4,5 млрд АҚШ) жұмсалады.

Осылайша, теңізді болашақта кеңейту жобасы сапалы өндіруге серпіліс бермек. Яғни жыл сайынғы деңгейді 2023 жылдан бастап, бірден 12 млн тоннаға арттыруға мүмкіндік береді. Мұнай-газ химия саласында жалпы құны 12,3 млрд АҚШ долларын құрайтын 8 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Бұл - Полипропилен мен Полиэтилен жобалары жақын шет елдер арасында полимерлер өндірісіндегі ең ірі жобалары. Екі жоба бойынша инвестиция көлемі - 9 млрд доллар. Құрылыс кезінде кемінде 3 мың жұмыс орны және пайдалану кезеңінде – 1 мың адам тұрақты жұмыспен қамтылады.

Полипропилен жобасы бойынша құрылыс кесте бойынша жүріп, 2021 жылы аяқталады.

Айта кету керек, қазіргі таңда жаңартылатын энергетиканы дамыту да тұрақты жолға қойылған. Осы саладағы көрсетілетін мемлекеттік қолдау шаралары инвесторлардың белсенді түрде қызығушылығын тудырады. Қазірдің өзінде инвестициялық көлемі 2 млрд АҚШ долларын құрайтын 82 РРА келісімшартқа қол қойылды.

Жыл соңына дейін, ЖЭК объектілерінің жиынтық қуаты 733-тен (77 нысан) 967 МВт-қа (85 нысан) дейін артады. 2020 жылы ЖЭК санын 95-ке (1483 МВт) дейін, 2021 жылы 119-ға (бұл 2096 МВт) дейін жеткізу жоспарлануда.

Сөз соңында Президент энергетика саласының дамуына оң бағасын беріп, алдағы уақытта қалыптасқан тұрақтылықты сақтауды тапсырды.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1034391
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар


Қазақстанның 3 қаласынд 3 min
19 тамыз. ҚазАқпарат кү 18 min
Бұқтырмаға батып кеткен 1 sagt
Қорғалжында экологиялық 2 sagt
Лисаков қаласында мемле 2 sagt
Ұлыбритания азық-түлік 4 sagt
Гран-Канария аралында қ 4 sagt
Қажылыққа аттанған 2 мы 4 sagt
Исландияда Окйекудль мұ 4 sagt
Елордалық ТЖД өрт кезін 5 sagt
Осы араны басып көріңіз 6 sagt
Жаңа оқу жылының канику 6 sagt
Ақмола облысында «сібір 6 sagt
Ауа райы: Дүйсенбіде ел 7 sagt
Серік Асылбекұлы | Әдеб 7 sagt
Ақмола облысындағы ауыл 7 sagt
Хуситтер Сауд Арабиясын 7 sagt
Израиль мен Газа сектор 7 sagt
Қостанайда тұңғыш рет т 7 sagt
Павлодар облысында көкө 7 sagt
«Тараз» футболшысы жанк 7 sagt
Жәнібек Әлімханұлы қаза 8 sagt
Осы араны басып көріңіз 8 sagt
Ақмола облысында карант 8 sagt
Сыр өңірінде биыл 87 мы 8 sagt
Президент АрМи-2019 ойы 8 sagt
Ақтаудың орталығындағы 8 sagt
ҚПЛ: Екі ойында сегіз г 9 sagt
Елордалықтар спорт күні 9 sagt
Қасым-Жомарт Тоқаевтың  10 sagt