Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-08-18525278840 %60 %
2019-08-19580345151 %49 %
2019-08-2017689560 %40 %

Зарина Дияс Цинциннати турнирінің екінші айналымына шықты



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Ұлыт торабы

Жолданған уақыты: 17:40 - 2019/08/14


Қазақстандық Зарина Дияс Цинциннати (АҚШ) WTA турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дүниежүзілік рейтингте 80-орында тұрған З.Дияс бастапқы кездесуін «Үлкен дулыға» турнирлерінің 23 мәрте жеңімпазы, атақты америкалық Серена Уильямспен өткізуі тиіс болатын.

Алайда С.Уильямс жеме-жемге келгенде, жарақатына байланысты жарысқа қатысудан бас тартты.

Ұйымдастырушыларға аяқ астынан америкалық, әлемнің 56-ракеткасы Джессика Пугеланы шақыруына тура келді.

Орталық кортта өткен матчтың бірінші партиясын қарқынды бастаған Зарина 5:0 есебімен алға шықты.

Осыдан кейін сетті қиналмай бітіруге болатын еді. Әйтсе де Зарина бірнеше сетболды пайдалана алмады. Америкалық теннисші таразы басын теңестіріп үлгерді. Дегенмен З.Дияс қайратына қайта мініп, қатарынан қос геймді ала білді - 7:5.

Екінші партияда да Зарина есесін жібермеді - 6:4.

Бәсеке екі сағатқа жуық уақытқа созылды.

Бұл - теннисшілердің өзара үшінші кездесуі. Биыл Индиан-Уэллс додасында америкалық спортшы 6:1, 6:1 есебімен жеңген болатын. Бірнеше күн бұрын осы Цинциннатиде іріктеу сайыстарының финалында үш сағатқа жуық уақытқа созылып, аса тартысты өткен кездесуде Зарина қарсыласын тізе бүктіріп, негізгі турнирге жолдама алған еді.

З.Дияс Цинциннати турнирінің екінші айналымында әлемнің 22-ракеткасы, АҚШ-тың жас жұлдыздарының бірі, 1998 жылы Мәскеуде дүниеге келген София Кенинмен шеберлік байқасады.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=53&id=1034361
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар


Арман ӘДІЛБЕК. Мен оны 1 min
Тянь-Шаньдағы құтқару о 1 min
Маралдыдағы атыс: Минис 5 min
Қызылордалық АТТ мүшеле 11 min
Қазақстан жыл басынан б 11 min
Бердібек Сапарбаев Прем 11 min
«тылшының ұзақ жорық жө 11 min
СҚО мәдениет басқармасы 11 min
Жасылкөл туралы не біле 11 min
БАС МҮФТИ ЖАМАҒАТЫМЕН С 11 min
Қырғыз саясаткері Өмір 11 min
Қалалар мен ауылдардың 11 min
Ерлан Қожағапанов Алмат 17 min
Хабар 24 - Новости Каза 21 min
Бердібек Сапарбаев Прем 23 min
Ақтөбе: Өңірлік талапке 26 min
Асқар Мамин әлеуметтік 29 min
Нұр-Сұлтан аналары бал 1 sagt
Осы араны басып көріңіз 1 sagt
Альпинистердің нақты қа 1 sagt
Ақмола облысында 108 ад 1 sagt
Еуропа халқы қазақ мәде 1 sagt
Біржан Ахмер. Түркілік 1 sagt
ФИФА жылдың үздік голы 1 sagt
Шяңгәң ерекше әкімшілік 1 sagt
Компьютер алдында тама 1 sagt
Құтқарушылар алматылық 1 sagt
Ши жинпиң «адамзаттың т 1 sagt
Осы араны басып көріңіз 1 sagt
Кайдзен жоспарлау қағи 1 sagt