Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-08-18525278840 %60 %
2019-08-19580345151 %49 %
2019-08-20197103062 %38 %

Өскеменде алғаш рет триатлоннан республикалық сайыс өтеді Біз сізді жарқын әлемге жетелейміз! Бізге



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Массагет мақалалары

Жолданған уақыты: 17:35 - 2019/08/14


Өскеменде алғаш рет триатлоннан республикалық сайыс өтеді Біз сізді жарқын әлемге жетелейміз! Бізге қосыл! Біз сізді жарқын әлемге жетелейміз! Бізге қосыл!


Өскеменде алғаш рет триатлоннан республикалық сайыс өтеді

17-18 тамызда Өскемен қаласы өз тарихында алғаш рет триатлоннан республикалық сайыстарды қабылдайды.

Бірінші сайыс күні бірнеше жарыстар өтеді:

U15 санатындағы спортшылар "супер-спринт" қашықтығында триатлоннан Қазақстан Республикасының Чемпионаты аясында сайысады;

U17 санатындағы спортшылар Гундерсен жүйесі бойынша «супер-спринт» қашықтығында триатлоннан Қазақстан Республикасы Кубогының финалында сайысады;

U19, U23 санатындағы спортшылар "супер-спринт" қашықтығында триатлоннан Қазақстан Республикасы Кубогыныың финалында сайысады;

Elite санатындағы спортшылар "спринт" қашықтығында триатлоннан Қазақстан Республикасы Кубогы IV кезеңінің жеңімпаздарын анықтайтын болады.

Сайыс «Самрұқ-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ, Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт Министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері бойынша Комитетінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиада комитетінің, Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің, Өскемен қаласы әкімдігінің және BI Group компаниясының қолдауымен өткізілмек. 

Сайыс мақсаты:

Қазақстанда триатлонды дамыту және салауатты өмір салтын насихаттау;

қазақстандық кәсіби спортшылардың, бапкерлер мен төрешілердің біліктілігін арттыру;

үздік спортшыларды анықтау.

Сайыс аясында кәсіби спортшылар бірнеше қашықтықтарда сынға түсетін болады:

1. Elite (16 жастан жоғары), U23 (16-23 жас) және U19 (16-19 жас) санаттары, триатлон тәртібі, қашықтық – "спринт" (750 метрге жүзу, 20 шақырым веложарыс, 5 шақырым жүгіру);

2. U17 (13-17 жас) санаты, триатлон тәртібі, қашықтық – Гундерсен жүйесі бойынша "супер-спринт" (300 метрге жүзу, 8 шақырым веложарыс, 2 шақырым жүгіру);

3. U15 (13-15 жас) санаты, триатлон тәртібі, қашықтық – "супер-спринт" (300 метрге жүзу, 8 шақырым веложарыс, 2 шақырым жүгіру).

Республикамыздың түрлі аймақтарынан келген 50-е жуық кәсіби спортшылар қатысады деп күтілуде.

"TEMIRADAM" Кубогының X кезеңі – халық арасында триатлонды дамыту мен салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында Age Group санатындағы (әуесқой) спортшылар арасында өткізілетін ұлттық турнир.

"Спринтерлік" қашықтықтағы әуесқойлар додасы үш кезеңнен құралатын болады: 750 метрге жүзу + 20 шақырым веложарыс + 5 шақырым жүгіру

Түрлі аймақтардан келген 50-ге жуық әуесқой спортшылар қатысады деп күтілуде.

Сайыс кестесі

Күні

Уақыты

Іс-шара

17 тамыз

08.45 сағ.

Ашылу салтанаты

09.00 сағ.

U15, U17, U19, U23, Elite санатындағы спортшылар жарысының басталуы – ерлер мен әйелдер

11.30 сағ.

U15, U19, U23, Elite санатындағы спортшыларды марапаттау – ерлер мен әйелдер

18 тамыз

09.00 сағ.

U17 санатындағы спортшылар жарысының басталуы – екінші кезең – ерлер мен әйелдер

10.00 сағ.

U17 санатындағы спортшыларды марапаттау – ерлер мен әйелдер

11.00 сағ.

Age Group (әуесқой) санатындағы спортшылар жарысының басталуы

13.30 сағ.

Age Group (әуесқой) санатындағы спортшыларды марапаттау

Анықтама

Триатлон – жүзу, веложарыс және жүгіру секілді жекелеген спорт түрлерінен құралған мультиспортивті циклдық олимпиадалық спорт түрі. Триатлон кезеңдерін спортшылар кезекпен және үзіліссіз бағындырады. Халықаралық деңгейде триатлон Халықаралық Триатлон Одағының (International Triathlon Union) ережелерімен реттеледі. 


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=41&id=1034358
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар


Испанияның Гран-Канария 2 min
Жаңа заң жобасы АХҚО юр 6 min
Қазпошта сайтында және 9 min
«Әзілің жарасса...». Тә 9 min
Жастар тарихи орындарға 12 min
Қазақстанда полицияға а 12 min
Дүйсенәлі Әлімақын. Ноб 12 min
БАСПАНА САУДАСЫ РЕТТЕЛЕ 12 min
Бердібек Сапарбаев Прем 12 min
«Этикалық жұмыртқа» сау 12 min
Ұлы ұзақ жорық рухы- ал 12 min
Сібір жарасына байланыс 12 min
Екібастұзда газ баллоны 18 min
Нұрсұлтан Назарбаевтың 21 min
Үндістанда алапат су та 22 min
Құтқарушылар алматылық 22 min
Жамбыл АРТЫҚБАЕВ, тари 27 min
Ректорларды конкурстық 27 min
Енді жаңа көлікті автос 30 min
Әуелгі мақсатты, борышт 1 sagt
АҚШ-та автокөлік жарысы 1 sagt
Арыс: Қалалық аурухана 1 sagt
Тоқаев Бердібек Сапарба 1 sagt
Мәжіліс депутаттары ме 1 sagt
Ақмола облысындағы түйн 1 sagt
Үй тапсырмасы 1 sagt
Поэзия аллеясы ашылады 1 sagt
Мәжіліс депутаттары мем 1 sagt
Алматылық альпинистерді 1 sagt
Бердібек Сапарбаев вице 1 sagt