Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-08-18525278840 %60 %
2019-08-19580345151 %49 %
2019-08-2017689560 %40 %

Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің жарықтандыру және желдеткіш жүйелері тарихи қалпына келтіріледі | Қазақ



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақ газеттері

Жолданған уақыты: 17:33 - 2019/08/14




Қожа Ахмет Ясауи кесенесіндегі Қабірхана, Үлкен Ақсарай және Құдықхана бөлмелерінде қайта жаңарту жұмыстары жүруде. Сонымен қатар, Қожа Ахмет Ясауи және Рәбия Сұлтан Бегім ана кесенелерінің күмбездері де жаңартылуда. Бұл туралы «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің баспасөз қызметі хабарлайды. 
Құрылыс жұмыстарын «Қазқайтажаңарту» РМК-нің Алматы, Қызылорда, Түркістан филиалдары жүргізуде.
Айта кетсек, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейіне қарасты тарихи орындарды анықтау, қайта қалпына келтіру мақсатында жобасы дайындалғаны белгілі. Осы орайда қаладағы басты 18 тарихи-мәдени мұра нысанын реставрациялау және қайта жаңғырту жоспарланды. Ең алдымен алдағы 3 жыл ішінде Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің басты компоненттері — Қазандық, Қабірхана, Басты портал жаңғыртылады.
Кесененің ішін жылы ұстау және дұрыс жарықтандыру үшін жарықтандыру және желдеткіш жүйелері тарихи қалпына келтіріледі. Қазақ хандарының мәжіліс өткізетін және елшілерді қабылдауға арналған Үлкен Ақсарай бөлмесі сол дәуірдегі  ұлттық ерекшелігі сақтала отырып, толығымен қайта қалпына келтіріледі. Елбасының  тапсырмасы бойынша Рүстем Абдрашевтің «Алмас қылыш» көркем фильмінің бір эпизоды дәл осы Ақсарай бөлмесінде түсірілген. Ақсарай бөлмесі тәрізді өзге де залдардың экспозициялары, соның ішінде Қазандық пен Құдықхана бөлмелері қалпына келтіріледі.

Қожа Ахмет Ясауи қабірханасы екі қабат күмбезбен көмкерілген. Ганчтан жасалған өрнекті әшекей Қабірхана төбесін жауып тұрған төменгі күмбезді жасырып тұр. Сырттай Қабірхана төбесіне биік барабан үстінде тұрған сәнді көп қатпарлы (52 қатпар) күмбез орнатылған. Қожа Ахмет Ясауи қабірханасының сыртқы күмбезінің диаметрі — 10 метр.

Үлкен Ақсарай – Қазандықпен, Кіші Ақсараймен дәліздер арқылы жалғасады. Дәлізде екінші қабатқа шығатын баспалдақ бар. Ақсарай кейіннен ХV-ХVІ ғасырларда Қазақстан мен Орта Азия сәулет өнерінде алғаш рет пайдаланған аркалардың қиылысу конструкциясы қолданылған, сондықтан бөлме құрылысы өз заманындағы аса бағалы сәулет ескерткіші болып табылады.

Құдықхана – қазандық пен дәліз арқылы байланысты ғимараттың шығыс жағындағы, мұнараға көтерілетін баспалдағы бар шаршы бөлме оңтүстіктегі шұғыл ойық есебінен созылыңқылау болып көрінеді. Құдықхананың аты осындағы құдықпен байланысты. Құдық құрылыс кезінде су алу үшін қазылған деген жорамал бар. Құдық айналдыра дөңгелете кірпіштен қаланған. Диаметрі — 80 см. Аталған құдықтан су алып Тайқазанды толтыратын болған.

Рабия Сұлтан Бегім кесенесі — ХV ғасырдың ескерткіші. Ахмет Ясауи кесенесінің оңтүстік-шығыс беткейінен 60 метр қашықтықта орналасқан. Ескерткіш біздің уақытқа дейін өте қатты қиратылып кеткен қалпында жеткен, 1980-ші жылдардың бас кезінде толығымен қайта қалпына келтірілді.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=6&id=1034357
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар


Қызылордалық АТТ мүшеле 1 min
Қазақстан жыл басынан б 1 min
Бердібек Сапарбаев Прем 1 min
«тылшының ұзақ жорық жө 1 min
СҚО мәдениет басқармасы 1 min
Жасылкөл туралы не біле 1 min
БАС МҮФТИ ЖАМАҒАТЫМЕН С 1 min
Қырғыз саясаткері Өмір 1 min
Қалалар мен ауылдардың 1 min
Ерлан Қожағапанов Алмат 7 min
Хабар 24 - Новости Каза 11 min
Бердібек Сапарбаев Прем 13 min
Ақтөбе: Өңірлік талапке 16 min
Асқар Мамин әлеуметтік 19 min
Нұр-Сұлтан аналары бал 21 min
Осы араны басып көріңіз 21 min
Альпинистердің нақты қа 28 min
Ақмола облысында 108 ад 1 sagt
Еуропа халқы қазақ мәде 1 sagt
Біржан Ахмер. Түркілік 1 sagt
ФИФА жылдың үздік голы 1 sagt
Шяңгәң ерекше әкімшілік 1 sagt
Компьютер алдында тама 1 sagt
Құтқарушылар алматылық 1 sagt
Ши жинпиң «адамзаттың т 1 sagt
Осы араны басып көріңіз 1 sagt
Кайдзен жоспарлау қағи 1 sagt
Әлімбекова туған жерінд 1 sagt
Үкімет отырысында қанда 1 sagt
Павлодарда браконьерлер 1 sagt