Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-12-0566971342055 %45 %
2019-12-0628711318864 %36 %
2019-12-071066317352 %48 %

Чемпионатқа қатысып, триатлоннан Алматы құрамасының мүшесі бол! Біз сізді жарқын әлемге жетелейміз!



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Массагет мақалалары

Жолданған уақыты: 16:50 - 2019/08/14


Чемпионатқа қатысып, триатлоннан Алматы құрамасының мүшесі бол! Біз сізді жарқын әлемге жетелейміз! Бізге қосыл! Біз сізді жарқын әлемге жетелейміз! Бізге қосыл!


Чемпионатқа қатысып, триатлоннан Алматы құрамасының мүшесі бол!

2019 жылдың 8 қыркүйегінде "Алматы Арена" кешенінде 7 жастан 23 жасқа дейінгі спортшылар үшін триатлоннан Алматы ашық чемпионаты өтеді. Чемпионаттың басты міндеттері-Almaty Triathlon Federation құрамасын толықтыру үшін белсенді балаларды анықтау және триатлонды дәріптеу. 

- Бапкерлер үшін осындай жарыстар - үлкен "селекциялық" жұмыстың бір бөлігі, - дейді жарыстың бас төрешісі Максим Мазур. - Бұл ретте біз кіші топқа ерекше көңіл бөлеміз, өйткені мықты спортшыны тәрбиелеу үшін онымен ерте жастан бастап жаттығуымыз, жұмыс жасауымыз керек. 

Айта кетейік, Almaty Triathlon Federation екі жыл ішінде бірнеше талантты спортшыларды өсірді. Осылайша, Ғазиза Құмақбаева мен Дарья Бычкова 2018 жылы Қазақстанның үздік спортшылары атанды (Ғазиза ҚР Ұлттық құрамасына көшті), 15 жасар спортшы Александр Тен 2019 жылдың басынан бері қатарынан үш жоғары титулды жеңіп алды - Қазақстан, Орталық Азия және бүкіл Азия құрлығының чемпионы атанды! Басқа атлеттер да жақсы нәтижелер көрсетіп, еліміздің үш атлетінің қатарына кіруге барлық мүмкіндіктерге ие.

- Алматы құрамасы үнемі жаңартылып отырады, - деді Almaty Triathlon Federation қамқоршылық кеңесінің мүшесі Валихан Тен. – Біздің атлеттеріміз өсіп келеді, чемпион атануда, өкінішке орай, бізді тастап кетеді, біз жаңаларын тәрбиелеуіміз керек. Сонымен, құрметті ата-аналар, балаларыңызды триталонға әкеліңіздер: сіздің балаңыздың бүгінгі жеңісі - бұл тек қала құрамасына ғана емес, одан кейін - ұлттық командаға, болашақ олимпиадаларға бастайтын жол. Әрине, барлық қатысушылар бірден құрамаға ілінбейді, жаттықтырушылар ең перспективалы балаларды таңдайды. Бірақ қалғандарына қамығудың қажеті жоқ - сіздің мүмкіндігіңіз әлі алда.

Алдағы Чемпионатқа келетін болсақ, ол екі кезеңде өтеді. "Акватлон" дистанциясында (жүзу 50 м, жүгіру 1 км) 7-9 жастағы спортшылар қатысады. Тағы бір акваторлық қашықтық (100 м жүзу, 2 км жүгіру) 10-12 жастағы балалар үшін өтеді. Соңында, 13-23 жас аралығындағы атлеттер "Триатлон-суперспринт" (300 м жүзу, 8 км вело, 2 км жүгіру) дистанциясында өнер көрсетеді.

Басталуы 08:00. Тіркеу

Алдағы чемпионат жайлы толық ақпаратты  мультиспорттық арна шығарылымдарынан біле аласыз. 

Чемпионатты ұйымдастырушылар: Академик Шахмардан Есенов атындағы ғылыми білім беру қоры, Алматы әкімшілігі, "Алматы Марафоны", "Алматы Арена", Дмитрий Гаага триатлон мектебі, World Class Almaty, Алматы спорт ғимараттары дирекциясы, мультиспорттық арна #Сеніңжаңақырың, "Бірінші болу батылдық" ҚҚ. 

Триатлон-бұл мультиспорттық жарыс, ол қатысушылардың: жүзу, веложарыс және жүгіру сияқты үш кезеңнен үздіксіз және жүйелі өтуінен тұрады. 

"Almaty Triathlon Federation" қоғамдық бірлестігі 2017 жылы құрылған. Оның мақсаттары мен міндеттері:

 - триатлонды және оған кіретін спорттық пәндерді насихаттау;

 - оқу-әдістемелік бағдарламаларды жетілдіру;

- триатлонда паралимпиадашылар қозғалысының дамуы;

- триатлон әуесқойлары мен кәсіби спорт резервін дайындау;

- жаттықтырушылар құрамы мен төрешілер кадрларын іріктеу және біліктілігін арттыру жүйесін әзірлеу;

- ҚР чемпионаттарында, ірі халықаралық жарыстарда, соның ішінде 2020; 2024; 2028 жылдардағы Олимпиада ойындарында жүлделі орындарға қол жеткізу.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=41&id=1034335
Пікірлер

Көрші сілтемелер