Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-08-18525278840 %60 %
2019-08-19580345151 %49 %
2019-08-2017689560 %40 %

Сағынтаев: "Менде кездесуден қашу, диалогтан қашу деген жоқ..." (Видео)



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Ұлыт торабы

Жолданған уақыты: 15:20 - 2019/08/14


Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев сел қаупіне байланысты үн қосқан халыққа алғыс айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Таңертең ҚР ІІМ хабарласып, егер қиын жағдай болатын болса, халықты көшіру керек деген ой болды. 2015 жылғыдай өзен арнасынан тасып, тастар мен лайлы су ағатын болса, тазалау керек болады деп Ұзынағаштан қосымша әскери күштер шақырттық. Сарбаздар, Ұлттық ұлан сарбаздары күректерін ұстап сақадай сай тұр. Халық алаңдап жазып жатыр. Еріктілер алаңдаулы. Қандай көмек жасайық, не істейік деп жатыр. Осындай қиын жағдайда ауызбіршілік болғаны жақсы. Алматылықтар осы ауызбіршіліктің үлгісін көрсетіп жатыр. Мың да бір рахмет бәріне. Әзірге мамандар өздері атқарып жатыр», - деді Бақытжан Сағынтаев.

Қала әкімі халықпен сұхбаттан ешқашан қашпайтынын жеткізді.

«Мен - әркезде ашықпын. Кездесуден қашу, диалогтан қашу деген жоқ. Ұсыныстарыңыз болса айтып, әлеуметтік желіде аккаунтқа жазып отырыңыздар. Оның бәрі оқылып жатыр. Жүйе-жүйеге бөлініп, тапсырма беріліп, қаралып жатыр. Айтылған сөздің бәрі бос кетіп жатыр деп ойламаңыздар. Қаланың дамуына өркендеуіне, аудандардағы кейбір кемшіліктерін көрмей жатқан жерді көз жеткізіп айтып отыруға ол да жақсы. Әкімдерге ашық алаң орнатып апта сайын кездесу тапсырылған», - деді әкім.

Айта кету керек, бүгін Алматыда Наурызбай ауданында аз мөлшерде сел жүрген болатын. ТЖД өкілдері халықты құлақтандырып үлгерді.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=53&id=1034288
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар