Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-08-18525278840 %60 %
2019-08-19580345151 %49 %
2019-08-2017689560 %40 %

Сергей Громов экология вице-министрі қызметіне тағайындалды



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 15:18 - 2019/08/14


Сергей Громов экология вице-министрі қызметіне тағайындалды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Үкіметінің қаулысымен Сергей Николаевич Громов ҚР экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Сергей Громов 1959 жылы Талдықорған облысында дүниеге келген.

1981 жылы Жамбыл гидромелиорация-құрылыс институтын гидромелиорация мамандығы бойынша, 1991 жылы Алматы саясаттану және басқару институтын әлеуметтік-саяси қатынастар теориясы мамандығы бойынша, 2002 жылы Әулие Ата университетін құқықтану мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1981 жылы Жамбыл гидромелиорация-құрылыс институтында оқытушы болып бастаған.

1998 жылдан бастап мемлекеттік қызметте жұмыс істейді. Түрлі жылдары Оңтүстік Қазақстан облысында аудан әкімі, әкімнің бірінші орынбасары, Президент Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы болып жұмыс істеді.

2007 жылдан 2011 жыл аралығында «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының аппарат басшысы, төрағасының орынбасары, хатшысы болды.

2011 жылғы қыркүйектен 2013 жыл аралығында ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары лауазымын атқарды.

2013 жылдың тамызынан 2016 жылдың қаңтары аралығында - V шақырылымындағы ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі.

2016 жылдың қаңтарынан қазірге дейін — ҚР Парламенті Сенаты төрағасының орынбасары.

Айта кетейік, осыған дейін ҚР Президентінің Жарлықтарымен бірқатар сенаторлардың өкілеттіктері тоқтатылғандығын Ақорданың баспасөз қызметі хабарлаған болатын.

 

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1034281
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар


Қызылордалық АТТ мүшеле 1 min
Қазақстан жыл басынан б 1 min
Бердібек Сапарбаев Прем 1 min
«тылшының ұзақ жорық жө 1 min
СҚО мәдениет басқармасы 1 min
Жасылкөл туралы не біле 1 min
БАС МҮФТИ ЖАМАҒАТЫМЕН С 1 min
Қырғыз саясаткері Өмір 1 min
Қалалар мен ауылдардың 1 min
Ерлан Қожағапанов Алмат 7 min
Хабар 24 - Новости Каза 11 min
Бердібек Сапарбаев Прем 13 min
Ақтөбе: Өңірлік талапке 16 min
Асқар Мамин әлеуметтік 19 min
Нұр-Сұлтан аналары бал 21 min
Осы араны басып көріңіз 21 min
Альпинистердің нақты қа 28 min
Ақмола облысында 108 ад 1 sagt
Еуропа халқы қазақ мәде 1 sagt
Біржан Ахмер. Түркілік 1 sagt
ФИФА жылдың үздік голы 1 sagt
Шяңгәң ерекше әкімшілік 1 sagt
Компьютер алдында тама 1 sagt
Құтқарушылар алматылық 1 sagt
Ши жинпиң «адамзаттың т 1 sagt
Осы араны басып көріңіз 1 sagt
Кайдзен жоспарлау қағи 1 sagt
Әлімбекова туған жерінд 1 sagt
Үкімет отырысында қанда 1 sagt
Павлодарда браконьерлер 1 sagt