Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-08-18525278840 %60 %
2019-08-19580345151 %49 %
2019-08-20197103062 %38 %

«Жас ұлан» мектебі болашақ ел қорғандарын қабылдауды бастады



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 14:03 - 2019/08/14


«Жас ұлан» мектебі болашақ ел қорғандарын қабылдауды бастады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды және Шымкент қалаларында «Жас ұлан» республикалық әскери мектебіне оқуға қабылдау жұмысы басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

«Әскери мектепке жалпы білім беру мектебін бітірген 9-сынып түлектері мен 15 жасқа толған (бұл жастан кем болмауы тиіс) жасөспірімдер іріктелініп алынады. Алайда болашақ әскери қатарға қосылушылар бірнеше кезеңнен тұратын конкурстық іріктеуден өтуі тиіс. Іріктеу кезеңнің басты шарты – арнайы құжаттарды тапсыру, сондай-ақ бозбалалар психологиялық, дене даярлығы және медициналық куәландыру бойынша тест тапсырады», делінген хабарламада.

Барлық кезеңнен өткен талапкер соңғы шешуші кезеңге жолдама алады. Қабылдау комиссиясы аталған үш кезеңнің нәтижесі мен орта мектепті бітіруді растаушы құжат бойынша жалпы ұпайды санайды. Бұдан жас ұланның оқуға түсуі шешіледі. Қабылдау комиссиясы 21 тамызға дейін жұмыс істейді. Келесі күні ресми түрде болашақ білім ошағына қабылданушы үміткерлердің қатары анықталатын болады.

Нұр-сұлтандағы қабылдау комиссиясының мәліметінше, елордалық әскери мектепке Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген 420-дан астам жасөспірім құжаттарын тапсырған. Биылғы жылы конкурстық іріктеуде бір орынға 3 үміткер талаптанып отыр.

Қабылдау комиссиясы жұмысы аяқталған соң, әскери мектепке қабылдау 22 тамыз күні мектеп басшысының бұйрығымен бекітіледі.

Айта кетерлігі, «Жас ұлан» республикалық мектебі – жалпы орта білім беру бағдарламалары бойынша мемлекеттік және шет тілдерін, әскери пәндерді тереңдетіп оқытатын, сондай-ақ дене шынықтыруды даярлауды жүзеге асыратын әскери оқу орны.

Бүгінгі таңда «Жас ұлан» мектебінің көптеген бітірушілері Қазақстан, Ресей, Беларусь, Қытай, Түркия және Германия жоғары әскери оқу орындарына түсіп, еліміздің Қарулы күштері немесе өзге елдердің әлеуетті құрылымдарында қызмет атқаруда.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1034248
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар


Сауда нысандарының 30% 1 min
Михаил Кукушкин әлемдік 2 min
Мәжіліс мандатын алған 2 min
Сауда нысандарының 30% 7 min
Қазақстанда зейнетақы ж 7 min
Қазақстанда полицияға а 10 min
Испанияның Гран-Канария 12 min
Жаңа заң жобасы АХҚО юр 16 min
Қазпошта сайтында және 19 min
«Әзілің жарасса...». Тә 19 min
Жастар тарихи орындарға 22 min
Қазақстанда полицияға а 22 min
Дүйсенәлі Әлімақын. Ноб 22 min
БАСПАНА САУДАСЫ РЕТТЕЛЕ 22 min
Бердібек Сапарбаев Прем 22 min
«Этикалық жұмыртқа» сау 22 min
Ұлы ұзақ жорық рухы- ал 22 min
Сібір жарасына байланыс 22 min
Екібастұзда газ баллоны 28 min
Нұрсұлтан Назарбаевтың 1 sagt
Үндістанда алапат су та 1 sagt
Құтқарушылар алматылық 1 sagt
Жамбыл АРТЫҚБАЕВ, тари 1 sagt
Ректорларды конкурстық 1 sagt
Енді жаңа көлікті автос 1 sagt
Әуелгі мақсатты, борышт 1 sagt
АҚШ-та автокөлік жарысы 1 sagt
Арыс: Қалалық аурухана 1 sagt
Тоқаев Бердібек Сапарба 1 sagt
Мәжіліс депутаттары ме 1 sagt