Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-08-18525278840 %60 %
2019-08-19580345151 %49 %
2019-08-2017689560 %40 %

"Тоқал алып бергеннен тек ұтамыз": Отандық этнограф бәйбішелерді тоқал іздеуге шақырды



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Рухани ақпарат

Жолданған уақыты: 14:00 - 2019/08/14


"Тоқал алып бергеннен тек ұтамыз": Отандық этнограф бәйбішелерді тоқал іздеуге шақырды

Отандық этнограф, «Алтын арқау» мәдени-этнографиялық қоғамдық бірлестігінің төрайымы, ҚР білім беру ісінің үздігі Ғалия Қайдауылқызы әйелдерді ерлерін қызғанбай, оның ғұмырлы болуын тілесе, керісінше, екінші әйел алып беруге шақырды. Этнографтың айтуынша, төсек жаңғыртқан ердің екінші тынысы ашылып, үлкен белестерді бағындырады. Stan.kz тілшісі қоғам қайраткерімен тілдесіп, не себепті көпәйелділікті қолдайтынын біліп қайтқан екен.

"Салт-дәстүрлердің озығы да бар, тозығы да бар, жаңғыртуға лайықтысы да бар. Осы жасқа келгенде ойлаймын. Бұрын көп әйел алғанды қаралап, тіпті жұмыстан шығарып, соттауға дейін барды ғой. Негізінде бір еркекке биологиялық жағынан да, адамдық болмысы тұрғысынан да бір ғана әйелмен тұру қиын болады екен. Психологиялық жағынан да айырмашылығы бар ғой еркектің, мысалы әйел "көндім, көтердім" дейді. Балаларына, үй шаруасына айналады, ал ер адамдар - түздікі. Бұрын біздің әжелеріміз өздерінің еркімен, таңдап жүріп, екінші әйел алып берген ғой. Тоқал деп тиісу үшін, тұқырту үшін мүйізі жоқ сиырға теңеп, айтылған әңгіме. Ал негізінде ол тәркек ететін емес, тәртіпке келтіретін дүние, бәйбіше 40-тан асып, сары қарын тартады, өз тыныштығын ойлайды, осы кезде азаматының біреуге көңілі ауған болса, құлшынысы болса, ақылды әйел әншейін арқасынан сипап, екінші әйелді алып бере қою керек екен", - деген пікірде ұстаз-ғалым.

Ғалия Қайдауылқызы бұл мәселені талай рет көтеріп те жүргенін айтып, бірнеше әйел алудың пайдасы бірінші кезекте тұңғыш әйелінің өзіне тиетінін айтады.

"Ол не үшін керек? Еркектің екінші тынысы ашылып, өмірінде үлкен өзгерістер пайда болады екен. Одан кейін бәйбішенің ұтатыны, ол  құрметті болып қалады. Ал екінші әйел азаматтың алдында да, бәйбішенің алдында өзін міндетті сезінеді. Екі әйелдің арасындағы сыйластық күңдестік емес, апалы-сіңілінің қарым-қатынасы сияқты болуы керек. Өйткені, екеуіне ортақ, аялайтын да, әлпештейтін де, сақтайтын да бір азамат бар. Бірі бір шаруасына жараса, екіншісі- басқасына", - дейді этнограф-ғалым.

Еліміздегі демографиялық мәселені тілге тиек еткен Ғалия апай: "Одан кейінгі мәселе, баланың көбеюі. Қазір ат басындай алтын берем десең де, бір әйел екі-үшеуден артық туғысы келмейді. Ал екі әйел болса, ең құрмағанда, 5-6 алты бала туылады. Асырай алмаймын деген қорқыныш -  еріншектердің әңгімесі. Бәсекелестіктен туындаған. Байдың баласы ананы неге мініп жүр, неге мынаны киіп жүр деген әңгіме. Қанағат сайын берекет десе, әркімнің өз ризық-несібесі болады.

Бәйбішенің тағы бір ұтары бар. Бәйбіше қосағымен қатар қоса ағарып, қартая бастайды. Сол кезде сүйенер, бір жағына шығар жас әйел қажет. Бәйбіше кеңшілік жасап, біреуді кемсітпей, намысына тимей, тоқал сияқты тұқыртатын сөздерді айтпай, өзінің сіңілсіндей, абысынындай, сырласындай көрсе, онда екеуінің де ұтары бар. Әсіресе, азамат сақталады, азамат күтімде болады. Азамат өзі таңдайды, кімнің сәлемін алады, кімнің бүгін тамағын ішеді. Сонда біз жалпы ер адамды сақтаймыз, ал ер адамды сақтау дегеніміз елді сақтау", - деген пікірде.

"Әйелдердің көкбеттеніп, көгеріп-сазарып, өлгенім де осы, көргенім де осы дегені қате нәрсе" деген сенімде қазақ салт-дәстүрлерін зерттеп-зерделеп жүрген Ғалия Қайдауылқызы.

Қазақстанда бірнеше әйел алу рұқсат етілмегенін ескерсек, бұл мәселенің шешімі бүгінгі күннің еншісінде емес. Бұған қатысты этнограф: "Бірнеше әйел алуға тыйым салудың өзі қастаңдық! Мен өзім бұрыннан айтып жүрмін мұның қаншалықты маңызды нәрсе екенін. Бірақ, барлық әйелдер "ойбай, жалғыз байымыздан айырайын деп жатырсың ба деп" мені талап-жеп қоя жаздады ғой", - дейді. 

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=52&id=1034246
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар


Арман ӘДІЛБЕК. Мен оны 1 min
Тянь-Шаньдағы құтқару о 1 min
Маралдыдағы атыс: Минис 5 min
Қызылордалық АТТ мүшеле 11 min
Қазақстан жыл басынан б 11 min
Бердібек Сапарбаев Прем 11 min
«тылшының ұзақ жорық жө 11 min
СҚО мәдениет басқармасы 11 min
Жасылкөл туралы не біле 11 min
БАС МҮФТИ ЖАМАҒАТЫМЕН С 11 min
Қырғыз саясаткері Өмір 11 min
Қалалар мен ауылдардың 11 min
Ерлан Қожағапанов Алмат 17 min
Хабар 24 - Новости Каза 21 min
Бердібек Сапарбаев Прем 23 min
Ақтөбе: Өңірлік талапке 26 min
Асқар Мамин әлеуметтік 29 min
Нұр-Сұлтан аналары бал 1 sagt
Осы араны басып көріңіз 1 sagt
Альпинистердің нақты қа 1 sagt
Ақмола облысында 108 ад 1 sagt
Еуропа халқы қазақ мәде 1 sagt
Біржан Ахмер. Түркілік 1 sagt
ФИФА жылдың үздік голы 1 sagt
Шяңгәң ерекше әкімшілік 1 sagt
Компьютер алдында тама 1 sagt
Құтқарушылар алматылық 1 sagt
Ши жинпиң «адамзаттың т 1 sagt
Осы араны басып көріңіз 1 sagt
Кайдзен жоспарлау қағи 1 sagt