Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-08-18525278840 %60 %
2019-08-19580345151 %49 %
2019-08-2017689560 %40 %

Атамбаевпен келіссөз жүргізген министр орынбасары қызметінен босады



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Ұлыт торабы

Жолданған уақыты: 13:30 - 2019/08/14


Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев (сол жақта) және ішкі істер министрлігінің орынбасары Курсан Асанов. Кой-Таш, 8 тамыз 2019 жыл.

Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевты ұстау операциясы кезінде Кой-Таш ауылындағы экс-президент үйінде Атамбаевпен келіссөз жүргізген Ішкі істер министрінің орынбасары Курсан Асанов қызметінен босатылды.

Министрлік мәлімдеуінше,"7-8 тамыз күндері болған операция кезінде тәртіпсіздікке жол бермеу міндеті жүктелген" Асановтың үстінен жүргізілген қызметтік тексеру қорытындысына сәйкес, министр орынбасары "қырғыз милициясының мүддесін сатып, сенімді ақтамаған".

Асановтың өзі әлеуметтік желіде Кой-Таштағы оқиғада қиын жағдайға тап болғанын жазды. "Ішкі істер министрлігінің жеке құрамының арқасында қиындықты жеңдік. Өз қызметімді адал атқардым деп есептеймін. Жеке мүддемді мемлекеттен жоғары қоймадым. Елдің алдында арым да абыройым да таза" деп жазды ол.

Атамбаев 8 тамызда жалғасқан операция кезінде өз еркімен билікке берілді. Оған жемқорлық айыбы тағылып, экс-президент 26 тамызға дейін қамауға алынды. Қазір оның ісі тергеліп жатыр.

13 тамызда прокуратура бұрынғы президентке тағы бірнеше айып тақты. "Атамбаевқа тәртіпсіздік ұйымдастыру, заңсыз қару айналымы, тергеуге кедергі келтіру, адамдарды кепілге алу, адам өлтіру, адам өлтіруге талпыныс жасау сияқты жеті қылмыстық айып тағылды" деді бас прокурор.

27 маусымда Қырғызстан парламенті Алмазбек Атамбаевты экс-президент және тиіспеушілік мәртебесінен айырған. Кейін ІІМ Атамбаевты тергеуге шақыра бастады. Үш рет шақырту жібергенімен тергеуге бармаған Атамбаевты министрлік арнайы операция жүргізіп, күштеп әкелуді тапсырған.

Қырғызстанның бұрынғы президентіне қызметте жүріп жемқорлыққа жол берді, өкілетін асыра пайдаланды және заңсыз байыды деген сияқты жалпы саны бес айып тағылған. Прокуратура Атамбаев қылмыстық топтар арасында танымал Азиз Батукаевтың заңсыз босатылуымен байланысты істе куәгер ретінде танылғанын мәлімдеген.

Атамбаев бұл айыптардың бәрін жоққа шығарып, өзін тергеуге шақырудың саяси астары бар деп мәлімдеген. Ол Азиз Батукаевты босатуға қатысы жоғын да айтқан. Бішкек бұл айыптардың саяси астары бар дегенмен келіспейді.

Атамбаев Қырғызстанды 2011-2017 жылдары басқарған. Оның орнына билікке 2017 жылдың соңында сайлау жолымен Сооронбай Жээнбеков келген.​

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=53&id=1034237
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар


Қызылордалық АТТ мүшеле 1 min
Қазақстан жыл басынан б 1 min
Бердібек Сапарбаев Прем 1 min
«тылшының ұзақ жорық жө 1 min
СҚО мәдениет басқармасы 1 min
Жасылкөл туралы не біле 1 min
БАС МҮФТИ ЖАМАҒАТЫМЕН С 1 min
Қырғыз саясаткері Өмір 1 min
Қалалар мен ауылдардың 1 min
Ерлан Қожағапанов Алмат 7 min
Хабар 24 - Новости Каза 11 min
Бердібек Сапарбаев Прем 13 min
Ақтөбе: Өңірлік талапке 16 min
Асқар Мамин әлеуметтік 19 min
Нұр-Сұлтан аналары бал 21 min
Осы араны басып көріңіз 21 min
Альпинистердің нақты қа 28 min
Ақмола облысында 108 ад 1 sagt
Еуропа халқы қазақ мәде 1 sagt
Біржан Ахмер. Түркілік 1 sagt
ФИФА жылдың үздік голы 1 sagt
Шяңгәң ерекше әкімшілік 1 sagt
Компьютер алдында тама 1 sagt
Құтқарушылар алматылық 1 sagt
Ши жинпиң «адамзаттың т 1 sagt
Осы араны басып көріңіз 1 sagt
Кайдзен жоспарлау қағи 1 sagt
Әлімбекова туған жерінд 1 sagt
Үкімет отырысында қанда 1 sagt
Павлодарда браконьерлер 1 sagt