Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-08-18525278840 %60 %
2019-08-19580345151 %49 %
2019-08-20197103062 %38 %

Алматы қаласына №1 мореналық көлден еш қауіп жоқ - Юрий Ильин



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 13:27 - 2019/08/14


НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин Алматы қаласындағы төтенше жағдайға қатысты баспасөз мәслихатын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі уақытта өзендер бастау алатын тау басындағы №1 көлден Алматы қаласына 100% қауіп жоқ деп айта аламыз. Таңғы сағат 6:20-да №1 өзеннің суы тасыған. 2015 жылы да бұл көлден Алматының үш ауданында сел ағып, төтенше жағдай болған еді. Одан бірқатар ғимаратқа, үйлер мен мектептерге зақым келді. Осыдан кейін жергілікті бюджет қаражатынан Наурызбай ауданы аумағындағы өзен арнасын секундына 20 текше метр су ағатындай тұрақтандыру жұмыстары жүргізілді. Сондықтан, қазіргі су көлемі Наурызбай, М.Әуезов аудандарындағы еш қауіп төндірмейді», - деді Юрий Ильин Министрліктер үйінде өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, әзірге Алатау ауданында, Т.Рысқұлов даңғылынан төмен Алғабас ауданында алаңдаушылық бар. Онда қосымша бақылау бекеттері тұрғызылып, өзен арнасын кеңейту мәселелерімен айналысатын инженерлік техника қойылған.

«Таңертең Қарғалы шатқалының тұрғындарына дабыл құрылғысы арқылы жедел хабар берілді. Наурызбай ауданында зардап шеккен тұрғындарды қабылдайтын орын ашылды, Бостандық ауданындағы мектептер эвакуация үшін әзірленді. Наурызбай ауданындағы Қарғалы өзенінің маңындағы газ және электрмен қамту уақытша тоқтатылды, полиция қызметкерлері арасынан 400 адам кезекшілікке тұрды», - деді министрдің орынбасары.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1034235
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар