Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-08-19580345151 %49 %
2019-08-20544275358 %42 %
2019-08-2112267427 %73 %

ДДСҰ: Қазақстанда қызылша дерті өршіп тұр



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Ұлыт торабы

Жолданған уақыты: 13:20 - 2019/08/14


Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) 13 тамызда әлемдегі қызылша дерті жайлы жарты жылдық есебін жариялады. Ұйым дерегінше, бұл дерт әсіресе Қазақстан, Ангола, Камерун, Чад, Нигерия, Филиппин, Оңтүстік Судан және Таиландта өршіп тұр.

ДДСҰ-ның хабарлауынша, 2019 жылдың алғашқы жартысында өткен жылғы осындай кезеңмен салыстырғанда қызылшамен ауырған адам саны үш есе көбейіп, 2006 жылдан бері болмаған рекордтық көрсеткішке жеткен. Халықаралық ұйымның есебі бойынша, өткен алты айда әлемде қызылшамен ауырғандар саны 364 мыңнан асқан. ДДСҰ өкілдері әлі есеп бермеген елдер бар болғандықтан, бұл әлем бойынша қызылша дерті жайлы толық мәлімет емес дейді.

2018 жылы әлемде қызылша дертіне шалдыққан 353 мың адам тіркелген.

ДДСҰ есебінде Африка құрылығында қызылшамен ауырған адам саны он есе көбейіп, өте күрделі жағдай қалыптасып отырғаны айтылған. Еуропада қызылша дертімен ауырғандар саны өткен жылғымен салыстырғанда екі есе көбейген.

​ДДСҰ-ның биыл сәуірде жариялаған есебі бойынша, 2019 жылдың алғашқы үш айында қызылшамен ауырған 3414 адам тіркелген Қазақстан осы дерт көрсеткіші бойынша әлемде бесінші орында тұрған.

Қызылша - вируспен тарайтын жұқпалы ауру. Оны жұқтырған адамның қызуы көтеріліп, тыныс алуы қиындайды, көзі қызарып, денесі қызара бөртіп кетеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы дерттің өршуіне арнайы вакцина егуден бас тарту себеп болуы мүмкін деп ескертеді.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=53&id=1034234
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар


Данат Жумин жаңа қызмет 1 min
Ерлан Бекхожин "Хабар" 11 min
Министр ЖОО ректорларын 20 min
Қайыр Рыскелдинов қызме 1 sagt
Алмазбек Атамбаевты қам 1 sagt
Желіде Назарбаевтың ән 1 sagt
Түркістанда Nur Otan-ны 1 sagt
Гүлшара Әбдіқалықова пр 1 sagt
Ер адам тойда құлап, қа 1 sagt
Қаралы үйдің шашылып ас 2 sagt
Израиль премьері жұбайы 2 sagt
Қостанайлық полицейлер 2 sagt
Алматыдағы Алма-Арасанғ 2 sagt
Айсұлтан Сейітов Nike к 2 sagt
Головкин келесі жекпе-ж 2 sagt
Алматы әкімі шығарған е 2 sagt
Қызылордада халықтың сп 2 sagt
Назарбаев Нұр-Сұлтан әк 3 sagt
Жөтелінің себебін білге 3 sagt
"Күтіңдер, келе жатырмы 3 sagt
Найзағай, жел, жаңбыр-б 3 sagt
Алматының орталық көшел 4 sagt
Үкімет басшысы Елбасыме 4 sagt
Шымкенттегі университет 4 sagt
Амангелді Кеңшілікұлы 4 sagt
Әл-Фараби мен тағы екі 4 sagt
"400-ден аса адам қатыс 4 sagt
Ресей Қазақстаннан келе 4 sagt
Израиль премьерінің әйе 4 sagt
Әміре Әрін | Әдебиет п 4 sagt