Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-08-19580345151 %49 %
2019-08-20544275358 %42 %
2019-08-2111355329 %71 %

47 баланың анасы



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Түрікстан торабы

Жолданған уақыты: 13:10 - 2019/08/14


47 баланың анасы

Жетім... Біздің қоғам ата-ана қарауынсыз қалған тастандыларға осындай атау берген. Мұздай суық әрі тастай қатты сөз. Жүрек сыздатарлық бұл атау қазіргі күде көбеймесе азаяр емес. Неге? Заман азғындады ма әлде адам ба белгісіз. Әйтеуір, жетімдер үйінің есігін сығалаған ұрпақ көп. Не іздеуі, не сұрауы жоқ көше кезген қаңғыбасқа айналған балалардың өміріне кім жауапты? Өзімдікі деп тапқан бауыретін өзекке тепкен әке мен шеше ме, әлде, сол далада шашылған баланы жинай алмай отырған билік пе? Бұл өте үлкен мәселе. Ұлқа үлкен қауіп төндіретіні даусыз. Себебі, бірнеше миллион ғана халқы бар еліміздің ертеңі жастардың қолында. Ал, біздің біршама елім дер ерлеріміз бен қарагөздеріміз ата-ана махаббатынан ада қалып, жастық шағын жалтақтаумен өткізіп, жетімдіктің ащы дәмән татып өсіп келеді. Шекара асып шет елдің азаматы атанғаны қаншама. Оның өзі бөлек тарау, бөлек әңгіме.

Психологтардың айтуынша балалар үйінің тәрбиеленушілері көбінесе қоғамнан шетте қалып қалады. Сондай ақ ол балдырғандардың сағы сынғыш, жүйкесі әлсіз болады. Десе де, мемлекет тарапынан жасалып жатқан жағдай да аз емес. Балақайлардың киім кешегі мен жатын орны, ішіп-жем тамағы өкіметтің мойнында. Панасыз қалған тастандылар да білім алуға құқылы ғой. Мемлекет оған да жағдай жасап отыр. Сондай ақ, жетімдер үйінің жеткіншектеріне қоғам белсенділері де қолдан келген көмекті аяп жатқан жоқ. Алайда, біз оларға бал мен май берсек те, әке мен ананың берген қара суының орнын толтыра алмасы өкінішті.

Қилы тағдырды бастан кешіп, өмір атты өткелдің ащы тырнағына ерте іліккен бейкүнә жүректердің жарасы емделмесі анық. Десе де, олар да қоғамның бір бөлшегі. Біз жесірін сыйлап, жетімін жылатпайтұғын қазақ деген ел емес па едік... Осы сөзге тұздық болсын, өз ортамызда болып жатқан оқиғалар адам мейірмділігінің шегі жоқ екенін дәлелдей береді. Қалай дейсіз ғой. Қазіргі таңда елімізде осындай ата-ана қарауынсыз қалған бөбектерді панасына алып, біршамасының басын біріктірп, айрандай ұйып отырған отбасылар қаншама. Өзінің қаны болмаса да өзгенің бөбегін бауырына басып, аяқтандырып, сынған қанатқа жан бітірген мейірбан жандар аз емес. Өз маңдай терімен еңбектеніп, тапқан бір таба нанын сол балалардың аузына тосқан асыраушыларға деген құрмет те ерекше болуы тиіс.

Менің бұл сөзіме өмірден алынған оқиғаларды суреттейтін, жаңадан жарық көргелі жатқан «47 баланың анасы» телесериалы дәлел. 47 тағдырды тоғыстырған ананың өмірі кез келгенге үлгі-өнеге болары анық.

“QAZAQSTAN” ұлттық арнасынан көрерменге жол тартқан мелодрама жуырда көгілдір экранға шығады. Өмірдің ащы шындығынан сыр шертетін бұл фильм өзекті мәселенің шешілуіне мұрындық болса құба-құп емес пе?! Осындай мәдениет үлгілері ұлттың мәселесіне қарлығаштың қанатымен су сепкендей пайдасын тигізсе деген ой әр көкректе сайрап тұр. Еліміздің бір жыртығы жамалса ол біз үшін үлкен жеңіс!

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=14&id=1034228
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар


Гүлшара Әбдіқалықова пр 12 sek
Ер адам тойда құлап, қа 10 min
Қаралы үйдің шашылып ас 1 sagt
Израиль премьері жұбайы 1 sagt
Қостанайлық полицейлер 1 sagt
Алматыдағы Алма-Арасанғ 1 sagt
Айсұлтан Сейітов Nike к 1 sagt
Головкин келесі жекпе-ж 1 sagt
Алматы әкімі шығарған е 1 sagt
Қызылордада халықтың сп 1 sagt
Назарбаев Нұр-Сұлтан әк 2 sagt
Жөтелінің себебін білге 2 sagt
"Күтіңдер, келе жатырмы 2 sagt
Найзағай, жел, жаңбыр-б 2 sagt
Алматының орталық көшел 3 sagt
Үкімет басшысы Елбасыме 3 sagt
Шымкенттегі университет 3 sagt
Амангелді Кеңшілікұлы 3 sagt
Әл-Фараби мен тағы екі 3 sagt
"400-ден аса адам қатыс 3 sagt
Ресей Қазақстаннан келе 3 sagt
Израиль премьерінің әйе 3 sagt
Әміре Әрін | Әдебиет п 3 sagt
Ерлан Қожағапанов Алмат 3 sagt
Франция президенті Пути 3 sagt
СҚО-да мөңке балығы қыр 4 sagt
Италия Премьер-министрі 4 sagt
Азия чемпионаты: Волейб 4 sagt
"18 бен 25 қайтып келме 4 sagt
Альпинистерді іздестіру 4 sagt