Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-08-18525278840 %60 %
2019-08-19580345151 %49 %
2019-08-2017689560 %40 %

Нұр-Сұлтан Орталық Азияда бірінші болып Гарвард конференциясын өткізеді



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 12:24 - 2019/08/14


Нұр-Сұлтан Орталық Азияда бірінші болып Гарвард конференциясын өткізеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 16-20 тамыз аралығында елордада әлемдегі ең үлкен студенттік жобалардың бірі – HPAIR Asia 2019 конференциясы өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Гарвард университетінің өнер және ғылым мектебі мен Назарбаев Университетінің студенттері бірлесіп ұйымдастыратын конференция бүкіл Азия-Тынық мұхиты аймағындағы халықаралық мәселелерді қозғайды.

Назарбаев Университетінде болатын алдағы конференцияның негізгі тақырыбы – «Өзгерістерге ұмтылыс». Осы іс-шара аясында 6 түрлі бағыттағы семинар мен пленарлық сессия өтеді. Атап айтқанда, ғаламдық және экономика, көркемөнер, бұқаралық ақпарат құралдары мен мәдениет, әлеуметтік саясат және әділет, энергетика және экологиялық тұрақтылық, басқару және геосаясат, ғылыми технологиялар тақырыбы қаузалады.


Десе де, конференцияның негізгі тақырыбы – цифрландыру немесе цифрлық түрлендіруге байланысты болмақ. Цифрландырудың соңғы тенденциясы деректер мен технологиялар әлемі үшін жаңа тарауды бастағаны мәлім. Мемлекеттік және жеке деңгейде жүзеге асырылатын стратегиялар көбінесе деректерден бастау алады.

«Осы конференцияның мақсаты – трансформация, санамызды өзгерту және дәстүрлі әдістерден алыстау, сонымен қатар, жаңа сандық технологияларды қолдана отырып дамудың жаңа деңгейіне көшу»,- дейді ұйымдастырушылар.


«Алғашында HPAIR Asia 2019 конференциясын Қазақстанда өткізу мақсатында былтыр 5 адамнан тұратын кішігірім топ құрылған болатын. Бірақ, қазіргі таңда ол топ толықтырылып, бүгінде ұйымдастырушы комитеттің құрамына Назарбаев Университетінің 28 студенті енді. Бұл жобаны іске асыру барысында өте ауқымды жұмыс жүргізілді. Алғашқы жарты жылда тобымыз халықаралық конференцияны елордаға алып келу үшін өтініш өткіздік. Қазақстаннан басқа Сингапур, Жапония, Қытай, Тайвань елдері секілді бірнеше мемлекет өтініш білдірген болатын. Алайда шешуші кезеңге Қазақстан мен Қытай өтті. Ақыры, осы жылдың ақпан айында Қазақстанның жеңіске жеткені белгілі болды», - деді HPAIR Asia 2019 конференциясының атқарушы директорының орынбасары Ырымгүл Ыбрайымова Назарбаев Университетінде өткен баспасөз мәслихатында.


Конференцияға халықаралық компаниялардың басшылары, белгілі ықпалды адамдар, түрлі саладағы қоғам қайраткерлері келгелі отыр. Олардың қатарында UNICEF Корея президенті, доктор Сонг Сан Хен, Үндістанның экс-сыртқы істер министрі Нирупама Рао, Таяу Шығыстағы және Солтүстік Африкадағы ғаламдық нарықтар бойынша Standard Chartered Bank-тің экс-басшысы Дэниэл Ацци, Нобель сыйлығының лауреаты Рае Квон Чунг, McKinsey & Company компаниясының аға серіктесі және McKinsey Дүниежүзілік институтының директоры Джонатан Вотцель, World Bank Group-тың бас техникалық директоры Лесли Го, Оңтүстік-Шығыс Азиядағы Сингапурдан шыққан Bain & Company серіктесі Тилл Вестеринг, Халықаралық валюта қорының Азия-Тынық мұхиты аймақтық кеңсесінің директоры Чикахаса Суми, Индонезия инфрақұрлым институтының төрағасы және Индонезияның экс-қаржы министрі Чатиб Басри, Вашингтондағы CNN, Нью-Йорктегі ABC News, Станбұлдағы News News Asia, Берлиндегі Deutsche Welle TV бар. Ал Қазақстан тарапынан бұрынғы Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев, ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев, Халықаралық қатынастар жөніндегі қазақстандық кеңестің дирекоры Ескендір Ақылбаев, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов және т.б тұлғалар сөз сөйлейді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, конференцияның өткізілуіне «Казцинк» ЖШС, ERG, Chevron және Microsoft компаниялары қолдау білдіріп отыр. Конференция студенттік сипатта болғаннан кейін танымал спикерлердің бәрі тегін келетін көрінеді.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1034204
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар


Қызылордалық АТТ мүшеле 1 min
Қазақстан жыл басынан б 1 min
Бердібек Сапарбаев Прем 1 min
«тылшының ұзақ жорық жө 1 min
СҚО мәдениет басқармасы 1 min
Жасылкөл туралы не біле 1 min
БАС МҮФТИ ЖАМАҒАТЫМЕН С 1 min
Қырғыз саясаткері Өмір 1 min
Қалалар мен ауылдардың 1 min
Ерлан Қожағапанов Алмат 7 min
Хабар 24 - Новости Каза 11 min
Бердібек Сапарбаев Прем 13 min
Ақтөбе: Өңірлік талапке 16 min
Асқар Мамин әлеуметтік 19 min
Нұр-Сұлтан аналары бал 21 min
Осы араны басып көріңіз 21 min
Альпинистердің нақты қа 28 min
Ақмола облысында 108 ад 1 sagt
Еуропа халқы қазақ мәде 1 sagt
Біржан Ахмер. Түркілік 1 sagt
ФИФА жылдың үздік голы 1 sagt
Шяңгәң ерекше әкімшілік 1 sagt
Компьютер алдында тама 1 sagt
Құтқарушылар алматылық 1 sagt
Ши жинпиң «адамзаттың т 1 sagt
Осы араны басып көріңіз 1 sagt
Кайдзен жоспарлау қағи 1 sagt
Әлімбекова туған жерінд 1 sagt
Үкімет отырысында қанда 1 sagt
Павлодарда браконьерлер 1 sagt