Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-08-18525278840 %60 %
2019-08-19580345151 %49 %
2019-08-2017689560 %40 %

Көлсай әдемі кейпінен айырылып қала ма деп қорқамын...



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Абай ақпарат

Жолданған уақыты: 12:20 - 2019/08/14



Көлсайға алғаш рет 2004 жылы – оқуды енді бітіріп, телеарнаға жұмысқа орналасқан жылы бардым. «НТК»- да өңшең жастар жұмыс істеді.

Содан бір күні бәріміз жиналып, Шарын мен Көлсайға баратын болдық. Жолдан Шарынға соқтық. Шарынды сол кезде алғаш рет көрдім. Американың ковбойлар туралы фильмдеріндегі каньондарға ұқсайды екен. Ары қарай Көлсайға тартып, оған кеш бата жеттік те, сол күні көлдің жағасында қондық. Ертеңінде таң атысымен әуестігім ұстап ерте тұрып алдым да, көлдің шетін жағалай жүріп отырып, бір айналып шықтым. Шырша, қарағай, қайың көп екен. Әлі ешкімнің аяғы баспаған мүлгіп тұрған тағы табиғаттың арасына кіріп кеткендей болдым. Көлсайдың адамды тартып тұратыны да осы қасиеті.

Қазір соның жағасында құрылыс жүріп жатыр екен. Кафе, коттедж салмақшы ғой деймін. Меніңше, Көлсайға тиіспей, оны сол күйі, тағы, тұмса табиғат күйінде қалдыра салу керек. Жол салып жатқаны дұрыс. Құрылыс жұмыстарын жүргізіп, ол жерге өркениеттің жетістігін алып келгеннен Көлсай көркейіп кетпейді. Ақша, ақша деп жүргенде ертең көлдің маңы қоқыстан аяқ алып жүре алмайтын жерге айналып, Алматының шетіндегі елдің бәрі барып суға түсетін пляж секілді болып шыға келеді.

Көлсайға бару керек те, табиғатына тамсанып, қыдырып, ол жерді ластамай, қайта қайтып кету керек. Түнеп шығатын қонақ үй мен кафе-ресторандарды сала бастаса, Көлсай болашақта тыныштықтан мүлгіп кеткендей болып тұратын осы бір әдемі кейпінен, адамды тартып тұратын тағылығынан айырылып қала ма деп қорқамын...

Жолымбет Мәкіштің facebook парақшасынан
Abai.kz
Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=51&id=1034201
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар


Қызылордалық АТТ мүшеле 1 min
Қазақстан жыл басынан б 1 min
Бердібек Сапарбаев Прем 1 min
«тылшының ұзақ жорық жө 1 min
СҚО мәдениет басқармасы 1 min
Жасылкөл туралы не біле 1 min
БАС МҮФТИ ЖАМАҒАТЫМЕН С 1 min
Қырғыз саясаткері Өмір 1 min
Қалалар мен ауылдардың 1 min
Ерлан Қожағапанов Алмат 7 min
Хабар 24 - Новости Каза 11 min
Бердібек Сапарбаев Прем 13 min
Ақтөбе: Өңірлік талапке 16 min
Асқар Мамин әлеуметтік 19 min
Нұр-Сұлтан аналары бал 21 min
Осы араны басып көріңіз 21 min
Альпинистердің нақты қа 28 min
Ақмола облысында 108 ад 1 sagt
Еуропа халқы қазақ мәде 1 sagt
Біржан Ахмер. Түркілік 1 sagt
ФИФА жылдың үздік голы 1 sagt
Шяңгәң ерекше әкімшілік 1 sagt
Компьютер алдында тама 1 sagt
Құтқарушылар алматылық 1 sagt
Ши жинпиң «адамзаттың т 1 sagt
Осы араны басып көріңіз 1 sagt
Кайдзен жоспарлау қағи 1 sagt
Әлімбекова туған жерінд 1 sagt
Үкімет отырысында қанда 1 sagt
Павлодарда браконьерлер 1 sagt