Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-08-21580410755 %45 %
2019-08-22656264749 %51 %
2019-08-23478318356 %44 %

Өрнекпен өрілген өнер



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Түрікстан торабы

Жолданған уақыты: 11:30 - 2019/08/14


Өрнекпен өрілген өнер

Орталық Азия көшпенділерінің доңғалақты, тар ұршықты тоқыма білдегі мен киіз үйді ойлап табуы адамзат қызметінің көптеген салаларының: машина жасау, жеңіл өнеркәсіп, сәулет және тағы басқаларының дамуына ықпал етті.

Сонымен қатар, көшпенділер өркениеті «сақ-аң стилі», геометриялық, полихромды сияқты соны көркемдік стильдерді қалыптастырған ежелгі өнердің алтын бесігі болып табылады. Көшпенділер мәдениеті дәстүрлерінің сабақтастығы қазақ ою-өрнегінде және өзіндік халық қолданбалы өнерінде сақталған.

Ә. Қастеев атындағы өнер музейінде музей қорынан «Ұлы дала өрнектері» атты көрме ашылды. Көрменің кеңістігінде көрермендердің назарына қазақ халқының кестеленген тұскиіз, төсек жапқыш бұйымдары және дәстүрлі әшекейлі белдіктердің үздік үлгілері ұсынылған.

Әйелдер қолөнерінің кең таралған түрі – кестелеу, ол Қазақстан даласында ежелден пайда болған. Өткен ғасырдың белгілі орыс ғалымы және археологы С.И. Руденконың айтуынша, ілмектеп тігуді сақ дәуірінде Орталық Азия мен Алтай аумағында өмір сүрген тайпалар істей білетін (С. И. Руденко. Культура населения центрального Алтая в скифское время. М.-Л., 1960, 181 б.)

Кесте тігудің таралған негізгі орталықтары – Шығыс Қазақстан, республиканың солтүстік-шығыс облыстары мен Жетісу өңірі. Кестемен тұскиіздің қабырға кілемдерін, төсек жапқыш, шымылдық, киіз үйдің әшекейлері төсек аяқ, тегеріш, үзік бау, түндік бау, кимешектер мен тағы басқаларды безендірді.

Кесте тігу үшін тіктөртбұрышты немесе дөңгелек пішіндегі кесте кергіш қолданылды. Шеберлер кестені біз кесте немесе баспамен ілмектеп тікті. Көбінесе ілмектеп тігу тығыз кестемен бастырмада үйлесім тапты. Шығыс Қазақстанның ескі тұскиіздерінде (оюлы тұскиіз) контур бойымен өрнекті бекітетін сәнді олбыр кесте қолданылды. Тұскиіздерді сәндеуде шеберлер аппликациядан басқа, құрақты қолданған.

Қазақстандық кестеленген қабырға кілемдер – тұскиіздер ою-өрнектердің және түстік шешімдердің көптігімен баурайды, ол отбасылық ошақ пен амандықтың белгісі. Тұскиіз киіз үйдің басты композициялық сәнді жабдығы болып табылады.

Кестеленген өрнектер тұмардың символдық мағынасына ие болды. Күрделі көп бөліктен тұратын әшекейлі кілем композицияларында тірі табиғаттың бейнелері ежелгі космогониялық мифтердің жаңғырықтарымен тығыз байланыста өріледі.

Сондықтан, халықтық кестелеуде өсімдік элементтерінің әр түрлі вариацияларымен күн табақшалары, әлемдік тау, әлем ағашы, ирелең бұтақтар, жатаған беде, күрделі пішіндемедегі жапырақтар, жемістер, гүлдер

мен қауыздар сарындары жиі кездеседі. Қазақ ою-өрнегінде өсімдік сарындары ежелгі құнарлылық ғұрпымен байланысты болған.

Кестеленген бұйымдардың сан алуан түрлерінің ішінде зермен тігілген төсек жапқыштар ерекшеленеді, олар өсімдік мәнеріндегі керемет алтын жіппен кестеленген. Жарқыраған пайеткалардың бай әшекейі бедерлілік өрнегін береді, қара барқыт фонында жарық пен көлеңкенің жылт-жылт еткен ойынын тудырады.

Кестелеу тілектестік қасиетке ие, онымен ер адамдарың киімдерін – жарғақ шалбар, жарғақ тон, әйелдер қамзолы, көйлектері, бас киімдері және тағы басқаларын безендірді.

Ескі технологиялар тек ерлер ғана айналысқан металды көркемдік өңдеуде де сақталған. Білікті шеберлер әшекейлі белдіктерді былғарыдан немесе барқыт негізінде жасады. Олар күміс тілімдермен және асыл тастармен әшекейленді, әйелдер мен ерлердің ұлттық костюмдеріне міндетті қосымша болып табылды. Бұл белбеулерді зергерлік бұйымдардың шынайы туындылары деп атауға болады. Белдіктер қасиетті мағынаға ие болды, олар иелеріне денсаулық пен күш-қуат берді.

Көрмеде ұсынылған халық шығармашылығының туындыларының әрқайсысы бірегей екені сөзсіз. Тұскиіздердің ою-өрнекті сарындары мен полихромды гаммасында Ұлы дала рухы сезіледі. Халықтық қолданбалы өнердің көрнекті жауһарлары қоршаған әлемнің сұлулығын тікелей әрі шынайы бейнелей алатын дарынды шеберлер арқылы ұдайы дамып отырды.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=14&id=1034177
Пікірлер

Көрші сілтемелер