Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-08-24497243046 %54 %
2019-08-25515257448 %52 %
2019-08-267241140 %60 %

ОТБАСЫНДАҒЫ ӨЗАРА ТҮСІНІСТІК / Асылбек ӘУЕЗХАНҰЛЫ



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Рухани ақпарат

Жолданған уақыты: 10:45 - 2019/08/14


ОТБАСЫНДАҒЫ ӨЗАРА ТҮСІНІСТІК

Асыл дініміздегі отбасылық қағидаларды толық орындаған жанұя тек бұл дүниеде ғана емес, арғы шын өмірде де шаттыққа кенелері күмәнсіз. Бұл жағынан алғанда ер адамның да, әйел кісінің де Ислам дінінің телегей теңіз ілімінен алары мол. Сондықтан екі дүние бақытын көксеген жанұялармен дініміздің бірқатар сырлы кеңестерін бөліскелі отырмын.

Алла Тағала қасиетті Құран кәрімде мынадай бір аят келтірген: «Уа, иман келтіргендер! Әйелдермен жақсы мәмледе болыңдар. Оларды жақтырмауларың мүмкін. Бірақ Алла сендерге ұнамайтын нәрседе көп жақсылық жасап қойған болуы мүмкін. » («Ниса» сүресі, 19-аят). Бұл ерлерге арналған бұйрық. Әйеліміздің кей қылықтарын жақтырмаған күнде де оның ұнамсыз қылықтарына түсіністікпен қарап, ақырын Алладан күту мұсылмандықтың белгісі. Шындығында да, біз айналамыздағы барлық нәрсе бізге сүйкімді боп көріне бермеуі мүмкін. Бірақ кейінірек байыппен қарасақ, сол ұнамсыз нәрсеге де Алла Тағала мол жақсылық беріп қойғанын байқауға болады. Мысалы, біреуге қардың көп жауғаны ұнамайды. Біреуге күннің ысып кеткені ұнамайды. Бірақ қар жауғаны мен күн ысығаны егінге пайда екендігі сөзсіз. Ал пайғамбарымыз (с.ғ.с.) хадистерінің бірінде былай дейді: «Мүмин ер мүмин әйелге ренжіп ашуланбасын. Егер оның бір мінезін жақтырмаса, екінші бір мінезін ұнатуы мүмкін.». Демек, әйелдің бір мінезі нашар екен деп, оны түбегейлі жек көруге де болмайды.

Сондай-ақ Алла Тағала қасиетті аяттардың бірінде: «Әй адам баласы! Сендерді бір кісіден (Адам атадан) жаратқан және одан оның жұбайын (Хауа ананы) жаратып, ол екеуінен көптеген ер, әйелді таратқан Раббыларыңнан (үйде ұрыс-керіс жасауға) қорқыңдар. Өзара бір нәрсе сұрасқанда, оның атымен сұрайтын Алладан қорқыңдар, әрі туыстық байланысты үзіп тастаудан сақтаныңдар. Ақиқатында, Алла сендерді бақылаушы» («Ниса» сүресі, 1-аят). Бұл аяттың ер мен әйелге бірдей қатысы бар. Байқап отырсақ, онда ер мен әйелді жоқтан бар еткен, олардың өсіп, өніп, бала сүйіп, ұрпақ жалғастыруына жағдай жасаған Алла Тағаладан қорқу сезімі туыстық мәмлемен байланыстырылған. Қарапайым тілмен айтқанда, мұнда ерлі-зайыптыларға: Сендер мүлдем жоқ едіңдер, ештеңеге ие де емес едіңдер. Алланың қалауымен бар болып, бірқатар заттарға иелік етіп жүрсіңдер. Жаратқан Иелерің сендерді үнемі бақылап тұр. Енді Оның назарында ұрысып, таласуға қандай ақыларың бар. Алладан қорықпайсыңдар ма? деген бір үгіт жасалып тұрғандай. Бұл бір. Екіншіден, онда жер бетіндегі бүкіл адам баласы бір ата, бір анадан тарағанын, демек бір-бірімен бауыр екендігі айтылған. Абай атамыздың «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп» деген сөзі осы ақиқатты дөп басқан. Ал енді адамдар, соның ішінде ерлі зайыптылар бақытты болғысы келсе, бірін-бірі туған бауырындай сыйлап, құрметтеп, жақсы көруі тиіс. Демек, күйеудің қит етсе, айқайлауы, әйелдің ыдыс-аяқты сықарлата жөнелуі Алла Тағаланың назарында әдепсіздікке жататыны сөзсіз.

Бір адам әйелі жөнінде халифа Омарға шағым жасағысы келеді. Алайда халифаның қақпасына жақындап барса, халифаға жұбайы Үммү Гүлсүмнің дауыс көтеріп жатқанын құлағы шалады. Сонда ішінен: «Е, мен әйелім жайлы шағым жасауға келсем, бұл кісінің басында да бар нәрсе екен ғой» деп кері бұрылады. Сол кезде оны хазрет Омар көріп қалып, қайта шақырып алады, неге келгенін сұрайды. Әлгі кісі: «Мен сізге өз жарым туралы шағым айтайын келіп ем, мен көріп жүрген нәрсе сіздің де басыңызда бар екендігін көріп кері қайтып барам», дейді. Сонда мүминдердің әміршісі хазрет Омар: «Әйелімнің айтқандарына көз жұмып қараймын. Өйткені менде оның мынадай ақылары бар дейді:

1. Ол мені мен тозақ отының арасына керілген бір перде, әйелімнің арқасында өзімді харам істерден аулақ ұстаймын;
2. Мен алыс жолға шықсам, ол үйімнің қарауылы, малымның бақташысы болады;
3. Ол менің кір-қоңымды жуатын қызметшім;
4. Ол менің бала-шағамның қараушысы, көзінің қарашығындай сақтаушысы;
5. Ол менің ас-суымды пісіріп береді» деді. Сонда әлгі адам: Бұл айтылған ақылардың бәрі менің мойнымда да бар. Сондықтан менің әйелімнің кей сөздеріне көз жұма қарауым керек екен ғой» деген екен.
Міне, бұл айтылғандар біріншіден, ер адамдарға үгіт болғанымен, екінші жағынан әйелдер де сол міндеттерін дұрыс орындасын деген кеңес. Майлықожа ақын осы секілді міндеттерін кемшіліксіз атқарған әйелдерге арнап былай деп жырлағаны да бар:
...Сол секілді әйелдің
Алтынға беріп болмайды
Шаштарының әр қылын».
Бірақ бұл айтылғандардан күйеуі әйелі айтқанның бәрін түгел орындай берсін деген қорытынды шықпайды, әрине. Әйелдің де күйеуіне қойған талаптары дініміздің шеңберінен шықпауы керек. Алла тағала еліміздегі құрылған отбасы, көтерілген шаңырақтардың өзара түсіністігі мен берекесін арттырсын!

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=52&id=1034154
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар


Қостанай облысында егіс 11 sek
Арқалық қаласында мемле 3 min
Қостанай облысында жоға 6 min
«Тобыл» футбол клубы қа 9 min
Қостанай облысында қаза 15 min
Қазақстанның екі өңірін 18 min
Электронды казино ашқан 24 min
Қостанай облысының ауда 27 min
Төлеби ауданында полици 1 sagt
Қостанайда жедел жәрдем 1 sagt
Қостанайда мүмкіндігі ш 1 sagt
Қостанайда мемлекеттік 1 sagt
Бұршақ, найзағай, аптап 1 sagt
Көшеде мылтық атқан Қос 1 sagt
Қостанайда «Онлайн-тәлі 1 sagt
Қостанайлық жеткіншекте 1 sagt
Қостанай облысында жем- 1 sagt
Қостанай облысында 5 ци 1 sagt
Президент тапсырмасы: 2 1 sagt
7-20-25: Қостанай облыс 1 sagt
Қостанайдағы құрғақшылы 1 sagt
Елбасы Астанадағы Бас м 1 sagt
Осы араны басып көріңіз 1 sagt
Қостанай облысында күн 1 sagt
Қостанайда бұрынғы білі 1 sagt
Қостанай облысының бас 1 sagt
Осы араны басып көріңіз 1 sagt
Қазақстанның екі өңірін 1 sagt
Қостанайдағы Гагарин кө 1 sagt
Қостанай облысында 55 ж 1 sagt