Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-08-21580410755 %45 %
2019-08-22656264749 %51 %
2019-08-23457310656 %44 %

Қазақстандықтар комедиялық фильмдерді көруге неге әуес - Қазақстан және әлемдегі соңғы жаңалықтар



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: 24.kz ақпарат

Жолданған уақыты: 08:50 - 2019/08/14



Қазақстандықтар комедиялық фильмдерді көруге неге әуес


Кейінгі он жылда отандық киноөндіріс саласы өркендеді, дейді мамандар.

Егер 2009 жылы жылына небәрі 8-9 кинотуынды түсірілсе, қазір олардың саны 50-ден асады. Алайда түсіріліп жатқан фильмдердің 85 пайызы – коммерциялық мақсатта жасалған дүниелер. Ал мемлекеттік тапсырыспен түсірілген кинолар көрермен көңілінен шыға ма? Көпшілік комедиялық фильмдерді көруге неге әуес?

Қазақ киносының қара шаңырағы Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы. Кейінгі жылдары мұнда «Қазақ хандығы», «Жаужүрек мың бала», «Мұстафа Шоқай», «Балалық шақтың аспаны» сынды тарихи бірнеше кинотуынды түсірілді. Олар көрермен тарапынан жақсы бағасын алды. Бұл отандық кинематографияның ілгерілегенін көрсетеді. Алайда кино өнерінің майталмандары өз еліміз бен жеріміздің тарихын көрсетуге шетелдік мамандарды шақыртуға түбегейлі қарсы. 

Нұржұман Ықтымбаев, ҚР халық әртісі:

–  Шетелден режиссер шақырады. Бұл қате. Керемет режиссерлеріміз бар.

Кино – ұлттың кешегісі мен бүгінгісін көрсететін рухани, мәдени һәм идеологиялық дүние. Заман үрдісіне сай ол да үнемі жаңарып, түрленіп отырады. Орта ғасырдағы Ұла дала – көшпенділер өмірі, кейінгі отарлау мен Алаш арыстары туралы «Кейкі батыр», «Тар заман» сынды филмьдер жарыққа шықты. Елімізде мықты киномамандар бар. Бірақ қазіргі уақытта білікті продюсерлер жетіспейді, дейді тағы бір аға буын өкілі.  

Сатыбалды Нарымбетов, кинорежиссер:

– Бізде продюсер деген институт енді ғана қалыптасып келе жатыр. Продюсер дегеніміз ол институт. 1930 жылдары, Голливудта, 1940 жылдары Еуропада қалыптасқан. Прюдюсер қызметінің ауқымы кең. Өндірістің жан-жағын қамтитын мамандық болу керек.

Ал кино түсіру ісімен елімізде жекелеген киностудиялар мен продюсерлер де белсенді айналысып келеді. Әсіресе, коммерциялық мақсатта түсірілген фильмдердің үлесі нарықта басым. Комедия жанрындағы «Бизнес по казахски, «Брат или брак» сынды кинолармен қатар, телехикаялардың да саны артып келеді. Тіпті олардың көрермендері көп. Мәселен, 2017 жылы Қазақстан кинопрокатында рекордтық көрсеткіш жасаған «Брат или брак» фильмі 500 млн теңгеге жуық табыс әкелген. Алайда еліміздегі жалпы киноөндірісінің табысы әзірге қомақты емес. 

Нұрлан Қоянбаев, продюсер:

– Жалпы қазіргі кезде Қазақстан киносы дамып жатыр деп айтуға болады. Оның ішінде жеке компаниялар да үлес қосып жатыр. Мысалы, жеке компаниялар өз ақшасын салғаннан кейін олар 100 пайыз еңбек етеді.

Жеңіл әзіл, күлкіге негізделген туындылар сұраныстан туындайды. Алайда олардың мәні мен мазмұны тым қабайыр, әрі идеялық мақсаты жоқ. Мәселе, қазақ киносының санының артуында емес, оның сапасына мән беру керек, деген пікірде кинотанушы Дана Әмірхан.

Дана Әмірбекова, кинотанушы:

– Себебі бүгінгі халыққа өмірдің ауыртпалығы, күйзелістер жайлы көргенге қарағанда той-думан жайлы, көңіл көтеретін, бір көрген соң ұмытып қалатын фильмдер қажет болғандықтан, пайда болып жатыр деп есептеймін. Бірақ бұл дұрыс үрдіс емес. Өйткені, бұл фильмдерді кімнің түсіріп жатқаны маңызды. Бұл фильмдерді түсіріп жатқан әуесқой режиссерлер. Киноның тілін, киноның мақсатының не екенін түсіне бермейтін, киноны өздеріне пиар ретінде қолданады.

Мамандар пікірінше, елімізде авторлық әрі деректі фильм жанрда жасалған өнімдер аз. Бұл сала қаржылық қолдауға зәру. Кино – таза шығармашылық әрі ұжымдық жұмыс. Бұл орайда «Қазақфильм» киностудиясына жүктелер міндет көп.

Арман Асенов, Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ президенті:

– «Кино» туралы заңның қабылдануымен ұлттық кинематография орталығы құрылды. Ол мекеме қаржы үлестірумен айналысады. Ал «Қазақфильм» қызмет көрсетеді. Киноиндустрия – үлкен өндіріс. Соның басында «Қазақфильм» тұр. Біз киностудияны кезең-кезеңімен дамытамыз. Заман талабына сай болатын киноөндіріске күш саламыз.

Белгілі бір шығарма желісін көркем туындыға айналдырып, кино жасау үшін кәсіби біліктілік, білім мен тәжірибе әрі қомақты қаражат керек. Сондықтан, «Қазақфильм» киностудиясының жаңа басшысына кино саласын жаңғыртып, шығармашылық жігерін жандандыру міндеті жүктеліп отыр.

Авторлары: Алмас Садуақас, Мұхит Құдықбаев, Кенже Амраев

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=38&id=1034137
Пікірлер

Көрші сілтемелер