Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2020-01-221516443648 %52 %
2020-01-231834676963 %37 %
2020-01-24857350674 %26 %

Ясауи кесенесінің жарық және желдету жүйесі тарихи қалпына келтіріледі



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 08:00 - 2019/08/14


Ясауи кесенесінің жарық және желдету жүйесі тарихи қалпына келтіріледі

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Қожа Ахмет Ясауи кесенесіндегі Қабірхана, Үлкен Ақсарай және Құдықхана бөлмелерінде қайта қалпына келтіріліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сонымен қатар, Қожа Ахмет Ясауи және Рәбия Сұлтан Бегім ана кесенелерінің күмбездері де жаңартылады. Құрылыс жұмыстарын «Қазқайтажаңарту» РМК-нің Алматы, Қызылорда, Түркістан филиалдары жүргізуде.
Айта кетсек, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейіне қарасты тарихи орындарды анықтау, қайта қалпына келтіру мақсатында жобасы дайындалғаны белгілі. Осы орайда қаладағы басты 18 тарихи-мәдени мұра нысанын реставрациялау және қайта жаңғырту жоспарланды. Ең алдымен алдағы 3 жыл ішінде Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің басты компоненттері — Қазандық, Қабірхана, Басты портал жаңғыртылады.
Кесененің ішін жылы ұстау және дұрыс жарықтандыру үшін жарықтандыру және желдеткіш жүйелері тарихи қалпына келтіріледі. Қазақ хандарының мәжіліс өткізетін және елшілерді қабылдауға арналған Үлкен Ақсарай бөлмесі сол дәуірдегі ұлттық ерекшелігі сақтала отырып, толығымен қайта қалпына келтіріледі. Елбасының тапсырмасы бойынша Рүстем Әбдрашевтің «Алмас қылыш» көркем фильмінің бір эпизоды дәл осы Ақсарай бөлмесінде түсірілген. Ақсарай бөлмесі тәрізді өзге де залдардың экспозициялары, соның ішінде Қазандық пен Құдықхана бөлмелері қалпына келтіріледі.

Қожа Ахмет Ясауи қабірханасы екі қабат күмбезбен көмкерілген. Ганчтан (гипс пен саздан жасалған өрнекті тақта) жасалған өрнекті әшекей Қабірхана төбесін жауып тұрған төменгі күмбезді жасырып тұр. Сырттай Қабірхана төбесіне биік барабан үстінде тұрған сәнді көп қатпарлы (52 қатпар) күмбез орнатылған. Қожа Ахмет Ясауи қабірханасының сыртқы күмбезінің диаметрі — 10 метр.



Үлкен Ақсарай – Қазандықпен, Кіші Ақсараймен дәліздер арқылы жалғасады. Дәлізде екінші қабатқа шығатын баспалдақ бар. Ақсарай кейіннен ХV-ХVІ ғасырларда Қазақстан мен Орта Азия сәулет өнерінде алғаш рет пайдаланған аркалардың қиылысу конструкциясы қолданылған, сондықтан бөлме құрылысы өз заманындағы аса бағалы сәулет ескерткіші болып табылады.

Құдықхана – қазандық пен дәліз арқылы байланысты ғимараттың шығыс жағындағы, мұнараға көтерілетін баспалдағы бар шаршы бөлме оңтүстіктегі шұғыл ойық есебінен созылыңқылау болып көрінеді. Құдықхананың аты осындағы құдықпен байланысты. Құдық құрылыс кезінде су алу үшін қазылған деген жорамал бар. Құдық айналдыра дөңгелете кірпіштен қаланған. Диаметрі — 80 см. Аталған құдықтан су алып Тайқазанды толтыратын болған.

Рабия Сұлтан Бегім кесенесі — ХV ғасырдың ескерткіші. Ахмет Ясауи кесенесінің оңтүстік шығыс беткейінен 60 метр қашықтықта орналасқан. Ескерткіш қатты қирағандықтан, 1980-ші жылдардың бас кезінде толығымен қайта қалпына келтірілді.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1034128
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар


Тоқаев Тұрсынбектің бас 3 min
Дінімізде ХЭЛЛОУИН (hal 8 min
Көкшетаулық студент уни 8 min
Осы араны басып көріңіз 9 min
Былтыр елордалық қонақү 12 min
Теннис: Елена Рыбакина 27 min
Бас мүфти: ТӘУЕЛСІЗДІКК 28 min
Осы араны басып көріңіз 29 min
Бүгін Президенттің төра 1 sagt
ЖҮРЕГІМ ТАЗА ДЕП НАМАЗ 1 sagt
Осы араны басып көріңіз 1 sagt
Теннис: Елена Рыбакина 1 sagt
Нұр-Мүбаракта жаңа оқу 1 sagt
Қарағандыда әйел адамны 1 sagt
24 қаңтар. Туған күн ие 1 sagt
ДІНДЕГІ БИДҒАТТЫҢ ТҮРЛЕ 1 sagt
Павлодар облысында ақ т 1 sagt
Намаз – ұлы құлшылық - 1 sagt
«Нұр-Сұлтан-Жезқазған» 1 sagt
ҚМДБ баспасөз қызметкер 2 sagt
Осы араны басып көріңіз 2 sagt
Бүгін Қазақстан қалалар 2 sagt
Бірнеше өңірде сабақтар 2 sagt
Яссауи кесенесіне кірпі 2 sagt
Осы араны басып көріңіз 2 sagt
АЙТ МЕЙРАМЫ ТОЙЛАНДЫ (ф 2 sagt
24 қаңтар. ҚазАқпарат к 2 sagt
Білім және ғылым минист 2 sagt
БІР КҮНДЕ – БІР ХАДИС ( 2 sagt
«Астана» медресе-коллед 3 sagt