Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-08-19580345151 %49 %
2019-08-20544275358 %42 %
2019-08-2111355329 %71 %

2020 жылы талаптарға сәйкес ауыл-аймақтан сүт тапсыру қиындап кетуі мүмкін - Қазақстан және әлемдегі



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: 24.kz ақпарат

Жолданған уақыты: 23:50 - 2019/08/13






Отандық сүт өңдейтін зауыттар да шикізат тапшылығын тартуы мүмкін. Себебі 2020 жылдан бастап елдегі 160-қа жуық кәсіпорын Кедендік одақтың техникалық талаптарына сәйкес келетін сүтті ғана қабылдайды.

Ал Қазақстан сүт одағының атқарушы директоры Владимир Кожевниковтың айтуынша, бүгінде ауыл-аймақтан жиналатын сүттің тең жартысы бұл талапқа сай емес. Өзекті мәселе қалай шешіледі?  

Қазіргі күні елімізде 160-қа жуық сүт зауыты бар. Олар жылына 1,5 миллион тонна сүт өңдейді. Шикізаттың басым бөлігі ауыл тұрғындарынан жиналады. Сондықтан сапасын қадағалау аса қиынға соғып отыр дейді кәсіпкерлер.

Дулат Әкпар, сүт зауытының директоры:

- Дайындалатын шикізаттың бір 75-77 проценті шағын шаруашылықтардан жиналып жатыр. Ол да бір үлкен проблема. Сондықтан мынау кооперативтерге бірігуі шағын шаруашылықтардың, бұл жақсы. Біраз қиыншылықтардың шешімі сол бірігу арқылы шешіледі деген ойдамыз. 

Әзірге Қарағанды облысында 30-ға жуық ауыл шаруашылығы кооперативі құрылып, сүт қабылдайтын арнайы бекеттер ашылған. Жыл соңына дейін тағы 10-ы іске қосылмақ. Мұнда тұрғындар тапсыратын сүттің сапасы мұқият тексеріледі. Микробиологиялық, соматикалық көрсеткіштері анықталады. 

Еркен Тәжібаев, ауыл шаруашылығы кооперативінің директоры:

- Бұл кісілер өздері суытып алып келеді ғой, сүзіп. Біздің еще өзіміздің фильтрлер бар жеке, сосын лавсан деген бар сүтті сүзетін, одан кейін лактан деген прибор сатып алғанбыз. Сонымен майлылығын қараймыз. Егер келмей жатса, алып келген кісіге сүтті қайтарамыз. 

Мамандардың айтуынша, кез-келген сүттің сапасы жоғары. Тек сиырды сауған кезде қарапайым тазалық ережелерін сақтау керек. Дер кезінде суыту қажет. Сонда өнімнің құрамы өзгермейді. Қазір Қазақстан сүт одағының өкілдері ауыл-ауылды аралап, тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізуді бастады. Арнайы «Жол картасын» әзірлеген. Себебі жаңа жылдан бастап отандық зауыттар сапасыз сүтті қабылдамайды. Кедендік Одақтың жаңа техникалық талабы сол. 

Владимир Кожевников, Қазақстан сүт одағының атқарушы директоры:

- Біз ауылдағы сауыншыларға оқу семинарларын өткіземіз. Тазалық ережелері туралы әзірленген түрлі бейнероликтерді көрсетеміз. Қысқасы сапалы сүт алудың жолдарын қарапайым тілмен түсіндіруге тырысамыз. Мәселен, сүтті пластмасс шелекке сақтауға болмайды. Бір сағат ішінде суыту керек. Егер сүтке шыбын түсіп кетсе, ол бір минутта 500 миллион бактерия таратуы мүмкін. Ең бастысы, егілген малды бірнеше күнге дейін саууға болмайды. Ондай сиырдың сүті адам ағзасына өте зиян. Осы жағдайлардың барлығын ескертеміз. 

Тұрғындар қазірден бастап Кедендік Одақтың жаңа талабына көшпесе, қаңтарда зауыттар шикізатсыз қалуы мүмкін. Себебі қыста сүт тапшы. Ақ болмаса, кәсіпорындар құрғақ сүтке тәуелді. Ал өкінішке орай, бүгінде оның 95 проценті сырттан жеткізіледі.

Авторлары: Ардақ Асылханұлы, Сайлау Игіліков

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=38&id=1034088
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар


Алмазбек Атамбаевты қам 16 sek
Желіде Назарбаевтың ән 10 min
Түркістанда Nur Otan-ны 19 min
Гүлшара Әбдіқалықова пр 20 min
Ер адам тойда құлап, қа 1 sagt
Қаралы үйдің шашылып ас 1 sagt
Израиль премьері жұбайы 1 sagt
Қостанайлық полицейлер 1 sagt
Алматыдағы Алма-Арасанғ 1 sagt
Айсұлтан Сейітов Nike к 1 sagt
Головкин келесі жекпе-ж 2 sagt
Алматы әкімі шығарған е 2 sagt
Қызылордада халықтың сп 2 sagt
Назарбаев Нұр-Сұлтан әк 2 sagt
Жөтелінің себебін білге 2 sagt
"Күтіңдер, келе жатырмы 3 sagt
Найзағай, жел, жаңбыр-б 3 sagt
Алматының орталық көшел 3 sagt
Үкімет басшысы Елбасыме 3 sagt
Шымкенттегі университет 3 sagt
Амангелді Кеңшілікұлы 3 sagt
Әл-Фараби мен тағы екі 3 sagt
"400-ден аса адам қатыс 3 sagt
Ресей Қазақстаннан келе 3 sagt
Израиль премьерінің әйе 4 sagt
Әміре Әрін | Әдебиет п 4 sagt
Ерлан Қожағапанов Алмат 4 sagt
Франция президенті Пути 4 sagt
СҚО-да мөңке балығы қыр 4 sagt
Италия Премьер-министрі 4 sagt