Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-08-21580410755 %45 %
2019-08-22656264749 %51 %
2019-08-2310151362 %38 %

СҚО-да шаруашылықтың жанармай құйылған екі көлігі жанып кетті



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 21:03 - 2019/08/13


СҚО-да шаруашылықтың жанармай құйылған екі көлігі жанып кетті

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысындағы шаруашылықтардың бірінде бүгін жанармай құйылған автоцистерна өртеніп, қатты желдің салдарынан қасындағы жүк көлігі де жанып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, өрт Мағжан Жұмабаев ауданы Қарақоға ауылы маңындағы «Жигалова Карагугинское» шаруа қожалының аумағындағы жанармай базасында шыққан. Өрт сөндіру қызметіне шақырту күндізгі 14.51 минут кеткенде түсті.


Оқиға орнына Булаев және Петропавл қалаларының өрт сөндірушілері: барлығы 19 маман мен 4 техника жұмылдырылды. Өйткені олардың жұмысын қатты жел қиындатып жіберген еді.

Мамандардың айтуынша, жалын шаруашылықтың жанармай базасында КАМАЗ автоцистернасынан дизель отынын ағызу кезінде шыққан. Қатты жел өртті өршітіп, қасында тұрған ГАЗ – 53 көлігін шарпыған. Салдарынан екі машина да жанып кетті.


Өрт сөндіру бөлімдерінің мамандары қызыл жалынмен шамамен 2,5 сағаттай алысып, сағат 17.39 минутта сөндірді. Жанармай сақталған ыдыстарға таралуына жол берген жоқ.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, адамдар дін аман. Әзірше өрттің шығу себебі және келген шығын мөлшері белгісіз.

 


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1034044
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар


Талапкерлер  ЖОО таңдағ 3 min
23 тамызда ауа райы қан 21 min
Бас имам Нұрлан Бекбола 24 min
Абай жазған Қарамола жа 1 sagt
Соңғы жарияланымдар | Қ 1 sagt
Таразда жыл соңына дейі 1 sagt
Атыраулық «Жасыл ел» са 1 sagt
Үндістан электронды сиг 2 sagt
Ислам институты 67 дін 3 sagt
Таразда жыл соңына дейі 4 sagt
Амазониядағы алапат өрт 4 sagt
«Барыс»  швейцариялық « 4 sagt
Атырау облысында жыл ба 5 sagt
Біржан Ахмер | Әдебиет 6 sagt
Тауға шыққан туристерге 6 sagt
Шымкентте үш ауысымды м 6 sagt
Гонконгта орта мектеп о 6 sagt
Павлодар облысында  175 6 sagt
Ақұштап Бақтыгереева | 6 sagt
23 тамыз, жұма күнге ар 7 sagt
Гонконгте ереуіл өтіп ж 7 sagt
Еуропа лигасы: «Астана» 7 sagt
22.08.2019 - Ақпарат - 7 sagt
Осы араны басып көріңіз 7 sagt
Елімізде химия өнеркәсі 7 sagt
Осы араны басып көріңіз 7 sagt
Жамбыл облысында ЖОО-да 7 sagt
Вакансиялар мен төлемде 7 sagt
Алматыда Орталық Азия ж 7 sagt
Атырауда өртенген театр 7 sagt