Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-08-24497243046 %54 %
2019-08-25515257448 %52 %
2019-08-26192131460 %40 %

Қорғаныс министрлігінде жаңа бөлімше құрылды - Қазақстан және әлемдегі соңғы жаңалықтар



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: 24.kz ақпарат

Жолданған уақыты: 20:40 - 2019/08/13



Қорғаныс министрлігінде жаңа бөлімше құрылды


Алғаш рет жүргізілген қызметтік талдау нәтижелерімен Қорғаныс министрлігі және Бас штаб орталық аппаратының құрылымын жетілдіру аясында бірнеше жаңа бөлімше құрылды.

Солардың бірі Стратегиялық талдау және дамыту департаменті. Департаментке Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын әзірлеу, соның ішінде Қарулы Күштердің құрылысы мен оны дамытуда, еліміздің әскери қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетін қамтамасыз етуде тұжырымдамалық тәсілді үйлестіру тапсырылды. Қорғаныс министрлігінің Стратегиялық жоспарын жүзеге асыру барысында Департаментке қаржы және материалдық ресурстарды, сонымен қоса ерекше назар аударуды талап ететін жетекші қызмет бағыттарын талдау және анықтауды бақылау жүктелді. Қауіпсіздікке қатысты болжанған тәуекелдер мен қауіп-қатерді ескере отырып, күш Қазақстан қорғаныс әлеуетінің, Қарулы Күштердің құрылысының сандық және сапалы өсуіне ықпал ететін оңтайлы шешімдерді іздеуге бағытталатын болады. Жаңа департаментті Саидмұрат Тәңірберген басқарады. Оның ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде, сондай-ақ қорғаныс-өнеркәсіп кешені шеңберінде стратегиялық жоспарлау саласында тәжірибесі бар. 1999-2002 жыл аралығында Саидмұрат Бапанұлы Қауіпсіздік Кеңесі хатшылығында сектор меңгерушісі, ішкі және әскери қауіпсіздік бөлімінде, сондай-ақ Хатшылық меңгерушісінің орынбасары лауазымдарында қызмет еткен. 2015 жылдан 2019 жыл аралығында Қауіпсіздік Кеңесі Хатшылығының меңгерушісі қызметін атқарды.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=38&id=1034035
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар