Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-08-21580410755 %45 %
2019-08-22656264749 %51 %
2019-08-2310151362 %38 %

Ақтөбеде өртенген автобус иесі үш жылға сотталды



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Ұлыт торабы

Жолданған уақыты: 19:50 - 2019/08/13


Түркістан облысы Сарыағаш аудандық соты Ақтөбе облысында өткен жылы қаңтарда өртенген жолаушылар автобусының иесі Ордухан Мехтиевті үш жылға соттады. Бұл туралы 13 тамызда облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлады. 2018 жылы қыста болған өрттен автобус салонында отырған 52 өзбек азаматы мерт болған еді.

Түркістан облыстық соты баспасөз қызметінің мәліметінше, Сарыағаш соты жәбірленушілердің талап арыздарын ішінара қанағаттандырған. Сот Ташкент тұрғыны, Қазақстан азаматы 46 жастағы Мехтиевті Қылмыстық кодекінің "Көлiк құралдарын сапасыз жөндеу немесе оларды техникалық ақауларымен пайдалануға шығару" бабы бойынша кінәлі деп, үш жылға бас бостандығынан айыруға үкім етті. Сотталушы жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша төмен мекемесінде өтеу белгіленген. Үкім күшіне енген жоқ, тараптардың апелляциялық шағым түсіруге құқығы бар. Бұл іс бойынша сот 24 сәуірде басталған еді.

Сотта Мехтиев өзіне тағылған айыппен келіспейтінін, кінәсін мойындамайтынын айтқан.

Ордухан Мехтиев 2018 жылы 20 қарашада Ташкенттің Сергелі ауданында ұсталып, 26 желтоқсанда Қазақстанға экстрадицияланған.

2018 жылы 18 қаңтарда Ақтөбе облысының Ырғыз ауданы Қалыбай ауылынан 10 километр қашықта Шымкент - Самара жолында жолаушылар автобусы өртенген. Билік орындарының хабарлауынша, автобуста барлығы 57 адам болған, олардың 52-сі қаза болған. Құрбан болғандардың барлығы – Өзбекстан азаматы. Екі жолаушы мен үш жүргізуші аман қалған.​

Кейін Ақтөбеде қылмыстық іс қозғалып, бес адам қамалған. Аман қалған үш жүргізуші биыл қараша айында бес жылға, автобусты жалға алған "Азия транзит сервис" компаниясының құрылтайшысы мен автобус механигі үш жарым жылға сотталған. Айыпталушылар тағылған айыптарды мойындамаған.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=53&id=1034013
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар


Атыраулық «Жасыл ел» са 1 sagt
Үндістан электронды сиг 2 sagt
Ислам институты 67 дін 3 sagt
Таразда жыл соңына дейі 3 sagt
Амазониядағы алапат өрт 3 sagt
«Барыс»  швейцариялық « 4 sagt
Атырау облысында жыл ба 5 sagt
Біржан Ахмер | Әдебиет 5 sagt
Тауға шыққан туристерге 5 sagt
Шымкентте үш ауысымды м 5 sagt
Гонконгта орта мектеп о 6 sagt
Павлодар облысында  175 6 sagt
Ақұштап Бақтыгереева | 6 sagt
23 тамыз, жұма күнге ар 6 sagt
Гонконгте ереуіл өтіп ж 6 sagt
Еуропа лигасы: «Астана» 6 sagt
22.08.2019 - Ақпарат - 6 sagt
Осы араны басып көріңіз 6 sagt
Елімізде химия өнеркәсі 6 sagt
Осы араны басып көріңіз 6 sagt
Жамбыл облысында ЖОО-да 7 sagt
Вакансиялар мен төлемде 7 sagt
Алматыда Орталық Азия ж 7 sagt
Атырауда өртенген театр 7 sagt
ҚР Кәсіподақтар федерац 7 sagt
Польшада жай түсіп, бір 7 sagt
«Сарыарқа» газ құбыры е 7 sagt
Сарапшы елорданың радиа 7 sagt
Бүгін Татарстан астанас 7 sagt
Еуропа лигасы. "Астана 7 sagt