Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-08-19580345151 %49 %
2019-08-20544275358 %42 %
2019-08-2112267427 %73 %

Ақтөбе облысынан ҚХР-ға мұздатылған сиыр етінің бірінші партиясы жөнелтілді



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 16:30 - 2019/08/13


Ақтөбе облысынан ҚХР-ға мұздатылған сиыр етінің бірінші партиясы жөнелтілді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «АкТеп» ЖШС-мен 20 тонна мұздатылған сүйексіз сиыр еті вакуумдық қаптамада Қытай Халық Республикасына жөнелтілді, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.

Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, аграрлық несие корпорациясы етті тұқымды ірі қара малды сатып алу арқылы асыл тұқымды шаруашылық-репродукторды қаржыландыруды жүзеге асырды. Қарыз сомасы - 9,3 млрд теңге.

Сондай-ақ Аграрлық несие корпорациясы мал бордақылау алаңын толтыру үшін тауарлық мал сатып алуды да қаржыландырды. Айта кету керек, ол ҚХР-ға жеткізіледі. Тауарлық мал сатып алу 2,13 млрд теңгеге жүзеге асырылды.

«Актеп» ЖШС үш жыл бойы Аграрлық несие корпорациясының адал клиенті болып табылады. Осы уақыт ішінде корпорация 13 мыңнан астам асыл тұқымды – төлдейтін мал басын сатып алуды қаржыландырды. Тек ағымдағы жылдың өзінде-ақ Австралиядан, АҚШ пен Ресейден 5 мыңнан астам асыл тұқымды ірі қара мал басы сатып алынды.


Аграрлық несие корпорациясы қаржыландыратын жоба қуатты Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарында төлдейтін ірі қара мал басын ұлғайтуды көздейді.

«Ақтөбе ет кластері» ЖШС - бұл жоғары сапалы сиыр етін өндіруге маманданған экспорттық-бағытталған ет комбинаты. Кәсіпорын ет кластері өндірісінің толық циклындағы соңғы аяқтаушы нысан болып табылады. Комбинат ет өңдеу саласына толық қызмет көрсетеді және өзінің бордақылау базасы бар «АкТеп» ЖШС-мен айрықша жеткізу шарты бар.

Сатып алынған мал ІҚМ бағуда тәжірибесі бар ауылдық кооперативтерге жалға берілетін болады. Орта есеппен бес шаруа қожалығынан тұратын бір кооперативке 1000 бас ірі қара мал беріледі.

Осылайша, «АкТеп» ЖШС тарапынан репродукторларды салуға күрделі жұмсалымдарсыз-ақ облыста жыл бойы бордақылау алаңына және ет комбинатына ет бағытындағы сапалы малдарды жеткізетін асыл тұқымды шаруашылықтар құрылатын болады.

Бүгінгі күні «Алашанкоу фуксин трейд», «Ситик», «Шенчжень Вей Джиа интернейшенел Трейд» компаниялармен ет жеткізу бойынша меморандумдарға қол қойылған. Болжамды жеткізу көлемі жылдың соңына дейін 4000 тонна сиыр етін құрайды.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1033909
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар


Министр ЖОО ректорларын 20 sek
Қайыр Рыскелдинов қызме 10 min
Алмазбек Атамбаевты қам 20 min
Желіде Назарбаевтың ән 1 sagt
Түркістанда Nur Otan-ны 1 sagt
Гүлшара Әбдіқалықова пр 1 sagt
Ер адам тойда құлап, қа 1 sagt
Қаралы үйдің шашылып ас 1 sagt
Израиль премьері жұбайы 1 sagt
Қостанайлық полицейлер 2 sagt
Алматыдағы Алма-Арасанғ 2 sagt
Айсұлтан Сейітов Nike к 2 sagt
Головкин келесі жекпе-ж 2 sagt
Алматы әкімі шығарған е 2 sagt
Қызылордада халықтың сп 2 sagt
Назарбаев Нұр-Сұлтан әк 3 sagt
Жөтелінің себебін білге 3 sagt
"Күтіңдер, келе жатырмы 3 sagt
Найзағай, жел, жаңбыр-б 3 sagt
Алматының орталық көшел 3 sagt
Үкімет басшысы Елбасыме 3 sagt
Шымкенттегі университет 3 sagt
Амангелді Кеңшілікұлы 4 sagt
Әл-Фараби мен тағы екі 4 sagt
"400-ден аса адам қатыс 4 sagt
Ресей Қазақстаннан келе 4 sagt
Израиль премьерінің әйе 4 sagt
Әміре Әрін | Әдебиет п 4 sagt
Ерлан Қожағапанов Алмат 4 sagt
Франция президенті Пути 4 sagt