Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-08-21580410755 %45 %
2019-08-22656264749 %51 %
2019-08-2310151362 %38 %

Қазақстандық аудиторлар АХҚО-да халықаралық дәрежеде білім алады



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 15:18 - 2019/08/13


НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Астана» халықаралық қаржы орталығы Бюросында қазақстандық аудиторлар үшін жаңа халықаралық бағдарлама басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы «АХҚО Әкімшілігі» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Ернұр Рысмағамбетов Ішкі аудит мәселелері бойынша алғашқы ұлттық конференцияда хабарлады.

Жаңа жобаны ҚР Қаржы министрлігі, АҚХО Бюросы және CIA (Certified Internal Auditor) халықаралық сертифкаттау тобы бірлесіп ұйымдастырады.

«Әзірге Бюрода қаржы, инвестиция, бухгалтерлік есеп және аудит саласында онға жуық бағдарлама бар. Жаңа 11 бағдарламаның негізгі міндеті - ішкі және сыртқы аудиторларды қайта даярлықтан немесе даярлықтан өткізіп, оларды халықаралық деңгейге шығару. Мұнда біз ересек адамдарды оқытамыз. Сондықтан, олардың санасынан қажетсіз білімдерді шығарып, жаңа білімге әзірлеу қажет», - деді Е. Рысмағамбетов.

Оның айтуынша, бағдарлама күзде басталады және оған дейін оқытушыларды дайындау жоспарланып отыр.

«Ең алдымен жергілікті оқытушыларды әзірлейміз, себебі олардың саны бізде жеткіліксіз. Күзде АХҚО Бюросы сабақ берушілерді даярлайды. Әрі қарай пилоттық режимде Қаржы министрлігімен бірлесіп, кішігірім топ құрамыз. Оның барысы жыл соңына дейін бақыланады. Содан кейін ғана, аудиторларды оқыту басталады», - деді АХҚО өкілі.

Сонымен бірге, Е. Рысмағамбетов Қаржы министрлігінің барлық аудиторларды қайта оқытуды жоспарлап отырғанын жеткізді. Оларды оқыту формасы әлі талқыланып жатыр.

«Шамамен алғанда, ақылы және тегін оқыту формалары болады. Әдетте біздің барлық бағдарламаларымызға білім алушы ақы төлейді және сынақты сәтті тапсырса, оның барлық шығыны қайтарылады. Алдағы бағдарламаға дәл осы тәсілді қолданамыз деп ойлаймын. Дегенмен, ағылшын тіліндегі халықаралық бағдарлама мемлекеттік қана емес, барлық ішкі квазимемлекеттік, жеке бизнес аудиторларына қолжетімді болады», - деді ол.

Ернұр Рысмағамбетов кез келген аудитордың АХҚО Бюросы базасында білім алып, халықаралық білікті ішкі аудитор мәртебесін ала алатынын еске салды.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1033868
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар


Атыраулық «Жасыл ел» са 1 sagt
Үндістан электронды сиг 2 sagt
Ислам институты 67 дін 3 sagt
Таразда жыл соңына дейі 3 sagt
Амазониядағы алапат өрт 3 sagt
«Барыс»  швейцариялық « 4 sagt
Атырау облысында жыл ба 5 sagt
Біржан Ахмер | Әдебиет 5 sagt
Тауға шыққан туристерге 5 sagt
Шымкентте үш ауысымды м 5 sagt
Гонконгта орта мектеп о 6 sagt
Павлодар облысында  175 6 sagt
Ақұштап Бақтыгереева | 6 sagt
23 тамыз, жұма күнге ар 6 sagt
Гонконгте ереуіл өтіп ж 6 sagt
Еуропа лигасы: «Астана» 6 sagt
22.08.2019 - Ақпарат - 6 sagt
Осы араны басып көріңіз 6 sagt
Елімізде химия өнеркәсі 6 sagt
Осы араны басып көріңіз 6 sagt
Жамбыл облысында ЖОО-да 7 sagt
Вакансиялар мен төлемде 7 sagt
Алматыда Орталық Азия ж 7 sagt
Атырауда өртенген театр 7 sagt
ҚР Кәсіподақтар федерац 7 sagt
Польшада жай түсіп, бір 7 sagt
«Сарыарқа» газ құбыры е 7 sagt
Сарапшы елорданың радиа 7 sagt
Бүгін Татарстан астанас 7 sagt
Еуропа лигасы. "Астана 7 sagt