Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-08-19580345151 %49 %
2019-08-20544275358 %42 %
2019-08-2111355329 %71 %

Қой-Таштағы оқиға: Атамбаев пен жақтастарына қандай айып тағылды?



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Ұлыт торабы

Жолданған уақыты: 14:50 - 2019/08/13


Қырғызстанның бас прокуратурасы бұрынғы президент Алмазбек Атамбаевқа Кой-Таштағы қақтығысқа байланысты айып тақты. Бұл туралы бас прокурор Откурбек Жамшитов бүгін, 13 тамызда хабарлады.

"Бүгін Атамбаевқа тәртіпсіздік ұйымдастыру, заңсыз қару айналымы, тергеуге кедергі келтіру, адамдарды кепілге алу, адам өлтіру, адам өлтіруге талпыныс жасау сияқты жеті қылмыстық айып тағылды" деді бас прокурор.

Жамшитовтың сөзінше, Атамбаев ұстау операциясы кезінде арнайы жасақ пен экс-президент жақтастары арасындағы қақтығысқа байланысты бірнеше қылмыстық іс қозғалып, бұрынғы президенттің кейбір жақтастарына да айып тағылған. Бас прокурор олардың тергеу изоляторына екі айға қамалғанын айтты. Қамауға алынғандар арасында Атамбаевтың бұрынғы кеңесшісі Фарид Ниязов, Қырғызстан социал-демократиялық партиясының өкілдері Алга Кылычев, Кыяз Исмаилов, Амантур Жамгырчиев бар. Олардың барлығы қазір Бішкек полициясының тергеу изоляторында отыр.

Атамбаев 8 тамызда жалғасқан операция кезінде өз еркімен билікке берілді. Оған жемқорлық айыбы тағылып, экс-президент 26 тамызға дейін қамауға алынды. Қазір оның ісі тергеліп жатыр.

27 маусымда Қырғызстан парламенті Алмазбек Атамбаевты экс-президент және тиіспеушілік мәртебесінен айырған. Кейін ІІМ Атамбаевты тергеуге шақыра бастады. Үш рет шақырту жібергенімен тергеуге бармаған Атамбаевты министрлік арнайы операция жүргізіп, күштеп әкелуді тапсырған.

Қырғызстанның бұрынғы президентіне қызметте жүріп жемқорлыққа жол берді, өкілетін асыра пайдаланды және заңсыз байыды деген сияқты жалпы саны бес айып тағылған. Прокуратура Атамбаев қылмыстық топтар арасында танымал Азиз Батукаевтың заңсыз босатылуымен байланысты істе куәгер ретінде танылғанын мәлімдеген.

Атамбаев бұл айыптардың бәрін жоққа шығарып, өзін тергеуге шақырудың саяси астары бар деп мәлімдеген. Ол Азиз Батукаевты босатуға қатысы жоғын да айтқан. Бішкек бұл айыптардың саяси астары бар дегенмен келіспейді.

Атамбаев Қырғызстанды 2011-2017 жылдары басқарған. Оның орнына билікке 2017 жылдың соңында сайлау жолымен Сооронбай Жээнбеков келген.​

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=53&id=1033855
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар


Гүлшара Әбдіқалықова пр 12 sek
Ер адам тойда құлап, қа 10 min
Қаралы үйдің шашылып ас 1 sagt
Израиль премьері жұбайы 1 sagt
Қостанайлық полицейлер 1 sagt
Алматыдағы Алма-Арасанғ 1 sagt
Айсұлтан Сейітов Nike к 1 sagt
Головкин келесі жекпе-ж 1 sagt
Алматы әкімі шығарған е 1 sagt
Қызылордада халықтың сп 1 sagt
Назарбаев Нұр-Сұлтан әк 2 sagt
Жөтелінің себебін білге 2 sagt
"Күтіңдер, келе жатырмы 2 sagt
Найзағай, жел, жаңбыр-б 2 sagt
Алматының орталық көшел 3 sagt
Үкімет басшысы Елбасыме 3 sagt
Шымкенттегі университет 3 sagt
Амангелді Кеңшілікұлы 3 sagt
Әл-Фараби мен тағы екі 3 sagt
"400-ден аса адам қатыс 3 sagt
Ресей Қазақстаннан келе 3 sagt
Израиль премьерінің әйе 3 sagt
Әміре Әрін | Әдебиет п 3 sagt
Ерлан Қожағапанов Алмат 3 sagt
Франция президенті Пути 3 sagt
СҚО-да мөңке балығы қыр 4 sagt
Италия Премьер-министрі 4 sagt
Азия чемпионаты: Волейб 4 sagt
"18 бен 25 қайтып келме 4 sagt
Альпинистерді іздестіру 4 sagt