Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-08-21580410755 %45 %
2019-08-22656264749 %51 %
2019-08-2310151362 %38 %

Ақтөбеде орыс мектептеріне сабақ беретін мұғалім тапшы



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 14:48 - 2019/08/13


Ақтөбеде орыс мектептеріне сабақ беретін мұғалім тапшы

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе облысындағы мектептерге 265 мұғалім жетпейді. Көбіне орыс мектептеріне сабақ беретін кадр тапшы, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстық білім бөлімінің басшысы Ләззат Оразбаева баспасөз мәслихатын өткізді. Ақтөбе облысы бойынша биыл 19,5 мың бала 1 сыныпқа барады. Олардың 13 мыңнан астамы құжаттарын тапсырып, мектеп жандарынан ашылған тегін дайындыққа баруға мүмкіндік алды.

«Қазір облыста 21 мектептің құрылысы жүріп жатыр. Оның 10-ы облыстық, 11-і республикалық бюджеттен қаржыландырылып жатыр. Осы оқу жылында 15 мектеп пайдалуға беріледі. Мектеп құрылысы өңірдегі үш апатты және жеті үш ауысымды білім ордасының мәселесін шешуге мүмкіндік береді. Негізі облыста 13 үш ауысымда мектеп бар», - деді облыстық білім басқармасының басшысы Ләззат Оразбаева.

Айта кетейік, Ақтөбе облысы бойынша 4, 9 және 10 сынып оқулықтары үшін бюджеттен 1,9 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінді. Биыл өңірде оқулық тапшылысы мәселесі туындамауы тиіс. Дегенмен қосымша дәптерлерді және мектеп алды даярлық тобының оқулығын ата-аналар өздері сатып алады.

Баспасөз мәслихатында кадр тапшылығы мәселесі де айтылды. Қазір облыста 265 мұғалімнің орны бос тұр. Көбіне орыс тілінде білім беретін мектептерде кадр тапшы.

«Орыс тіліндегі мектептерде бастауыш класс мұғалімі жетіспейді. Бізде педагогикалық колледж бен жоғары оқу орындары осы мамандық бойынша кадр дайындайды, бірақ бұл саланы таңдайтындар жоқ. Қазір орыс кластарына математика, физика, химия, география, орыс тілі мен әдебиетіне облыс әкімінің де гранты тағайындалды. Бірақ талапкер жоқ, ниет білдіргендер аз. Проблеманы шешу үшін балаларды мектептен дайындаймыз. Мәселен, педагог боламын деген балаларды 7 кластан бастап тәрбиелейміз», - деді облыстық білім басқармасының басшысы Ләззат Оразбаева.

Әзірге орыс сыныптарына сабақ беріп жүрген зейнеткерлер сол күйі жұмысын жалғастырады. Әрі Түркістан, Нұр-Сұлтан, Алматы секілді бірнеше қаладан келген кадрлар қыркүйекте жұмысқа кіріседі.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1033854
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар


Атыраулық «Жасыл ел» са 1 sagt
Үндістан электронды сиг 2 sagt
Ислам институты 67 дін 3 sagt
Таразда жыл соңына дейі 3 sagt
Амазониядағы алапат өрт 3 sagt
«Барыс»  швейцариялық « 4 sagt
Атырау облысында жыл ба 5 sagt
Біржан Ахмер | Әдебиет 5 sagt
Тауға шыққан туристерге 5 sagt
Шымкентте үш ауысымды м 5 sagt
Гонконгта орта мектеп о 6 sagt
Павлодар облысында  175 6 sagt
Ақұштап Бақтыгереева | 6 sagt
23 тамыз, жұма күнге ар 6 sagt
Гонконгте ереуіл өтіп ж 6 sagt
Еуропа лигасы: «Астана» 6 sagt
22.08.2019 - Ақпарат - 6 sagt
Осы араны басып көріңіз 6 sagt
Елімізде химия өнеркәсі 6 sagt
Осы араны басып көріңіз 6 sagt
Жамбыл облысында ЖОО-да 7 sagt
Вакансиялар мен төлемде 7 sagt
Алматыда Орталық Азия ж 7 sagt
Атырауда өртенген театр 7 sagt
ҚР Кәсіподақтар федерац 7 sagt
Польшада жай түсіп, бір 7 sagt
«Сарыарқа» газ құбыры е 7 sagt
Сарапшы елорданың радиа 7 sagt
Бүгін Татарстан астанас 7 sagt
Еуропа лигасы. "Астана 7 sagt