Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-12-082923931263 %37 %
2019-12-092218827250 %50 %
2019-12-101619695248 %52 %

Сүт импортын кеміту тұтынушылардың құқығын шектегенмен бірдей - «Сапа» бірлестігі



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 14:33 - 2019/08/13


Сүт импортын кеміту тұтынушылардың құқығын шектегенмен бірдей - «Сапа» бірлестігі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігі саласындағы «Сапа» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Әлиякпар Матишев отандық сүт өндірушілердің импортты реттеу туралы талабы орынсыз екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі таңда мемлекеттік органдардың бақылау-қадағалау қызметі түрлі регламенттермен шектелген. Осының салдарынан тұтынушы өндірушімен бетпе-бет қалып отыр.Біз соңғы бірнеше жыл бойы елдегі сүт өнімдерінің қауіпсіздігін бақылап келеміз. Өйткені, сүт өнімі елдің дастарханындағы негізгі тағамның бірі болып саналады. Сараптамалар нәтижесінде біз тұтынушылардың, әсіресе отандық өндірушілерге айтары көп екенін анықтадық», - дейді ол.

Бірлестік басшысы бүгінгі жағдайда сүт өнімдерінің импортын азайту тұтынушылардың құқығын шектегенмен бірдей екенін айтады.

«Тұтынушы үшін алған азығының қауіпсіз болғаны оның қай елде өндірілгенінен әлдеқайда маңызды. Отандық өндірушілер елдегі нарық шетелдік сүт өнімдеріне толып кеткенін мәселе ретінде көтеріп, мемлекеттен тиісті шара қолдануды сұрайды. Мәселені бұлай қарау орынсыз. Өйткені, отандық өндірушілер нарықты адал бәсеке аясында жаулап алуы қажет. Ал мемлекет тұтынушыны шетелдік қауіпсіз өнімдерді тұтынудан шектеу арқылы отандық өндірушілерді қолдау деген дұрыс емес. Бұл тұтынушының құқығын шектегенмен бірдей», - деді ол.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1033849
Пікірлер

Көрші сілтемелер