Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-08-21580410755 %45 %
2019-08-22656264749 %51 %
2019-08-2310151362 %38 %

Асхат Аймағамбетов мемлекет мектеп жетіспеушілігі мәселесін қалай шешетінін айтты



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақпарат

Жолданған уақыты: 14:24 - 2019/08/13


Асхат Аймағамбетов мемлекет мектеп жетіспеушілігі мәселесін қалай шешетінін айтты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мемлекет мектеп жетіспеушілігі мәселесін қалай шешетінін айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мектептегі орын жетіспеушілігі мәселесін біз Үкіметтің отырысында көтердік. Өздеріңіз білетіндей, мемлекет бүгінгі таңда бұл мәселеге ерекше назар аударып, қыруар қаражат бөліп жатыр. Қазіргі таңда еліміз бойынша 200-ге тарта жаңа мектеп салынуда. Мәселен, Нұр-Сұлтан қаласында туу мен көшіп келу көрсеткішінің саны артқаннан соң бала саны бір жылда 20 мыңға өседі. Сол секілді Алматы облысында бір жылдың ішінде үш ауысымды мектептердің саны 30-дан 53-ке көбейіп жатыр. Бұл тек туу көрсектішіне қатысты емес, көші-қонға байланысты мәселе. Сондықтан, бұл тарапта қазір министрлік жаңа мектептерді салу әдістемесін жасап жатыр», - деді Асхат Аймағамбетов Үкіметтің баспасөз орталығында.

Министрдің айтуына қарағанда, осыдан бірнеше жыл бұрын балабақша санының жетіспеушілігі өте өзекті мәселе болып тұрған.

«Балабақшалар бойынша жан басына қаржыландыру жүйесін енгізгеннен кейін қазіргі таңда балаларды балабақшамен қамту көрсеткіші жағынан 95,2 пайызға жеттік. Сондықтан, мектеп мәселесі бойынша жекеменшік мектептердің үлесін өсіруге үлкен назар аударудамыз. Қазіргі уақытта жан басына қаржыландыру механизмі дайын. Үкімет отырысында көрсеткендей, қысқа мерзімнің ішінде ғана 25 жаңа мектеп ашылып жатыр. Жыл соңына дейін біраз мектептер ашылады. Бірақ, ол да жетпейді. Сондықтан, қайта құру механизмін енгіздік», - деді министр.

Асхат Аймағамбетовтың айтуына қарағанда, мектеп құрылысы мәселесіне келгенде мәселен Нұр-Сұлтан қаласында жер тапшылығы проблемасы бар.

«Бірақ, дайын тұрған ғимараттар баршылық. Сол ғимараттар арқылы мектепке жағдай жасайтын болсақ, ғимараттарды да мектеп ретінде ашуға болады. Сол себепті, бұл өте кешенді мәселе. Министрлік тиісті шешім қабылдайды», - деді Білім және ғылым министрі.

Еске сала кетсек, бүгінгі Үкімет отырысынан кейін тілшілердің сұрағына жауап берген елорда әкімі Алтай Көлгінов мектеп бойынша қалада 17 мың орынның жетіспейтінін хабарлаған болатын.

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=3&id=1033844
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар


Абай жазған Қарамола жа 4 min
Соңғы жарияланымдар | Қ 9 min
Таразда жыл соңына дейі 9 min
Атыраулық «Жасыл ел» са 1 sagt
Үндістан электронды сиг 2 sagt
Ислам институты 67 дін 3 sagt
Таразда жыл соңына дейі 3 sagt
Амазониядағы алапат өрт 3 sagt
«Барыс»  швейцариялық « 4 sagt
Атырау облысында жыл ба 5 sagt
Біржан Ахмер | Әдебиет 5 sagt
Тауға шыққан туристерге 5 sagt
Шымкентте үш ауысымды м 5 sagt
Гонконгта орта мектеп о 6 sagt
Павлодар облысында  175 6 sagt
Ақұштап Бақтыгереева | 6 sagt
23 тамыз, жұма күнге ар 6 sagt
Гонконгте ереуіл өтіп ж 6 sagt
Еуропа лигасы: «Астана» 6 sagt
22.08.2019 - Ақпарат - 6 sagt
Осы араны басып көріңіз 6 sagt
Елімізде химия өнеркәсі 6 sagt
Осы араны басып көріңіз 7 sagt
Жамбыл облысында ЖОО-да 7 sagt
Вакансиялар мен төлемде 7 sagt
Алматыда Орталық Азия ж 7 sagt
Атырауда өртенген театр 7 sagt
ҚР Кәсіподақтар федерац 7 sagt
Польшада жай түсіп, бір 7 sagt
«Сарыарқа» газ құбыры е 7 sagt