Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-08-18525278840 %60 %
2019-08-19580345151 %49 %
2019-08-20260128763 %37 %

АРЫСТЫҚТАРҒА БЕРІЛЕТІН 100 МЫҢ ТЕҢГЕ ҚАШАН АУДАРЫЛАТЫНЫ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ | Қазақ газеттері



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақ газеттері

Жолданған уақыты: 13:18 - 2019/08/13




Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен аппарат жиыны өтті. Басқосуға Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму Бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев және аумақтық департаменттер басшылары мен Арыс қаласындағы құрылыс жұмыстарына жауапты еліміздің барлық облыстарынан келген өкілдер қатысты. Онда үстіміздегі жылдың 24 маусым күні Арыс қаласында орын алған төтенше жағдайдан бүлінген тұрғын үйлер, әлеуметтік нысандар мен жолдарда жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстары және кәсіпкерлер мен тұрғындарға көрсетіліп жатқан көмектердің жай-күйі талқыланды. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды. 

Индустрия және инфрақұрылымдық даму Бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаевтың сөзінше, Арыс қаласындағы 8634 тұрғын үйдің 7197-сіне төтенше жағдай кезінде зақым келген. Бүгінге дейін оның 6924-інде жөндеу жұмыстары аяқталған. Ал қалған үлердің құрылысы осы айда бітеді деп жоспарлануда.

Ал, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-на жүктелген әлеуметтік нысандардың бүгінге дейін 15-інің құрылысы аяқталып тапсырылған. Аталған қордың басқарма басшысының орынбасары Арман Жетпісбаев қалған нысандардың жөндеу жұмыстары тамыз айының соңына дейін түгел аяқталатынын айтты.

Жалпы жоспар бойынша Арыс қаласындағы 62 көше жөндеуден өтетін болса, қазір 45 көшеде құрылыс жұмыстары жүруде. Бүгінге дейін 6-уы ел игілігіне тапсырылып, тағы 10 көшенің жұмысы толық аяқталу алдында тұр. Қалада 26 аялдаманың 6-уы заманауи аялдамаларға ауыстырылды. Анықтау жұмыстарының нәтижесінде қосымша жаңадан 8 аялдама қою қажеттігі белгілі болған.

Сондай-ақ, жиын барысында төтенше жағдай кезінде шығынға батқан бизнес өкілдеріне де тиісті көмектер беріліп жатқаны мәлім болды. Мәселен қаладағы 536  кәсіпкерлік нысанның 509-на жарылыс кезінде материалдық шығын келген. Оларға «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының тарапынан қаржылай қолдаулар және 6 мыңнан астам әртүрлі көмектер көрсетілген.

Одан бөлек, төтенше жағдайдан зардап шеккен арыстықтарға бір реттік өтемақы төлеу мақсатында 57 мыңнан астам тұрғынның мекен-жайы анықталған. 18 жастан асқан азаматтардың төлем карточкалары түгел дайындалып, 5 тамыздан бастап таратыла бастаған. Бүгінге дейін азаматтардың 85 пайызы өз төлем карточкаларын алған. Қалған тұрғындар 9 және 15 секторларда орналасқан мектеп пен балабақшадан барып алуға болады. Карточкалар толығымен таратылып болған соң, тиісті қаржы аударылады.

Атқарылған жұмыстармен танысып шыққан аймақ басшысы әлі де жұмысты ширата түсу керектігін айтты. Жауаптыларға бірінші кезекте құрылыс жұмыстарын қажет ететін тұрғын үйлердің мәселесін тездетіп шешуді тапсырды. Сондай-ақ, әлеуметтік нысандар мен жолдардың құрылыс жұмыстары және тұрғындар мен кәсіпкерлерге көрсетілетін көмектер жоспарға сай дер кезінде көрсетілуі керек екенін ескертті.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=6&id=1033809
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар


Жоғалған альпинистерді 1 min
Министр Павлодар облысы 3 min
Бейбіт Атамқұлов Герман 7 min
Батырхан Дәрімбет: &quo 12 min
Жүңгөнің лаостағы елшіх 13 min
Яу и-ан ысылған емшілік 13 min
Ақмола облысы шығармашы 13 min
Тянь-Шань тауында жоғал 16 min
Қажылық сапар Қазақстан 19 min
Санжар Жаркешов Экологи 22 min
Алтай ауданында жоғалға 23 min
Үндістандық әйел ұлының 28 min
Алматыда тағы бір жаңа 28 min
Энтони Флю: "ДНК - 28 min
Данат Жумин жаңа қызмет 1 sagt
Қізмет орнында жәуәпкер 1 sagt
«Ағылшын тілін оқытуды 1 sagt
Қазақстан жыл басынан б 1 sagt
Қазақстанда азық-түлік 1 sagt
Санжар Жаркешов Экологи 1 sagt
Полки «бесплатных проду 1 sagt
Назарбаевтың Үшқоңыр бө 1 sagt
ЖОО ректорларын тағайын 1 sagt
Әнглядәғі жүңгө қандаст 1 sagt
Анастасия Галееваның өл 1 sagt
«Хабар» Агенттігі» АҚ Б 1 sagt
Анастасия Галееваның өл 1 sagt
Ерлан Бекхожин жаңа қыз 1 sagt
Бердібек Сапарбаев виц 1 sagt
Саяхат ортасын абзалдан 1 sagt