Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-08-18525278840 %60 %
2019-08-19580345151 %49 %
2019-08-20229117763 %37 %

Биыл 405 мыңнан астам бала алғаш рет мектепке барады Біз сізді жарқын әлемге жетелейміз! Бізге қосыл



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Массагет мақалалары

Жолданған уақыты: 13:15 - 2019/08/13


Биыл 405 мыңнан астам бала алғаш рет мектепке барады Біз сізді жарқын әлемге жетелейміз! Бізге қосыл! Біз сізді жарқын әлемге жетелейміз! Бізге қосыл!


Биыл 405 мыңнан астам бала алғаш рет мектепке барады

Биылғы оқу жылында 3 миллионнан астам бала білім алады. Оның ішінде 405 мыңнан астамы алғаш рет мектеп табалдырығын аттайды. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты.

"Білім және ғылым министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, жаңа оқу жылына дайындалу бойынша жүйелі жұмыстарды жүргізіп жатыр. Оның ішінде: оқулықтармен қамтамасыз ету жұмысын жүргізу, білім беру нысандарын пайдалануға беру, балаларды тасымалдауды ұйымдастыру мәселелері", - дейді министр. 

А. Аймағамбетов сондай-ақ мектепке дейінгі ұйымдар мәселесіне де тоқталды.

"Мектепке дейінгі тәрбие бойынша, 2018 жылғымен салыстырғанда, мектепке дейінгі ұйымдар желісі 279-ға көбейіп, контигент 906 мың балаға жетті. 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту 95,2% құрайды. Қабылданған шараларға қарамастан, Нұр-Сұлтан, Шымкент, Алматы қалаларының, Түркістан мен Алматы облыстарының мектепке дейінгі ұйымдарында кезек әлі де сақталуда. Мемлекеттік балабақшаларға жөндеу жұмыстары жүргізілген. Күрделі жөндеу 49 балабақша бойынша қарастырылған. Оның 33-інде күрделі жөндеу қазіргі уақытта аяқталды. Қалғандарының жөндеу жұмыстары тамыз айының соңында шегіне жетеді. Жалпы, мектепке дейінгі ұйымдар жаңа оқу жылына дайын", - дейді Асхат Аймағамбетов.

Оның айтуынша, 405 мыңнан астам бала мектеп табалдырығын алғаш рет аттайды.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=41&id=1033807
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар