Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-08-21580410755 %45 %
2019-08-22656264749 %51 %
2019-08-2310151362 %38 %

«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары тағайындалды | Қазақ



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Қазақ газеттері

Жолданған уақыты: 13:12 - 2019/08/13




Түркістан облысының әкімі, «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының төрағасы Өмірзақ Шөкеев филиал аппаратымен және бюро мүшелерімен жиын өткізіп, «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасарын таныстырды. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды. 
«Nur Otan» партиясы Облыстық филиалы Саяси кеңес Бюросының № 020 қаулысын негізге ала отырып, «Nur Otan» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің 2019 жылдың 9 тамыздағы №148 бұйрығымен Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары лауазымына Тәжібаев Бейсенбай Дәулетұлы тағайындалды.
«Халықпен ашық және кең деңгейдегі диалог орнатуды қайта ұйымдастырып, атқарушы билік пен қоғам арасындағы қарым-қатынастың ашықтығын қамтамасыз етуде партияның ролін күшейтуді тапсырамын. Тұрғындардан келіп түсетін арыз-шағымдарды қарауды және нәтиже шығаруды, тиісті мемлекеттік органдардың басшыларын, депуттаттық корпусты, фракция мүшелерін тарта отырып, күшейту қажет. Арыста орын алған жағдайға қатысты мемлекет тарапынан жасалынып жатқан жұмыстарды елге түсіндіруді белсенді түрде жүргізу керек. Бұл ретте Бейсенбай Дәулетұлы партиялық жобаларды іске асыруда біліктілігін көрсете біледі деп сенемін», — деді облыс басшысы.
Облыстық филиал төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалған Тәжібаев Бейсенбай Дәулетұлы 1982 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.
Мамандығы — журналист, құқықтанушы.
Еңбек жолын 2002 жылы «Шымкент келбеті», «Панорама Шымкента» ЖШС газеттерінің тілшісі болып бастап, 2005-2017 жылдары аралығында Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикалық телерадиокорпорациясы» АҚ облыстық филиалының редакторы, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты баспасөз қызметінің басшысы, «Оңтүстік Қазақстан» қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы, «Айқын-Литер» ЖШС «Айқын» газетінің Астана қаласындағы тілшілер қосының жетекшісі, «Елордалық «Астана» журналы» ЖШС редакциясының Бас редакторы, Түркістан облысы әкімі аппараты баспасөз қызметінің басшысы — баспасөз хатшысы лауазымын атқарды.
2018 жылдың тамыз айынан бастап Түркістан облысы ішкі саясат басқармасының басшысы қызметін атқарған.


Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=6&id=1033805
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар


23 тамызда ауа райы қан 11 min
Бас имам Нұрлан Бекбола 14 min
Абай жазған Қарамола жа 24 min
Соңғы жарияланымдар | Қ 29 min
Таразда жыл соңына дейі 29 min
Атыраулық «Жасыл ел» са 1 sagt
Үндістан электронды сиг 2 sagt
Ислам институты 67 дін 3 sagt
Таразда жыл соңына дейі 3 sagt
Амазониядағы алапат өрт 4 sagt
«Барыс»  швейцариялық « 4 sagt
Атырау облысында жыл ба 5 sagt
Біржан Ахмер | Әдебиет 6 sagt
Тауға шыққан туристерге 6 sagt
Шымкентте үш ауысымды м 6 sagt
Гонконгта орта мектеп о 6 sagt
Павлодар облысында  175 6 sagt
Ақұштап Бақтыгереева | 6 sagt
23 тамыз, жұма күнге ар 6 sagt
Гонконгте ереуіл өтіп ж 7 sagt
Еуропа лигасы: «Астана» 7 sagt
22.08.2019 - Ақпарат - 7 sagt
Осы араны басып көріңіз 7 sagt
Елімізде химия өнеркәсі 7 sagt
Осы араны басып көріңіз 7 sagt
Жамбыл облысында ЖОО-да 7 sagt
Вакансиялар мен төлемде 7 sagt
Алматыда Орталық Азия ж 7 sagt
Атырауда өртенген театр 7 sagt
ҚР Кәсіподақтар федерац 7 sagt