Еларна қолфон нұсқасына ену

Жүктеу-Албомым-Албомдар-Желі
Осы торды сақтаймын! | Осы торды бас бет етемін!

Біздің байланыс: elarna2012@gmail.com

Үш күнгы келушылер санағыКелген адам саны (IP)Көрілген бет саны (PWs)КомпйутерҚолфон
2019-08-18525278840 %60 %
2019-08-19580345151 %49 %
2019-08-20229117763 %37 %

Мерекеге ресейлік әншілер ғана шақырылған жоқ



Тіркеліңіздер Кітапхана Қожалар торабы Албомдар Қазақтың 1001 ертегісі

Түрі: Абай ақпарат

Жолданған уақыты: 13:00 - 2019/08/13



7 тамыз күні Abai.kz ақпараттық порталында қостанайлық авторымыз Жайберген Болатовтың "Көршіміздің көлеңкесіне айналдық" атты мақаласы жария болды. Онда Қостанай қаласының туған күнін атап өту үшін ұйымдастырушылар Ресейден жұлдыздар шақырып жатқаны баяндалған.

Ал кеше порталымыздың электронды поштасына Қостанайдан үшбу-хат келіп түсті. Онда қала күнін ұйымдастыру комитеті журналист Жайберген Болатовтың мақаласына жауап жазған екен. Қала күнін атап өтудің жай-жапсарына тоқталып, мерекелік бағдарламаны таныстырыпты. Бүгін ұйымдастыру комитетінің уәжін назарларыңызға ұсынамыз!

Редакция


Жайберген мырза!

Қаламыздың туған күні тақырыбына көңіл бөліп, мақала арнағаныңызға рахмет. Алайда мақалаңызда мерекелік бағдарламаға тек Ресей жұлдыздары қатысатындығы туралы жазғаныңыз өкінішті. Себебі, аталмыш мерекеге тек ресейлік жұлдыздар ғана емес, өз еліміздің танымал өнер иелері де атсалысатын болады. Қостанай қаласының 140 жылдығын мерекелеу аясында қала тұрғындары мен қонақтарына түрлі жанрдағы қызықты әрі мазмұнды мәдени бағдарлама ұсынылмақ. Бағдарламаға толығырақ тоқталсақ:

Қостанайдың туған күніне орай 16-17 тамыз аралығында қаланың бірқатар аудандарында 30-ға жуық іс-шара өтеді. 16 тамыз күні «Қостанай – Плаза» СО алаңында «Ұлы даланың ежелгі әуендері» этникалық ән фестивальі болады. Бұл фестивальдің көркі болып, Алматы қаласынан «Ұлытау» тобы, Нұр-Султан қаласынан «DiArt Stylt» тобы, Башқұрт елінен «Құрайсы» тобы келіп өнер көрсетеді. Осы алаңда 17 тамыз күні «Ұлы дала өркениеті» көрмесі ұйымдастырылады. Оған еліміздің әр түкпірінен және Қостанай қаласының қолөнер шеберлері қатыспақ. Бұлардың әрқайсы халықаралық деңгейде үлкен жетістіктерге жеткен, өз ісінің хас шеберлері. Дәл осы жерде Нұр-Сұлтан қаласынан шақырылған қонағымыз әнші, композитор Тоқжан Мұратованың ән кеші өтеді.

Биыл Жастар жылы қарсаңында салынған «Жастар сарайы» зәулім ғимаратында 16 тамыз күні сағат 19.00 «Шәмші әлемі» концерттік бағдарламасы өтеді. Көркемдік жетекшісі Алматыдағы Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрының дирижері Мұхтар Қалдаяқов.

Бұған қоса, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасының Мәдениет саласының үздігі, композитор, орындаушы Ұлықпан Жолдасов және «L-LINE» триосының концерттік бағдарламасы сағат 20.00 Гашек көшесі бойындағы жағалауда ұйымдастырылмақшы.

Облыс әкімдігі алдыңдағы алаңда «Ару қалам - Қостанайым» кешкі бағдарламасының аясында сүйікті әншіміз, жерлесіміз Сүндет Байғожинмен қатар еліміздің танымал әншісі Қайрат Баекенов пен «Формат» тобы өнер көрсетеді. Сондықтан мерекеге тек ресейлік әншілер шақырылды деу қателік.

Ал ресейлік жұлдыз Митя Фоминнің аталмыш мерекеге шақырылу себептерінің бірі - ұлтаралық қатынасты нығайту. Өйткені Қостанай қаласы халқының басым бөлігі орыс ұлтының өкілдері. Ресейде бұл әншінің аты ұмыт болғанымен, әндері халық жадында әлі де сақталған. Оған төленетін қаражат та ақылға қонымды. Бұл бюджет қаржысын оңтайлы жұмсаудың бір тәсілі. Ал шетелдік белгілі әртістерді шақыру - қыруар қаражатты желге ұшырумен тең.

Концерттік бағдарламамен қатар, түрлі спорттық іс-шаралар өткізу жоспарлануда.  Гашек көшесі бойындағы жағалауда Кудо бойынша «Чемпиондар шайқасы» чемпионаты, «Қостанай – Плаза» СО алаңында «Жекпе-жек» ұлттық жарысы өтпекші. Оған еліміздің әр өңірінен спортшылар қатысатын болады.

Мерекелік іс-шаралардан бөлек 140 жылдық мерейтой құрметіне қаламызда бірқатар нысанның құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Атап өтсек, «Юбилейный», «Аэропорт» шағын аудандарындағы тұрғын үйлер, «Тобыл арена» футболдық манежы, жаңа бассейн, Мұз сарайы, 4 көпқызметті корт, 30 футбол алаңы және жаттығу құрылғылары мен 30 алаң. Сонымен қатар, Тәуелсіздік және Абай көшелеріндегі үйлердің қасбеттері жаңартылып жатыр. Ал 1 қыркүйекте Аэропорт шағын ауданында 900 орындық аралас мектеп өз есігін айқара ашпақ.

Жастарға рухани тәлім-тәрбие беретін мәдени нысандар да назардан тыс қалған жоқ. Халқымыздың ағартушы ұстазы Ыбырай Алтынсарин кесенесі де жаңа кейіпке енді. Елімізге, қаламызға еңбегі сіңген біртуар азаматтарға араналған ескерткіштер бой көтерді. Соның бірі Елбасы ұсынған «Туған жер» бағдарламасының шеңберінде ұйымдастырылып, елдікті көрсетер Шақшақ Жəнібектің сəулетті ескерткіштін қаланың кіреберісіне қойғанымыз да бекер емес. Қалаға келген қонақтар Тархан бейнесіне қарап, қазақ батырының рухын бойына сіңіреді. Жəнібек ердің құнын екі ауызбен шеше алатын көсем болған деседі. Жас ұрпақ мұны білуі тиіс деген ойдамыз. Осындай жұмыстарды неге көрсетіп жазбасқа?!

Қостанай жерінің тумасы, еліміздегі тұңғыш мүсінші, Қазақстанның халық суретшісі, ұлттық кәсіби мүсін өнерінің негізін салушылардың бірі - Хакімжан Есімханұлы Наурызбайға арналған ескерткіштің ашылу салтанаты 17 тамыз күні Алтынсарин және Пушкин көшелерінің қиылысында өткізіледі.

Қала күні көз тоярлық, көңіл қуантарлық талай жақсы игі істер орын алмақ. Қаламыздың 140 жылдық мерейтойын атап өтуге, жоғарыда аталған іс-шаралардың куәгері болуға Сізді, қала тұрғындары мен қонақтарын шақырамыз.

Ұйымдастыру комитеті

Abai.kz

Нақты қайнары: http://www.elarna.net/koru_kk.php?tur=51&id=1033796
Пікірлер

Көрші сілтемелер

Ең жаңа мақалалар